Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Туған жер

Blogs

27.11.2017
5731

Туған жер

 

Қызығам ескен ерке самалыңа,
Қызығам нұрын төккен шапағына.
Қызықпай қайтесiң-ау туған жерге,
Балбырап жатқаннан соң дала мына.

Қоныржай табиғатты кербезденiп,
Кетедi көз алдыңда көркемденiп.
Уа,достым туған жерге қарашы әне,
Тұрғандай салтанатты менменденiп.

Кең төсi бұлан белi қар жамылган,
Шашындай сұлу қыздын тарқатылған.
Балалық балдәуреннiң табаны бар,
Айналдым туған жердiң соқпағынан.

Батырдың жатысындай жайпақ далам,
Қырында төрт түлiгiң ойнақтаған.
Сүрлеуiн суйкiмдi қып тамылжыта,
Қыс шiркiн аязымен жайнақтаған.

Еркелеп өрнегiн сап күндiзгi рең,
Төріне төсегендей шiркiн кiлем.
Ай шықса қонақтанып таңға шейiн,
Туған жер әсемсiң-ау күндiзгiден.

Қызығам сенiң сүйрiк жолдарыңа,
Бастаған менi алыс арманыма. 
Әсерлi таң тамаша күйге бөлер,
Әр атқан қызығамын таңдарына.

Ақ бұлтты анда-санда қылаңдаған,
Аспанын жайдары ашық сылаңдаған.
Көз салып көкжиектен көкке күнде,
Жүрушi еді армандарға кұмар балаң.

Сағынсам тебiренер жырым менiң,
Ғұмырлы тарихыңмен дүбiрлi едiң. 
Туған жер қасиетiңнен айналайын,
Сүйсiнтер алақандай жұмыр жерiң.

    Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ


Share:      
Leave a comment: