Blogs
04.02.2019
6741
Қазақтың 300-ге жуық мақал-мәтелін жинап бастырған Мұхамед-Салық Бабажанов
Бабажанов (Қожасалық, Мұхамед-Салық) Қарауұлы
(1830-1871)
Ордада ашылған тұңғыш мұсылманша-орысша білім беретін Жәңгірхан мектебінде оқып, Орынбордағы Неплюев кадет корпусын 1845 жылы бітірген. Бабажанов Салық этнограф, тарихшы, географ ретінде Императорлық орыс география қоғамының хабаршысында, жинақтарда мақалалар жариялап тұрған.
«Түркістан уалаятының газетінің» 1876 жылғы 28-33 сандарында, 1877 жылғы 10-12 сандарында қазақтың 300-ге жуық мақал-мәтелін жиап бастырған. «Ташкент қаласында қызмет қылып тұрушы Қожасалық Бабажанов біздің газетке басып шығаруға Орта жүздің Бөкей ордасында жиған қазақтың мақал сөздерін берді» деген кіріспе сөзбен басталған мақал-мәтелдер алғашқы баспа бетін нұсқалар ретінде құнды.
Share:
Leave a comment: