Blogs
28.11.2017
5608
Торғайым
Ескен желің емірентер,
Табиғаттың тебірентер- Торғайым.
Сыр сақтаған аңызағың,
Тарихпенен тоғысатын-Торғайым.
Ел аузыңда өршілдігің,
Аңызсың-ау беу шіркінім-Торғайым.
Жоғалтсаңда берекеңді,
Жинамадың керегеңді-Торғайым.
Ұлтсыздықпен тірескенсің,
Азаттық деп күрескенсің –Торғайым.
Сыбдырлап-ай теректерің,
Жырлап жатыр ел өткенін- Торғайым.
Тауларыңдай тұғырлысың,
Өткеніңмен ғұмырлысың-Торғайым.
Иманов боп жұртым деген,
Әлихан боп ұлтым деген-Торғайым.
Ахаң-Жахаң ұранымен,
Жарық берген шырағым ең-Торғайым.
Кеудемдегі жыр жалынның,
Музасы сен жырларымның – Торғайым.
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.
Share:
Leave a comment: