Blogs
10.06.2019
5064
Қызым Қымбатқа
Сен де міне, жақсы істерге жарадың
Жүрсің айтып жастық шақтың бал әнін.
Ұмыт болды сәби шағың кешегі
Мүлде есейіп үлкен болдың қарағым.
Оң-солыңды қалдың өзің танып та
Ұмтыласың керемет бір жарыққа.
Сен есейіп онда-мұнда барғанға
Дос-туысқа қалғандаймыз жарып та.
Сенен өзге болмағандай басқа өмір
Жылда есейіп өсуші едің жасқа бір.
Жұмысымнан шаршап ылғи келгенде
Деп тұрушы ең--әкетайым, асқа жүр.
Өмір, өмір ол да өз күйін толғайды
Тоқтамастан тіршілікті жалғайды.
Болса екен деп сөзді тыңдар жақсы адам
Әкең шіркін армандады сол жайлы.
Қандай жақсы сол үмітті жаққаның
Биіктерге талмай қанат қаққаның.
Өзің барда мынау ғажап өмірден
Көрем жанған арманымның оттарын.
24.10.2016.
Share:
Leave a comment: