Home
/
Blogs
/
PROSE
/
Шахмат

Шахмат

29.04.2026 20

***

Қарсыласым, дайынбысың, мен дайын,

Әркім өзі ойлау керек өз жайын.

Сен мықтысың, мен мықтымын ал баста,

Осы жолы мен қарамен ойнайын.  

Дұрыс, дұрыс, жаман емес бастауың...    

Мынауың не, корольді алып қашқаның.

Рокировка - қорғаныстың амалы, 

Ол да жөн-ау қарсыласты тосқаның.  

Алып тұрған қара жолдың арнасын, 

Ұнамай тұр, офицерін-қолбасың.

Оны міне, былай қағып тастаймын,    

Ой дегенің оқтан ұшқыр корғасын!..  

Салмақтысың, жан-жақтысың дегенмен,

Көрініп тұр ойлайтының тереңнен.

Оң қанатты бұзып-жарып өтпексің,

Жай түсірмек ниеттесің төбемнен.

Шеберімін мен де әр қилы жобаның,

Бұл жолы да тәуекелге барамын. 

Қазіргідей сәті түсіп тұрғанда, 

Бір пілімді құрбандыққа шаламын.  

Көп жүрістің ең қиынын таңдадым,

Осыменен тыйылды ішкі жанжалым. 

Ал, қанеки, сөз кезегі өзіңде, 

Не дер екен, сенің ойың-көкжалың.?.  

Оңай емес, нартәуекел бағасы, 

Мына жолдың ашылғанын қарашы. 

Сәлден кейін империяң үстіне, 

Өз туымды тігемін-ау, шамасы.  

Жаңа ғана кетіп еді аспандап,    

Мына король енді кімге бас болмақ. 

Ойын бітті, карсыласым жеңілдің,    

Үш жүрістен кейін саған, атпен мат!  

Сөз керемет, ой тереңін қозғаса,    

Ой тамаша,  жолын таңдаса. 

Шахмат бөлек, өмір бөлек дүние, 

Аздап-аздап ұқсайтына болмаса.  

Өмірді де бір адамдай білемін, 

Қажет кезде тәуекелмен жүремін. 

Мақсатым сол, бақыт үшін күресем, 

Қаруым сол, ашық-жарқын тілегім.

Leave a comment: