Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
MY OPINION
Шын достық бар ма?

Blogs

09.07.2020
6620

Шын достық бар ма?

Шын достық бар ма?

Дос... Бұл бізге кішкентай кезімізден санамызға сіңгені біз білетін ыстық ұғым.Барлығымызда бала кезде достарымыз көп болары сөзссіз. Ойыншықтарымен бөлісіп,бірге ойнағандардың бәрін бірдей дос санайтынбыз. Бірақ уақыттар өтіп, ақыл ойымыз толысып,өсе келе достардың санына емес сапасына қараймыз. Өмірмізде қиындықтар туындап жатса, қол ұшын созар дос іздейміз. Қиындықтар бізге кімнің кім екенін айқындап береді. Шын дос болса,саған көмек қолын ұсынып,қандай жағдай болмасын әркез жаныңнан табылары хақ. Мен өз басым достықты екіге бөлемін:біріншісі адал достық, ал екіншісі амал достық. Амал дос- тек сені белгілі бір мақсат кезінде қолданады. Байқайтыным, кей адамдар   жанындағы адамдармен: атақ-абырой үшін, ақша үшін,осы адам маған біркүні қажет болады-ау..деген оймен ғана достасады. Осындай типтегі дос  қиын-қыстау уақытта төбесінде көрсетпейді.Мен өмірде нағыз шынайы достықтың болатынына күмәнмен қараймын. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын.Өмірде нағыз сенің сырласың да, мұңдасың да бола алатын тек бір ғана жан - отбасы. Бикке көтерілген сәтте де, шалыс басып қателессек те жанымыздан табылатын тіреу болатын ең әуелі - отбасы.Сондықтан да әрдайым достарымыздың емес, жақындарымыздың жанынан бірінші табылайық. Достар көп, ал отбасы жалғыз соны ұмытпайық! Менің ойыммен қаншалықты келіссесіз?

 

Пікір білдіріңіз! Жазбам ұнады ма ?


Share:      
Leave a comment: