Blogs
Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығы «ҒАЛЫМ. ҰСТАЗ. ҚАЙРАТКЕР»
Бүгін қазақ әдебиеті үшін орасан күн. Себебі, дәл осы 15 тамыз күні 1927 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Айтматов атындағы Халықаралық академиясының академигі, С. Сейфуллин атындағы сыйлықтың лауреаты, профессор, филология ғылымдарының докторы – Тұрсынбек Кәкішев дүниеге келген. Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ғалымның 90 жылдығына арналған «ҒАЛЫМ. ҰСТАЗ. ҚАЙРАТКЕР» атты дөңгелек үстел болы өтті.
Аталмыш шараға ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы Сұлтан Оразалин, ақындар Серік Тұрғынбеков, Несіпбек Айтұлы мен Дәулеткерей Кәпұлы, сондай-ақ, Ербол Тілешов, Жандос Смағұлов, Құныпия Алпысбаев, Дихан Қамзабекұлы, Рахымжан Тұрысбек, Кокшетаудың белді азаматтары мен Ерейментау ауданының әкімшілігі және т.б. шәкірттері мен оқырмандары қатысты.
Кездесу барысында көрнекті қайраткердің әдеби, мәдени мұрасы сондай-ақ, қазақ әдебиетінің тарихы мен әдеби сыны турасындағы әңгімелер кеңінен қозғалды.
Дөңгелек үстелдің модераторы болған филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ибраев, алғы сөздің бастамасын бүгінгі атаулы күннен бастап, игі іс-шараның жалғасы Алматыда және өз аулында болатындығына тоқталып өтті. Ғалымның арамызда жоқтығы, уақыт өткен сайын қатарының сиреп бара жатқаны, әдебиет саласында өз ойының пікірін тура дәл айтатын, өр де, тік мінезділігін, қалдырған еңбектерін де, тілге тиек етті.
Сөз кезегінҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы – Сұлтан Оразалин:
- Ел тарихын білуді, үлкен-кішіні сыйлауды, құрметтеуді осы кісіден үйрендім. Менің 60 жылдығыма арнайы келгенде ініге ілтипаты ғалымға тән қасиет еді. С. Сейфуллин туралы 10-нан астам кітап жазған. Бүгіннің қазақ сынының тарихы. Бұл кісінің ұзақ жасауында да үлкен қасиет бар. Бейсекеңнен бастап кеткен архифтерден жиналған еңбектерін өмірінің соңғы кезінде көп кітап етіп шығарды. Бүгінгі 90 жасқа толуын ұйымдастырып отырған ұжымға шарапаты тие берсін!
Қазақстан журанлистер одағының мүшесі, Сәкентанушы – Кәкен Амантай:
- Тұрсекең Ақмолада туып өсті. туған жерінде мектепті оқыды. Ғылыммен айналысқанда Алматыда болды. Алматыда жүрген кезінде Сәкеннің 100 жылдығына орай аяқ астынан кітапша шығарды. Кітапшаны келген қонақтарға тараттық, қонақтар бірден ұнатты. Онда қазақша және орысша екі тілде берілген болатын. Онымен қоймай Жазғандарыңыз оңды екен, біріктіріңіздер,- деп қолқа салды. Кейін расымен де кітап етіп шығардық. Ол керемет еңбекқор жан еді, сөйлесе сілтеме арқылы сөйлейтін дана болды.
Шәкірті, филолог, әдебиет тарихшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор – Дихан Қамзабекұлы:
- Бүгін жақсы іс-шара өтіп жатыр. Қазіргі таңда докторантуаға түсушілердің білімін біз тесттік жүйе арқылы білеміз, шын мәісінде арғы көкірегінде сайраған ілімі, білімі бар жоғынан хабардар емеспіз. Сол секілді қазіргі біздің кемшілігіміз осы тұста әдебиетшілер қауымдастығының жоқтығы екен. Бұл кісілер көп нәрсе айта алатын. Дәделдемені осы кісілерден үйрендік. Адам, адамшылдықпен 1960, 1970, 1980 жылдары кадрлар дайындау үлкен ерлік болды. Оқуды бітірген соң Алматыда қалу деген қиялға кіріп шықпас дүние болатын, себебі, жұмыс орны деген ұғым жоқтың қасы. Сол жылдары 20 маман оқу бітірдік, бәрімізді жинап, Ұлт болашағы, ғалымдар,-деп жұмысқа орналастырды, соның бірі – менмін. Ол – ерлік. Ұлтты, болашақ ғалымдарды ойлаған ұлы тұлға. Ізін жалғауымыз қажет.
Медицина ғылымдарының докторы, інісі – Мақсұт Темірбай:
- Тұрсынбек аға арқылы қазақ тіліне бет бұрдым. Қостанай облысының тумасы болғандықтан бәрі де орысша және қазақшаға шорқақ болдық. Марал Ишанның 230 жылдығын атап өту керек болды, менен КазГУ-де «Т. Кәкішев» – деген аға бар шақырасың ба? деп сұрады. Мен барып көрейін деп барғанымда жақсы қабылдады, содан араластық, соңғы жылдары бірге жүріп нағыз іні болдық. Көп тәрбие алдым, ағамызбен жақсы араластық. Біз тұрмақ сырттағы Қатыйдағы қандастарымызға да жақсы қамқорлық жасады. Ағамыздың жарқын образы қашанда бірге.
Дөңгелек үстелге арнайы келген Солтүстік Қазақстан облысының «Арқа ажары» атты газетінің редакторы – Қайырбай Төреғожа:
- Тұрсекең уақыт тапшылығына қарамастан Сәкеннің шаңырағы еді деп көп көңіл бөлетін бізге. Оған себеп, біздің «Арқа ажары» газетін Сәкен Сейфуллин бастап шығарып кеткен. 1918 жылы Сәкеннің ұйымдастыруымен «Арқа ажары» халық арманындағы асқақтаған газет болды. Сол кезде «Жас қазақ»,-деп аталды. 1997 жылы Целиноград облысының басшысы Браунға хат жазады. Тағы бір нұсқасын Жомарт Әбдіхалықовқа жолдады. 1998 жылы «Облыс 80 жылдығын атап өткізуге тиіс» – деген мазмұнмен. Сол жылы Астана Ақмолаға көшіп келді. Газет 80 жылдығын тойлады. Бүгін міне, 100 жылдығы тойланайын деп жатыр. Ұлт мүддесін ойлаған ер азамат болғанын білеміз, аруағыныың алдында бас иеміз.
Сонымен қатар, өмір жолында 20-30-дан астам ғылым докторларын дайындап, шәкірт тәрбиелегені де айтылып, шәкірті Қанат Жүнісовтың «Сәкен сұңқар» атты монологымен жалғасты.
Тұрсынбек Кәкішев 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Бұланды ауданы Даниловка ауылында дүниеге келген.
«Дәуір суреттері», «Сын сапары», «Оңаша отау», «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» атты ғылыми еңбектерінде қазақ әдебиеті мен тарихы туралы зерттеген. «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Көпұлтты кеңестік әдебиетінің тарихы», «Көпұлтты кеңестік әдебиетінің тарихы» атты ғылыми еңбектерді жазуда атсалысты. Сондай-ақ, С. Сейфуллинның шығармашылығын зерттеуде көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырған: «Сәкен Сейфуллин», «Қызыл сұңқар», «Сәкен Сейфуллин. Өнегелі өмір», «Сәкеннің соты» және т.б. Ол 37 монографияның, ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалардың, кітаптар мен брошюралардың авторы.