Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Шекара соқпақтары

Blogs

02.12.2017
8137

Шекара соқпақтары

Шекара соқпақтары

(өмірдің өзінен алынған)

Бетпе-бет

Біз таудың ішінде өз алдына бұйығы тіршілік кешіп жатқан заставаға кештетіп жеттік. Тауда таң кеш атып, күн ұясына ерте батады. Бірақ, бұған қарап жатқан бір шекарашыны көрмейсің. Мұнда бейне бір уақыт екеш уақыттың өзі де патшалық құра алмайтын секілді...

Шекараны күзету міндеті - диірменнің тоқтаусыз айналған дөңгелегі секілді, күн-түн дегенді білмейді. Бір шекарашы қызметтен оралып келе жатса, қару асынып, ит жетектеген екіншісі қақпадан шығып бара жатады. 

Қаланың у-шуынан қажып, тыныштық тілеген көңілім керісінше заставаның бұйығы өміріне көндіге алмай жатқандай, көпке дейін елегізумен болды. Ақыры, түн ортасын аударып барып, көзім ілініп кеткен екен, есіктің тықылынан тез оянып кеттім.

Застава бастығы мені оятуға жіберген кезекші сарбаз екен. Сағатыма қарасам, таңғы алты. Орнымнан атып тұрып, тез киіндім де сыртқа шықтым. Бүгін застава бастығымен келісіміміз бойынша екеуміз тау ішін аралап қайтамыз. 

Офицер кеше менімен әңгімелесіп отырып, сөздің арасында биыл тауда түз тағыларының көбейіп кеткенін айтып қалған. 

Өздері таудың ішімен келе жатқан шекарашыларға шабуыл жасамақ түгілі алыстан айналып қашады дейді. Бауыржанның айтуынша, түз тағысы қарудың иісін екі шақырым жерден сезіп қоятын көрінеді.

... Маған әзірлеген шекарашы аттың лақап есімі Герой екен. Мен еріксіз мырс еттім. Шекара қызметіне мініс аттарын дайындайтын эскадронда қызмет ететіндер әзіл десе ішкен астарын жерге қоятындар болса керек... Әйтпесе, жылқы малына осындай да есім беретін бе еді?

Заставадан алыстағанымыз сол екен, Геройдың да кібіртіктеп басталған жүрісі түзеліп сала берді.

Жоңғар Алатауының іші алабөтен құлпырып тұр. Шекарашылардың меншігіндегі таудың ішінде орманшылардан өзге жан баласы жүрмейді. Уақыты жетіп немесе көктем шыға арыны күшейетін өзендердің долы күшіне шыдас бермей, тамырымен опырылып түсетін қарағайлар мен мәңгі жасыл шыршалардың түбіртектері ғана осы сұлулықты сәл бұзып тұрғандай...

Бір кезде астымдағы аттың әлдебір қауіпті сезгендей тым-тырыс бола қалғанын байқадым. Осы сәт застава бастығының аты кісінеп-кісінеп жіберіп, қосаяқтай шапшыды да бір сәтке тіп-тік боп, қаздиып тұра қалды. Бұл – көз тартарлық әдемі көрініс еді... Застава бастығы аттың құлағына ойнап өскен ауыл баласы болуы керек, астындағы атының аяқ астынан көрсеткен мінезіне қыңқ деген жоқ, жалынан қатып ұстап, жабысты да қалды. Тек, ат алдыңғы екі аяғын жерге дік еткізгенде ол да жерге қарғып түсті. Менің атым үйірлесі секілді аспанға шапшымаса да денесінің әр түгі жыбырлап, долылығы ұстауға дайын екені ап-анық еді. Біреу бұйрық бергендей, аяғымды үзеңгіден тез шығарып алдым да жерге секіріп түстім. Дәл қазір мен үшін ең дұрысы осы еді...

Застава бастығы атының шылбырын қолынан босатпаған күйі айналаға зер сала қарады. Сосын, иығына асынып алған автоматын түзеп қойды да маған қарап «тыныш» дегендей саусағын ерніне апарды. Мен шекарашының да бір қауіпті сезгенін түсіндім. 

Айналаны дүрбісімен қарап тұрған Бауыржан бір кезде «қасқыр» деп қалды. Жүрегім суылдап қоя берді. Тек, застава бастығы ғана сыр берген жоқ, құдды бір, күн сайын қасқырлармен кездесіп жүргендей сабырын жоғалтпаған ол иығындағы қаруының бар-жоғын тексергісі келгендей тағы бір рет қозғап қойды да өзі бір аттың шылбырын екіншісінің үзеңгісіне байлады. Содан кейін тізерлеп отыра қалып, тың тыңдады. Аттар жалт-жұлт қараған жаққа көз жүгіртті. Мен болсам, қаққан қазықтай орнымнан қозғала алар емеспін. «Мәссаған, не болып кетті түге, аттарды шошытқан қасқыр болса, оның қарудың иісінен екі шақырым жерді айналып қашатыны қайда?».

... Аттарды аяқ астынан елеңдетіп қойған түз тағысы да ұзақ күттірген жоқ. Алдымыздан, 20 қадамдай жердегі қалың ағаштың ішінен шыға келді. Тайыншадай дене тұрқына қарағанда арлан. Шыңғыс Айтматовтың «Жанпидасындағы» Тасшайнар   секілді... Онда Аққұртқасы қайда?..

Осы кезде шыдамдары шарықтау шегіне жеткен аттардың екеуі де жүгендерін бырт-бырт үзген күйі аспандай секіріп, шыңғыра кісінеді да келген жағымызға қарай шауып ала жөнелді...

Біз – шекарашы офицер екеуміз таудың ішінде көкжалмен бетпе-бет қала бердік.

Жүрегім дүрсілдеп қоя берді.

Бұл – мен мүлде күтпеген, болуы мүмкін десе де сенбейтін оқиға еді.

Адамдар мен қасқырдың арбасуы басталған. Мені өзінің денесімен қалқалаған күйі шекарашы офицер де қаққан қазықтай қатып қалған. Иығындағы қаруын алар деп үміттеніп едім. Алмады.

Қасқыр да шайқаса кетуге адамның қаруынан сескенетіндей, орнынан қозғалар емес. Көкжалдың ызғар шашқан отты көздері мені тұрған жеріме шегелеп тастағандай, қозғала алар емеспін.

Бауыржан иығынан қаруын ақыры алған жоқ, бірақ бойындағы ыстық қаны тасып тұрғаны байқалады. Арланға «келсең-кел» деп тайталасқысы келетіндей. Осы сәт, алдағы арпалысқа екеуі де тас-түйін дайын еді...

Адам мен арланның арбасуы көпке созылған жоқ. Көп болса жарты минутқа жетеғабыл... Неге екенін, жотасы күжірейген арлан көз ілеспес шапшаңдықпен қайтадан қалың ағаштың ішіне бір-ақ ырғып, көзден ғайып болды.

Мен жерге сылқ етіп отыра кеттім. Манадан бері шиыршық атып тұрған офицер де иығынан ауыр жүк түскендей, күрсініп салды. Сосын, жерде әлі отырған менің қасыма келіп, орнымнан тұруға көмектескен ол:

- Қорқып қалдыңыз ба?, - деді арланмен арбасудан кейін тұңғыш рет күлімсіреп. Қорықпаңыз. Түз тағылары тау тұрғындарына – шекарашылар мен орманшыларға ешқашан тиіскен емес. Себебі, олар бізді өздеріне көрші санайды. Баяғыда әкем айтып отыратын «қасқыр көршісіне қас қылмайды» деп. Көкжалдың бүгінгі қылығына қарағанда, біз оның бөлтіріктері жатқан апанға тым жақын келген сияқтымыз.

Мен еркімнен тыс дір ете қалдым. Оқиға орнынан тезірек кеткім келгенін жүзімнен таныған Бауыржан тағы да күлімсіреді.

Офицердің арланнан тайсалмаған ержүректігіне тәнті болған мен шекарашының қолын құшырлана қыстым да екеуміз заставаға апаратын соқпаққа түстік.

Тек, осы кезде мен неге екені белгісіз артыма жалт бұрылып қарадым. Қарадым да жүрегім қайтадан атқақтап қоя берді. Бізден бірнеше қадам жердегі төбенің басында қасқыр тұр еді... Бізбен арбасқан...

Бөлтіріктерін қорғау үшін апанынан шығуын шықса да адамдарға қас қылғысы келмеген Тасшайнар бізді шығарып салып тұр еді.

Бұлай болады деп кім ойлаған?!

Құммінезділер

Олардан өткен қайсар мінезділерді көрмедім. Көздерінде от бар, жасын бар. Арал тұншыққан құм оларды тіптен де сындыра алмаған. Құмның қатал мінезіне сынбаған.

Олар мені жайдары қарсы алып, өздері үшін үйреншікті болып кеткен өмірлерімен таныстырды. Олармен бірге құмның ішін араладым. Олардың қасында жүргенімде шаршау дегеннің не екенін білген де, сезген де жоқпын. Олармен бірге шығып келе жатқан күнді қарсы алдым. Олардың қызметі батып бара жатқан күнмен таласа басталатынын көрдім. Түнді олармен бірге өткізгеніме қуандым. Қызық, қалада дәл осындай қуанышты сезініп көрмеген едім...

Олар үшін уақыт тоқтап қалғандай еді... Тіпті, қаланың үлкен-кішісінің қолынан түспейтін ұялы телефон да құмның ішінде керексіз дүниеге айналған...

Мен құмның шетіне табан іліктірген сәттен бастап, уақытты ұмыттым. Құмның ішінде өткен күнімнің әрбір сәтін есімде сақтап қалуға тырыстым.

Құмды мен қатал мінездіге теңедім. Жоқ, кейде ол да мейірімді бола алады екен. Мен мұны алдымнан кездескен ыстық бұлақтарға қарап білдім.

Осы бұлақтардан пайда болған көлдің жағасы шулаған қамыс, іші толған құс. Сізге өтірік, маған шын, сол құс – жабайы үйректердің мойындары әдемі иілген қос аққуды қоршай жүзіп жүргендерін көрдім. Бұл - көңіл толқытар көрініс еді...

Осы көлдің жағасында мен сексеуілдің шытырлап жанған отына тесіле қараған күйі терең ойға баттым. Осы сәт, айналам құлаққа ұрған танадай меңіреу тыныштық еді. Бірақ, менің жас серіктерім үшін бұл – нағыз қауіпті тыныштық болатын... Өйткені...

Өйткені, мені құмның шетінен қарсы алып, ыстық ілтипат танытқандар – шекарашылар болатын. Құммінезділер. Көздерінде жастыққа тән от бар.

Менің шытырлап жанған отқа тесіле қараған күйі алысқа кетіп қалған ойымды бұзғысы келмегендерін түсіндім. Әйтсе де олардың көздерінен, әрбір қимылдарынан сақтықты сезіндім. Осы сәт олар құдды бір серіппеше жиырыла қалған жолбарыс секілді еді...

... Құмның ішінде мен мемлекет қамқорлығына алынған көне Рабат Шірік қалашығын кездестіріп, ішін аралап көрдім.

Талай ғасырлар бұрын тіршілігі қайнаған қалашық бүгін томсарған күйі сырын ашар емес. Ғайыптан, уақыт патша шымылдығын ашып тастап, өткен кезге көздің қиығын тастап үлгеруге мұрсат берсе ғой... Қазақ деген жауынгер халықтың қайсар жүздерін көретініме сенімдімін...

Осы сапарымды мен Жанқожа батырдың кесенесінің алдында қайсар мінезді жас адамды кездестірдім. Ол – иығына қос жұлдыз қадаған шекарашы офицер болатын. Тіпті, оның аты-жөнін де айта аламын. Лейтенант Ержан Елемесов. Әскери өмірге тым ерте, балғын кезінен араласқан, алдымен кадет, сосын шекарашылар академиясының курсанты болған жас лейтенанттың жүзінен қазақ деген жауынгер халықтың бейнесін тап басып танығандай болдым.

Құммінезді шекарашыларға жасаған журналистік сапарым есімде ерекше сақталып қалды...  

 Қызылқұм түні

Қызылқұмды бір рет көрген адамның осы жаққа қайта оралғысы келіп асығып тұратыны несі екен?.. Келсең қуаныштан жүрегің жарылардай болып қуанасың. Қызық.

Құмның ішінде мен тіпті шаршауды да ұмытып кеттім. Өзіме берілген бес күннің ішінде бірнеше заставада болып үлгеруге тырысып, шекарашылардың жол талғамайтын көліктерімен жүздеген шақырымға созылып жатқан құмның ішін аралап шықтым.

Қос аққу жүзген Мекебай көлі, Ежелгі Рабат-Шірік қаласы, ыстық бұлақтар...

Кәдімгі сексеуілдің де иіліп өсетін келіншектал ағашы секілді сұңғақ бойы бар екенін бірінші мәрте көрдім...

Ыстық бұлақтардан пайда болған Мекебай көлінің жағалауы. 

Төңірек құлаққа ұрған танадай меңіреу тыныштық.

Күні бойы Қызылқұмды аралаған жел де бір сәт тыныққысы келгендей тына қалған.

Қызылқұм даласы үнсіз. Аспан үнсіз. Біз үнсізбіз. «Біз» деуімнің себебі бар. Мекебай көлінің аумағын шолып қайту үшін застава бастығы аға лейтенант Азамат Құмарбек бастаған шекара наряды.  

... Әбден кеуіп, сүйекке айналған сексеуілге шырпының ұшы тиюі мұң екен, дүрілдеп кетті. Түнге оранған далада тірліктің бар екенін сол сексеуілдің қып-қызыл шоқтары ғана білдіргендей. Аулақтан заставаның оттары көрінеді. Түнгі серіктерім - қос шекарашы да ой әлеміне кетіп қалғандай, үнсіз. Тек анда-санда оттан көздерін ала беріп, түнгі далаға көз тігеді. Мен де үнсізбін.

Айтпақшы, «Қосшыннан» шығып, «Жаңадария» шекара заставасының учаскесіне кіргенімізде кездестірген Ежелгі Рабат-Шірік қаласы сақ дәурінен бері шекаралық қызмет атқарыпты. Сол кезде Парсы және Хорезмдегі мемлекеттермен байланыс суы мол Жаңадария арқылы жүргендіктен Шірік-Рабат шекара бекінісі атаныпты. Тарихтың бізге жеткен сарғыш парақтарынан оқып білгеніміз, қалашық – біздің дәуірімізге дейін ІV-ІІ ғасырларға тиесілі. Иә, уақыт өзгергенімен, шекарашылардың әлімсақтан жалғасқан өмірі, қызметі сол қалпында қалып қойды...

Менің ата-бабаларыма тиесілі тарихты ортасынан бір бүктеп, қойнына тыққан Қызылқұмға көңілімнің неге алабөтен екенін енді ұққандаймын.

Әлде судың, әлде жағасындағы қамыстардың күбір-күбір еткен дыбысы құлағыма жеткендей. Қызуы күшті сексеуіл шоғынан жүзімді ала беріп көлге, содан кейін түнгі аспанға қарадым.

Біраздан кейін шекарашылардың қызметі аяқталып, заставаға оралатын кез де туады.

Әрі қарай, «Қызылқұм» шекара заставасына қарай бет аламыз. Ол жақта да мен көретін, менің фотоаппаратымның нысанасына ілінетін тарихи орындар жеткілікті.

Көршілес елмен араны кесіп өтетін сызыққа жетеғабыл төбеде тұрған Жаңқожа батырдың кесенесі.

Аралдың суы тартылған кезде жағада қалып қойған балықшылар кемесінің қаңқасы...

Сексеуілдің шоғы қызуынан айырыла бастаған шақты күтіп тұрғандай, таңғы саумал сәуле Қызылқұмның еркін тыныстап жатқан даласына еркін көтеріліп келе жатыр еді.

Шығыстан көтеріліп келе жатқан Күнмен бірге дала да оянды. Жан-жағынан үйректер қаумалаған қос аққу көзге шалынбады, өздері меншіктеп алған көлдің жағалауындағы түнгі от шошытқан сыңайлы, қалың қамыстардың арасына тығылыпты. Біз кете салып, көлдің ортасына қарай жүзе жөнелуге дайын тұрған қос аққумен сырттай қимай қоштастым...

Бұл кезде шекара шебі де әдеттегідей тыныштықтың құшағында мүлгіп жатты. Тек, шекарашылар емес...

 мШекара соқпақтары

Share:      
Leave a comment: