Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
GENIALOGY
Қазақ қаламгерлерінің ұстазы болған татар жазушысы

Blogs

15.02.2019
6828

Қазақ қаламгерлерінің ұстазы болған татар жазушысы

Қазақ қаламгерлерінің ұстазы болған татар жазушысы

  

 

М. Жұмабаев, Б. Майлин, Ж. Тілепбергенов т. б. қазақ жазушыларының ұстазы болған татар жазушы – Ғалымжан Ғирфанұлы Ибрагимов (1887-1938).

  

 

Қазақ аулында мұғалімдік қызмет атқара жүріп, қазақ тілін жетік меңгерген ол туысқан халық өмірінен «Қазақ қызы» атты роман жазды. И. Қазақтың ауыз әдебиеті, ұлы ақыны Абай жайында әр тұста аталы пікірлер айтқан. 1916 ж. «Аң» («Сана») журналының 5-санында жарияланған «Тіліміз әртурлі, ойымыз – бір тұтас»деген мақаласында қазақ халқының бай ауыз әдебиетін ұлы мұра ретінде бағалап, сол мұраны терең зерттеп, игеруге үндейді. «Қазақтар біраз уақыт татар мәдениеті мен әдебиетінен үйреніп келді. Алайда олар кешікпей дербес те даңқты жолға түседі. Бұл процесті ешнәрсе де тоқтата алмайды», - дейді. Біздің ұлттық әдебиетіміздің жаңа дәуірлеу бағытын ол Абай есімімен байланыстырады.

  

Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының ана тілінде қолжазба «Садақ» журналын шығаруға көмектескен Ибрагимов «Ешқашан да ешбір халықтың ана тілін тартып алып, оған өзге тілді телу табысқа жеткізіп көрген емес», - деп тұжырымдай келіп, бұған дәлел ретінде Абай поэзиясын келтірген. «Қазір Абай өлеңдері кең-байтақ қазақ даласына кең жайылған. Оларды халық аузынан түсірмей айтып жүреді» деген.


Share:      
Leave a comment: