Blogs
08.06.2018
6049
Тілім – асыл қазынам
Тухан Нұрбол 05.03.1998 Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ажы ауылы
Тілім – асыл қазынам, баға жетпес байлығым,
Ана тілім асқағым, өткір, күшті, бай тілім.
Шәкәрім мен Абайлар, Ыбырай, Ахмет, талайлар,
Мұқағали, Мұхтарлар көтерген қазақ айбынын.
Ана тілім тірегім, құдіретті баршаға,
Тілің барда шещенсің, айтылар сыр қаншама.
Өз тілінен айрылған хайуаннан кем емес,
Ана тілге келгенде айтылатын сөз дара.
Өз тіліңді құрметте, кем емессің басқадан,
Басқасынан асса да, тілден ешкім аспаған.
Тілің сенің қасиетің, тілің сенің азығың,
Бұл өмірде оңған емес тілін жерге тастаған.
Share:
Leave a comment: