Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Торы төбел

Blogs

12.06.2021
4432

Торы төбел

Ертеректе Арқаның кең жазығын жайлаған Бөрібай деген бай болыпты. Сол байдың өзі еркеше қамқорлықпен қарайтын торы төбел байталы болады. Әлгі байталдың үнемі ішін тартып, өзін-өзі жаратып жүретін қасиетін Бөрібай байқап жүретін. Көп жылқының ішінен көзіне ерекше түскен торы байталды сыншыға көрсетеді. Сонда сыншы:
 
 
– Торы байтал түс көрген болуы мүмкін, – деп топшылайды. Бұл өзі ежелден ел аузында бар әңгіме. Байтал түсінде ғажайып айғыр көрсе үйірден бөлініп сол айғырды іздеп кетеді. Торы байтал өзге жылқыдан ерекше жаратылған жануарғой, түс көріп түсіндегі айғырды іздеп кеткен болуы әбден мүмкін. Егер солай болса айғырын таппай тоқтамайды. Тек ит-құстан аман болса болғаны, – дейді.
 
 
Үнемі елден таса тау қойнауында отыратын астында жалғыз торы аты бар Сарман есімді қойшы бар. Бірақ Сарман жәй қойшы емес. Кезінде Теріскей өңіріне танылған сері әрі аламанның алдын бермейтін жүйрік мінген айтулы жігіттің бірі еді. Сондай бір ірі аламанның алдында жүйрік торысына қаскөйлер қастанық жасаған. Атының алдыңғы аяғына шеге қағылғанын көріп Сарман сері ішін өртеген күйіктен күйіп, құсалықтан өліп кете жаздаған еді. Содан бері елден жырақ жүргенді ұнататын. Жабырқау жаны жалғыздықты қалайтын. Қарт Қаратау қойнауынан өзіне жайлы мекен тауып, азын аулақ шаруасын күйттеп өмір сүріп жүрген жайы бар. Тауда жүргеніне талай жылдар өтіп, кезіндегі сері жігіт қойшы, аламанның алдын бермейтін Атанторы тұлпар бүгінде топан аяқ қой торы аталып кеткен.
 
 
Торы байтал Сарманның қартайған Атан торысынан бір құлын туды. Маңдайында теңгедей төбелі бар торы құлын. Кейін Сарман торы биені басқа жас айғырлардың алдына салды. Жақсы деген айғырларды таңдап жылда ауыстырып салады. Бірақ, торы бие қанша айғыр ауыстырсада торы төбел құлын туғанынан бір танбады.
 
 
«Алып анадан, тұлпар биеден» дейді дана халқымыз. «Құлын жатырына, бала нағашысына тартады» деп те айтады. Дей тұра, бәйгеден келген жүйрікті тектегенде алдымен «қай айғырдың тұқымы» деп сұрайды. Содан барып биенің тегін түгендеп жатады. Бұл қазақ оза шапқан аттыңда, жарқырай көрінген жақсыныңда тікелей тегіне үңіледі. Тегіне көңілі толса ғана, «Асылдың сынығы, Тұлпардың тұяғы екен ғой» десіп қолпаштай қолдап жатады. Ал тегіне көңілі толмаса қомсына қарайды. Қанша жерден жақсы көрінсе де «Жаманнан туған жабы» деп жақтырмайды. Адам болсын ат болсын шыққан тегі жақсы болмаса қазақтар оны «мықты» ретінде ешқашан мойындамаған. Бұл дала заңы.
 

 

<div style=font-family:'Segoe ui= historic',= 'segoe= ui',= helvetica,= arial,= sans-serif;color:rgb(5,5,5);font-size:15px;background-color:rgb(255,255,255);=>

 

 


Share:      
Leave a comment: