Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Сүйгеннің өзі бір бақыт

Blogs

23.05.2017
7360

Сүйгеннің өзі бір бақыт

Сүйгеннің өзі бір бақыт

Сүйгеннің өзі бір бақыт

Тәтті еріннен дәм татып,

Ерін мен ерін жалғатып.

Көзіңді жұмып бір минут,

Сүйгеннің өзі бір бақыт.

Көз бенен көз түйіспек,

Ерін мен ерін сүйіспек.

Сүйгеннің өзі бір бақыт

Бұйралы шашын иіскеп.

Қойылсын мейлі күйтабақ,

Болсада қимыл бейтарап.

Сүйгеннің өзі бір бақыт,

Бетінді қолмен сипалап.

Келеміз қанша жасырып,

Сүюге сонша асығып.

Сүйгеннің өзі бір бақыт,

Мойныма қолың асылып.

Құшақтап жатсам күшті леп,

Жүректен шіркін естілед(і).

Сүйгеннің өзі бір бақыт,

Ернімді ернің тістелеп.

Кішкене назды бар еркең,

Өзінді жаным жар етем.

Сүйгеннің өзі бір бақыт

Ерніңнен сүйіп таңертең.

Ояншы енді жан еркем!

 

Сержан Әлімбет


Share:      
Leave a comment: