Blogs
Рухани жаңғыру
Рухани жаңғыру
Тарихта Алаш шалыс қадам баспапты,
Бүгін де елім жаңа бағдар бастапты,
Ол бағдарда Елбасымыз Нұраға,
Халқымызға жаңа ойлар тастапты.
Алаш елі армандаса асқарды,
Армандаса биік шыңды асқарлы
Мен жазбасам рух жаңғырар дәуірді,
Кім жазады мұндай ғажап дастанды?
Елімізде аты шулы тағы бір таң атыпты,
Бұл таңымыз ала келер бізге нағыз бақытты,
«Рухани жаңғырудың» саясаты арқылы
Жас еліміз болашақта куәсі болар шаттықтың.
Бұл жаңғыру – жаңғырту қайта ғұрыпты,
Бұл жаңғыру – ашу әлемдік құлыпты,
Жаңғырту үшін мәдениетін ұлтымның,
Көшбасшымыз жаңа жоспар құрыпты.
Бұл жаңғыру - құру жаңа өмірді,
Бұл жаңғыру - жаңарту барша көңілді,
Алармыз біз бар жақсысын жаһанның
Жаһанның бар жақсысы бізге енді көрінді.
Бұл жаңғыру жаңаруды қолдайды,
Елімізде жаңарусыз даму жолы болмайды,
Елбасымыз жаңа әліпби енгізу
Дамудың бір бөлшегі деп ойлайды.
Бұл жаңғыру – ой-сананы кеңейту,
Қазағымның терезесін барша елмен тең ету,
Құндылығын өз бойына сіңірген,
Ел шаңырақ керегесін кең ету.
Бұл жаңғыру – жаңғырту қайта тарихын қазақ елінің,
Бұл жаңғыру – жаңғырту атын зиялысын жерімнің,
Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,
Мойындату бар әлемді ғажабына қазақтың.
Бұл жаңғыру –сауапты іс, сауапты,
Бұл бағдарға әрбір қазақ жауапты,
Міндетіміз ортақ біздің әрқашан
Тәрбиелеу азаматты сауатты.
Тәуелсіз ел - Қазақстан – ардағым,
Орындалсын сенің асқақ арманың,
О-о-о, Тәңірім, қолдай көрші болашағын елімнің!
Орындай гөр Елбасымның арманын.