Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Талас

Blogs

27.11.2017
4048

Талас

Таластан қалған талас күн, 
Таласып сенімен адастым. 
Жау көріп неге соншалық, 
Өмірмен мынау аразбын? ! 

Өмірге неге өшпін-ау, 
Көңілім қайда көштің-ау. 
Ойыма сұрақ қойды ғой, 
Қараша күзгі кеш мынау.

Тағдырды жазған жеңем деп, 
Ертеңгі күнді елеңдеп. 
Өмірге іштей қас қылып, 
Жастығым өтті желеңдеп. 

Сүрлеуде сүрлеу сүрлеу күн, 
Сырыңды білмей сүргенмін. 
Алдыма тосқан сыйыңды, 
Ысырып қалай жүргенмін. 

Сенгім-ақ келет сенбейді, 
Көздерім шыңдық көрмейді. 
Өлеңім менің прокурор, 
Қылмысты мендік тергейді. 

Таласқа түскен тағдырым, 
Таласқа толы әр күнім. 
Жалғанмен күнде таласып, 
Өлімнің күтем жарлығын. 

                   Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ. 


Share:      
Leave a comment: