Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Қазақ қызы-әдемі!

Blogs

31.05.2017
22917

Қазақ қызы-әдемі!

Қазақ қызы-әдемі!

Қазақ қызы - әдемі!

Домаланған бетінде жылылық бар,
Қағып-қағып қоятын қасы әдемі.
Қозғалғанда шашбауы ән салатын,
Қос өрімді арқада шашы әдемі.
Ренішін білдірмей тірі жанға,
Кірпігінен төгілген жасы әдемі.
Анасының ақ жолын жалғастырып,
Қонағына ұсынар асы әдемі.

Көрпе тігіп, майысып, құрақ жасап,
Ине-жіпті ұстаған қолы әдемі.
Ата-бабам құрметі төрді ұсынып,
Жіңішке деп нұсқаған жолы әдемі.
Аққу-қаздай таранған көл бетінде,
Жарасатын өзіне бойы әдемі.
Тұңғиығы теңіздің секілденген,
Жасыратын ішіне ойы әдемі.

Қолмен салып қойғандай қаламменен,
Бетінің ұшындағы меңі әдемі.
Мың бұралып билесе майысатын,
Бұраң бел деп жырлаған белі әдемі.
Сыңғырлаған шолпының үні бөлек,
Қамзолының алтынды зері әдемі.
Ақ білегін жасырған күн нұрынан,
Оюменен тігілген жеңі әдемі.

Именетін қарауға тіке бетке,
Қарағанда қиылып, көзі әдемі.
Имандылық есетін өн бойынан,
Сырласқанда айтатын сөзі әдемі.
Абай атам жырлаған өлеңінде,
Теңеу таба алмаған жыр әлемі.
Бұл әлемде сұлу көп, көп те шығар,
Қазақ қызы- ең сұлу, ең әдемі!


Share:      
Leave a comment: