Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Түсемін ағып жұлдыздай

Blogs

30.11.2017
6355

Түсемін ағып жұлдыздай

Түсемін ағып жұлдыздай

 

Соңғы   шуақ ұласып мұңды күзге,

Жапырақ – жауын кез келді, білдіңіз бе?

  Ескі бақтың шыдамы төгілердей,

Ақ мизамын ұсынып тұрды бізге.

  Көгіме әкеп тағы үміт ілдіңіз бе,

Бәрі кеш деп  деп айнала  күлді бізге.

   Сағаты тоқтап қалған   аңқаулар деп,

  Күлді бізге, көкем – ау, білдіңіз бе?

   Жап – жасыл  жаулығыма жасын түсіп,

 Жанарымнан жалт етіп шашылды шық.

Ойран салып ойыма қыркүйек жүр,

 Жүрегімді суырып, жасымды ішіп...

              ***

Cарыала қаздар тізбегі,

Сап – сары мұңды ілгендей.

 Сағыныштарымды іздедім,

Сағымға ізсіз сіңгендей.

 Сарыала дүние, сары қыз,

 Сүйкімді, елік лағындай.

 Суретке елттік бәріміз,

 Сүйрік – ау өзі лағылдай.

Саялы бақта саң арман,

Сәнімен сұлу сәулелеп.

 Суюге ғана жаралған,

 Серіні талай әурелеп...

             ***

 Күрсінсем мұң боп төгілген,

  Кеудем  бір мұздың алаңы.

  Құлдилай берді  көгімнен,

Жылдарым   сыздап  налалы.

  Кіл күдік көңілде кілкіді,

Жетелеп қара ой күзіне.

  Көшем – ау мен де бір күні,

Найзағайлардың жүзіне.

   Бөтен қыз күлер көктемге,

Жанарында жанып жасыл от.

  Гүл терген өзім  көк белге,

Түсермін сонда жасын боп.

 

  Жылап та жүрем  жауында,

Тамшыларын осып өлеңім.

 Қарсы да жүзем  дауылға,

   Қаңсырап ...  сосын өлемін.

   Өлемін... қайтам көгіме,

   Құлаған жұлдыз  ізімен.

   Сағыныштарым төгіле,

 

 Найзайғалардың жүзінен...

                 ***

Жап  - жасыл шырша,  сарша күз...

 Жетелеп ойға тұңғиық.

  Қарайды қайда қарша қыз,

  Кеуілге  назды мұң құйып.

   Иықты сүйеп шыршаға,

   Жұтардай  әлем жап – жасыл.

 Үзіле жаздап тұрса да,

  Көзінде ойнап тұр жасын.

Күзді  де, күнді  сүйе де,

 Айнала сеуіп шапағат.

 Қып – қызыл ерін- шиеде,

 Уылжып тұрды махаббат!

                   ***

Кернегендей  кеуілімді сағым – мұң,

 Ел – сел болып көк жүзінен ағылдым

 Жанбырлардын жүзін тіліп жарқ етер,

 Жасын күйім, жастығымды сағындым.

 Түкпірінде жүрегімнің тілдей мұң,

 Талықсиды,  күле алмаймын, күлмеймін.

 Қай күн, айдан басталғаның жолымның,

 Білем, бірақ тоқтар жерін білмеймін.

 Көкірегімді кеулеп ағын көшелі үн,

 Ел – сел ойдың теңізін мен кешемін.

 Күздін күрен жапырағын жамылып,          

 

Қарашаның  нөсеріне көшемін...

                    ***

Бір хабар келсе алыстан,

Жалғанға  жаным тұрғызбай.

 Сонау бір көктен, ғарыштан,

Түсермін ағып жұлдыздай.

Жапырақтай ғана жүрегім,

 Тәрк етсе  тағдыр – талайын.

 Асылып айға білегім,

 Түнді де тілер  арайым.

 

Жылдарым -  жауын тоқтаған,

Көз жасы кеуіп тиылған.

Базына айта ма кеп маған,

Өткеннен,  қиян – қиырдан.

Көріп те көніл  шайлығып,

Күйіп те, сүйіп көнгенмін.

Қарасам кейде  қайырылып,

 Сонымда өншен  өлген күн.

Белгі бар дейді өткенде,

 Табам ба ізін, қарасын.

 Айналып жерді көкпенбек,

Жұлдызым, ағып барасың...

               

 


Share:      
Leave a comment: