Blogs
Телефон
(ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ АУДАРМАСЫН ҚҰЛАҒЫМЫЗ ҮЙРЕНГЕН МӘНЕРІ БОЙЫНША, ӨЗГЕРТПЕЙ, ТҮСІНІКТІ БОЛСЫН ДЕГЕН ОЙМЕН,СОЛ КҮЙІНДЕ ҚАЛДЫРДЫМ).
Телефонсыз жүру қазір, мүмкін емес,
Мәдениет пен өркениетті қаруың,
Ақпараттық соғыста шектен шығып,
Ғаламтордан керегіңді алуың!
Телефонның болғаны қандай жақсы!
Үйде отырып, алдын-ала төлем жасап,
Онлайн сатылым жүзеге асты.
Жеткізеді, қалаған тауарды алсақ.
Музыка айғайлап, дауысы зор
Наушник тағып алдық, тұр құлақта,
Рахмет айтамыз наушнигін,
Шешіп адам, жауап берсе, сұраққа
Бір сәтте жұлдыз болу мүмкіндігі
Кереғар комменттарий жаздың жетер,
Жазғаның шектен шықса, резонанс...
Батырсынып, бұқалансаң басың кетер.
Бойы мен ажары қаншалықты?
Таңдап жүріп, түрін көріп, жазасың.
Бей – берекет, бет-бетімен жаза берсе,
Игнорға салып, бердің, жазасын.
Телефонды жүрген жерде ұстаймыз,
Күн мен түнді шатастырып, ұйықтаймыз,
Псевдологин ашып, балағаттап,
Қойшы, жетер деген сөзді ұқпаймыз.
Шын мәнінде, білмей тұрып, анығын,
Сол адамды, сол күйінде, таныдың
Қандай адам, мінез – құлқын біле алмай,
Ауыр сөзбен, пікір жазып, жазғырдың.
Ақпараттық соғыс, шықты шың басына,
Түбі жоқ, ғаламтордың, шегі болмас!
Телефон мен планшетті орнына қой,
Спортпен айналыс, енді жолдас!
Хатқа толы, WhatsAppті тазартасың,
Фотошоптан қартайтып, жасартасың,,
Facebookта қаратпа үндеу жасап,
Подписчиктер назарын аудартасың.
Лайк қойса, жақын тартып, дос боласың,
Жағдайым жоқ, единица салып берші
Деп, сұраса, ізім – қайым жоқ боласың
Маған мұндай телефон алып берші
Танысса, қай жерденсің, қайдасың деп?
Бой – салмақты сұрап білу модада жоқ
Айлық қанша, үйің барма, автокөлік?
Жауап бердің, сұрақтар сондада көп.
Шын жанашыр, игі істерге аттанады!
Ал, біреулер, понторез боп мақтанады.
Мақтаншақ, негативті сынға қалып,
Шын жанашыр, шынайы есте сақталады!
Телефоннан көз алмай, жолды өткенде,
Тағдырлар көп, өкінішті салдары,
Чатта отырған бейтаныс жанды сүйіп,
Үйін тастап, қыр – соңынан қалмады.
Байланыс, бар аудио - видеосы
Телефоннан техника аса алмайды.
Қаншалықты қымбат болғанымен,
Кітап пен спорт төрін баса алмайды.
Телефонға тәуелді болма досым!
Қажетті жағдайда қолда болсын...