Blogs
01.12.2017
5471
Қош болыңыз, ақын ата, Мұз-ата
Қош болыңыз, ақын ата, Мұз-ата,
Өлеңі – биік шың, терең құз ата,
Әдебиеттің, ақындардың төрінде
Жұлдыз боп аты сөнбейді ешқашан да,
Жетімдікті, қан жосаны да көрген,
Туған жерін жырлап, даңқын көтерген,
Дүниенің ақындардың өленін,
Аударды да тілімізде сөйлеткен
Майдан кешкен, соғыс көрген ер еді,
Сөзі – маржан, намысы – өр шер еді,
Балаларға өнегелі жыр жазып,
Дана абыз, ақын ардагер еді
Share:
Leave a comment: