Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Санкт-Петрбургте «Абай» орталығы ашылды

Blogs

31.12.2020
3553

Санкт-Петрбургте «Абай» орталығы ашылды

Санкт-Петрбургте «Абай» орталығы ашылды

Ұлы қазақ классигі, ақын, философ-гуманист Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана Санкт-Петербург қаласының Ресей мемлекеттік кітапханасында «Абай» ақпараттық-мәдени орталығы ашылды.

 

Бұл – Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттау мақсатындағы шет елдерде «Абай» ақпараттық-мәдени орталықтарын ашу жобасының жалғасы.

 

-Осы орталықты ашу аясында Абай шығармаларынан кітап көрмелерін ұйымдастырдық. Оның ішінде ұлы ақынның бірнеше тілге аударылған шығармалары да бар. Атап айтатын болсақ, жақында ғана ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарық көрген «Абай» атты кітаптарды қойдық. Бұл кітаптарда ақынның шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылған болатын. Олар: ағылшын, араб, қытай, испан, итальян, неміс, орыс, түрік, француз және жапон тілдері. Аударма жинақтарға ақынның 145 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзі кірді. Одан бөлек абайтанушылар мен ақынның шығармалары бар кітаптарды көрмеге қойып отырмыз.Ұлы Абай рухы қолдай берсін!, – деді Үмітхан Мұңалбаева.

 

Сондай-ақ, орталыққа ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» 1,2,3,4 томдары, «Свет и Тень», «Преодоление», «Он делает историю» атты кітаптары берілді. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, дәл осы кітаптар орталыққа келушілердің назарын бірден аударды. Себебі, ел президентінің мемлекет басқарудағы бір жыл атқарған жұмысының қорытындысы, Қазақстанның сыртқы саяси бағытының қалыптасуы мен даму тарихыы, әлемдік саясаттану әдебиетіндегі тәуелсіз мемлекетіміздің дипломатиялық қарым-қатынастары жайлы және елбасы Н.Назарбаевтың ұлттық көшбасшы ретіндегі ерекше тұлғасы жайлы баяндалады.

 

Ақпараттық-мәдени орталықта Абай шығармалары мен ол туралы басылымдар берілген. Мұнда орталыққа әрбір келуші ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдарды, оның шығармаларының әлемнің түрлі тілдеріндегі еңбектері мен аудармаларын, белгілі абайтанушылар, филологтар мен жазушылардың зерттеулерін, электрондық және ноталық басылымдарды, Абай шығармаларының жинақтарын таба алады.

 

«Абай» орталығының ашылу салтанатына Ресей Ұлттық кітапханасының директоры Александр Вершинин, Санкт-Петербург және Ленинград облысының «Ата-Мекен «Қазақ ұлттық-мәдени қоғамы» аймақаралық қоғамдық ұйымының президенті Құспанов Сәрсенғали Аққулұлы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының басшысы, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева,  Санкт-Петербургтегі қазақстандық диаспораның, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде қазақстан диаспорасының өкілдері оқып, жас ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекзат Смағұловтың орындауында Абай әндері шырқалды.

 

Айта кетейік, алғаш жобаны іске асыру 2020 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп, Елші Марат Мұхамедқазыұлы Тәжиннің қолдауымен Чех Республикасының Ұлттық кітапханасында орталық ашылып, Словакия, Венгрия және Германия елдерінде Абай оқуларын өткізу бойынша басталды.


Share:      
Leave a comment: