Blogs
ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ МЕН ЗЕРГЕРЛЕР БАС ҚОСҚАН КИЕЛІ ОРДА
Адам баласының тылсым әлемінің, жан дүниесінің тереңіне үңіле отырып, табиғаттың тылысымына жетелеген қылқалам шеберлері мен зергердің қыр-сырын ұққан және темірден иін иген щеберлер кітапханада бас қосты.
Бас қосуларының басты себебі, өскелең ұрпақтың қамы, шығармашылықтың шыңын бағындыру. Бүгін осы мақсатта яғни, 11 тамыз күні, кітапханмызда отандық және шетелдік авторлардың туындылары бойынша кітап суреттері мен безендірулерінің қайырымдылық көрме-аукционы болып өтті.
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық көрме-аукционында қазақстандық танымал суретшілердің сурет картиналары мен иллюстрациялық тың шығармалары қалың жұртқа жол тартты.
Көрме-аукционның мақсаты – мәдени мұраны сақтау және коллекциялау үшін жағдай жасау, сондай-ақ, қазақ қоғамын өнер әлеміне назарын аудару. Сондай-ақ, ашылу салтанатына 2017 жылы мерейтойы тойланатын суретшілер мен иллюстрация авторлары шақырылды.
Көрме барысында суретшілер мен иллюстрация авторларының келісімі бойынша, оқу залын ашу және мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы оқу жылына арналған құрал-жабдықтарын сатып алу үшін, картиналар аукционға қойылды.
Аталмыш көрмені ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры және танымал сурешілер мен көрмеге қатысқан зергер мамандары және қонақтары сөз алып, игі істің қайыры қарымды екендігін тілге тиек етіп, дүйім жұртты тамашалау және қапы қалмауға шақырды. Естеріңізге сала кетейік, көрме-аукционы 1 жұмаға жалғасын таппақ.
Профессор – Ричард Григорий бір кездері суреттердің біртүрлі қасиеттерін былай деп сипаттған болатын: «Суреттер – нысандардың бірегей класы, себебі олар бір мезгілде және өз бетімен қағаз орнына қарағанда сурет ретінде салынғаны көбірек байқалады... Суреттер – мүмкін емес нысандар. Олар беймәлім дүниелерді көз алдыңызға әкеледі».