Blogs
28.11.2017
4468
Тартымды таң
Күн шуағы төгіліп жел еседі,
Самалымен ойларым кеңеседі.
Ашылмай көптен бері күннің райы,
Үзіліп тұр бүгін-ау емешегі.
Тыйылып ауа райы жаңбырынан,
Шырқап тұр атқан әсем таң бүгін ән.
Арқалықтың ажарын аша түскен,
Не деген көркем едің тартымды таң.
Торғайлар мәз-мейрам боп шиқылдайды,
.Көліктер көше бойы бипылдайды.
Тіршілік таңмен бірге тамылжыта,
Әуенге салып жатыр небір жайлы.
Көшеңде серуендесем ойың қуған,
Есімде алаңқайың ойын-думан.
Кешегі балалықтың бал күндерін,
Сыйлаған Арқалығым қайырлы таң!!!
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ
Share:
Leave a comment: