Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Сүйгеніңнен көз жазба!

Blogs

22.02.2019
5253

Сүйгеніңнен көз жазба!

Сүйгеніңнен көз жазба!

Сүйгеніңнен ажырама!!
Ауыр екен, жаным, сол біртүрлі
Туысқанда жерде, сабақпен оралып.
Ауыр екен, жаным, сол біртүрлі
Екіге бөліп кесіп жатса аралап.
Қайта бітпес жүректің жарасы
Төгілсе де мөп-мөлдір көз жасы.
Қайта бітпес жүректің жарасы
Құйылса да шайыр от шашып. 
Тірі кезде бірге болам 
бөлінбейді жан менен қан 
Тірі кезде бірге болам
Сүю менен өлім бірге әрқашан. 
Ала кетші өзіңмен, жаным
Ала кетші өзіңмен бірге,
Ала кетші өзіңмен бірге
Туған жер мен үйіңді.
Ажырама сүйгеніңнен!
Ажырама сүйгеніңнен!
Ажырама сүйгеніңнен! 
біріге өсіп бар қаныңмен. 
Кетер кезде бір мезетке
Кетер кезде бір мезетке!
Әрбір сәтің бір ғасырдай 
Бір ғасырдай қоштасқын!
Жамылатын ештеңе жоқ,
Жазылмайтын аяныштан,
Жамылатын ештеңе жоқ,
Салқын және қараңғыдан.
Қоштасқан соң кездесерміз
Ұмытпашы мені өзің.
Қоштасқан соң кездесерміз
Екеуміз қайта оралып.
Не етер едің мен жоғалсам 
күн нұрындай таралып.
Не етер едің мен жоғалсам 
Жұлдыздарға айналып.
Мен сен үшін дұға қылам
Жердің жолын ұмытпа деп.
Мен сен үшін дұға қылам
Орал үйге, аман-сау кел.
Айырылма сүйгеніңнен!
Айырылма сүйгеніңнен!
Айырылма сүйгеніңнен!
Біріге өсіп бар қаныңмен!
 

 ( C любимыми не расставайтесь) 

Аударған Назкен Келжанова.


Share:      
Leave a comment: