Blogs
Қазақ батырлары
Байзақ батыр: осы Қоқанға қыз бермейміз деп, сонау бір жылы қол көтергенде, біз сенің әкең Әлімбек батырға ергенбіз. Ердің тұқымы екенсің, Жылқайдар. Ал мына Шоқанды енді саған тапсырдым. Қасына ер. Төреге біраз күн атқосшы болсаң мұртың сынып қалмас!- деді Байзақ жас жігіттің сүп- сүйір қияқ мұртына сүйсіне қарап: - Екеуіңнің мұрттарың ұқсас екен, тез табысып кетерсіңдер деген екен. Ақ боз атты ару С. Бақбергеновтың кітабында
Осы тұста, Әлімбек батыр еріксіз Шерхан атаның Қызыл жебе атты кітабын еске түсірді. Байзақ батыр Әлімбек батырды іздеп ауылына келсе, Әлімбек батыр лашық сынды үйден шықса керек. Байзақ батыр сенер сенбес ау, мынау Әлімбек батырдың үйіме? дегенде Әлімбек батыр саспастан
Жауға шапсақ батырмыз.
Уйде жүрсек пақырмыз
Қатын ауру, бала жас
Тары түйіп жатырмыз
деген екен.
Сол Әлімбек батырдың кейінгі ұрпағы Рысқұл батырдың ұлы Тұрар. Сталинның түкірігі жерге түспей тұрған шақта жұрт алдында Сталинде қателеседі деген екен. Шоқан мен Тұрарға ортақ тұлғалық қасиеттерді көріп отырмын. Батыр бабалары білекпен алса, бұл азаматтар біліммен алды.
Әлімбек батырдың жұпыны жағдайын оқығанда туған шабыттан жазылған өлең мынау
Батыр бабаларым
Атилла шауып батысты,
Римге де жетті ғой,
Иранды жүз жыл билеген
Жалайырлар өтті ғой.
Үндіні билеп Бабырлар,
Мысырды баурап Бейбарыс,
туған жерге бір аунап
өмірден озып кетті ғой.
жау шапса болған түйіндей,
құйын боп маңы бұркырап!
Ерлері болса үйін боп,
арманда болған ер ушін,
бабадан қалған жер ушін,
батырлар өткен күйінбей!
жаудың беті қайтқан соң,
батырлары пакыр боп,
қатын ауру бала жас
отырған тары түйіндеп.
Мактауда, мадақ қаламай
Дүниемен жыртық жамамай,
Тәуекел болған ұраны!
Батырлар өткен тақыр боп,
Кіші жүз бөкей ордасынан
Махамбетпен, Исатай,
Абылайдың аясынан,
қанжығалы Бөгенбай
Қаракерей Қабанбай,
Есім хан Жәңгір саясынан
Ағатаймен Қарасай!
Алатаудың баурайынан,
Шапырашты Наурызбай!
Бұқар жырау жырға қосқан,
Шақшақұлы Жәнібек,
Іргелі Қарай Тілеуке,
Қарақалпақ кылбек,
Текеден шыққан Смайман,
Жаудың жықкан тұрағын!
Жаудың жұтып ұранын!!
Мына жатқан даланың,
Мәңгі жаққан шырағын!
Отанға қызмет иманнан!
Не пайда дүние жиғаннан!?
Казақтың қазақ болуы,
Бауыржандай батыр ұлдардан!
Ерлері елім деп тұрғаннан!
Белдерін бекем буғаннан!
Рысқұлдан Тұрар туғаннан,
Құйын боп өткен өмірі,
Күрестен ғана құралған!
Түбімз түрк деп ұрандап,
Дініміз Ислам, Құрандеп
Шоқайдан туған Мұстафа
құздан құлады қыран боп
Кең дала куә сыр ақтарды,
Есіл ердің жұрнақтары,
Сәкен, Мұхтар, Әлихандар
Абақтыға құракталды,
Қанша жауды жеңсе дағы,
Имансыз сайқал саясаттың,
Улы еді құрықтары.
Аз болмады құрбандары.
Басы сайран
Ақыры ойран,
Бабалар өткен
Ұрпағын ойлап!
Қайраты қыран!
Қайғысы жылан,
Қарттары арыс,
Батыры барыс,
болмаса еді,
заманым қоян,
барымен болған, тарымен тойған,
киялың қысыр,
арманың ада,
қазақ елім болдың азат!
Ләззат Мырзаш