Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
СЭР

Blogs

20.05.2018
6354

СЭР

СЭР
 


-Бүгіннен бастап Мәке, Сәке, Бәке, Дәке сонымен қатар мырза, жолдас, аға,көке дегенді қоямыз! Бір-бірімізге үштілділікті алға тарта отыра «Сэр» деп сөйлейтін боламыз, жоғары жақтан бұйрық келді осындай. Мен қазірден бастан барлықтарыңызға «Сэр» деп сызыламын. Соны сіздерден де сұраймын. Сіздерде солай «Сэр» деп қыйыласыздар. Әрқайсыңыз өз басқарма, мекемелеріңізге жеткізіңіздер. Солай бұйрық орындалуы керек, скоро қазақша-орысша-ағылшынша сөйлесеміз, соған дайындық бүгіннен, бізден яғни басшылықтан басталады,- осылай деген аудан әкімі орынбасарлары, бөлім бастықтары мен мекеме басшыларына нығыздап тұрып тапсырма берді. 
Оларға әкім айтқаны заң болары хақ! Жұмыстарына кірісіп кеткен. Бір-біріне «Сэр, кешірерсіз бүгінгі есепті әкеп тастайсыз ба? Рахмет!». «Оқасы жоқ. Сэр айтсаңыз болды ғой»... «Бүгін халықты қабылдар күн, орынбасар Сэр алдылырынаң шығып ізет көрсетерсіз»... Мә, бәрі сыпайы болып кеткен, сызылып майысып қалған. Кешегі айқай-шу жоқ қой, жоқ. Сырттан келген біреу болса «ертегілер еліне түсіп кеттім бе?» деп шошынар ма еді...
Басталды. Қызықтың көкесі басталды. Халықтың алдынан шыққан бір орынбасар шалқасынан түсті. Жалпылдап ішке қашып кірді. Бұндай шайқас барлық бөлім, мекемелерде де орын алып жатқаны сөзсіз.Өйткені көзі іскен, мұрыны сынған, жағы айырылған жалпы таяқ жеген бастықтар яғни Сэрлер ауруханаға минут сайын түсе бастады. Бұған күліп тұрған бас дәрігерге келген науқас: «Не болған бүгін?» деп еді, анау: «Сэр... деп айтып болған жоқ дәу жұдырық науқас: «Мен саған мал емеспін» деді де жақтаң салды-ау.
«Маған еще сиыр дейді ғой!»... Бар гәп осыда!!!
Ертеңіне жұмыс қайта бұрынғы сарында басталды. «Әй, Бодық әпер анау есепті қанша күтуге болады, әкеннің». «Ал өзін аяқ-қолын бар емес пе»...
Осылай өзімізбен өзіміз болып жүргенге не жетсін!!!

 


Share:      
Leave a comment: