Blogs
Уақыт пен Адам
Уақыт деген не? Уақыт- бұл мүмкіндік.Мүмкіндігіңізді тиімді,ұтымды әрі пайдалы пайдалан.
Бізге берілген ең құнды сыйлық - уақыт.Уақытты кері қайтара алмайсың.Сондықтан қандай да бір маңызды шешеімдерді қабылдар алдында ой елегінен өткізіп, сараптаған жөн.Бұл қаншалықты алдағы уақытта сол шешімің сені өкіндірмейтіндей болу керек.Іште қап, әттеген-ай сол уақытта былай істегенде қазір былай болушы еді ғой деген өкініш болмау керек.
Уақытты текке өткізбеңіз!
Әдетте біз бос уаққытта ғаламтордан сүйікті фильм,сериал қарап,немесе пайдалы емес дүниелермен айналысамыз.Бұл уақытты өзіңіздің сүйікті ісіңізбен, не болмаса өзіңізді дамытумен айналысыңыз .Менің байқағаным адам дамудан шаршамау қажет. Даму барысында өзінің деңгейін,жаңа ашылмаған қырын көреді және өзін басқа бағытта сынап көреді.Адам дамығанда өзін бір қырын ғана емес ой-санасын, таным көкжиегін дамытады.Адамның ең ұлы жемісі- өзін дамытқаны, өзімен жұмыс жасай білуі және мардымды нәтижие деп білемін.
Бізге 24 сағат беріледі.Ал біз неге үлгермейміз?
Мұның себебі - өзіңде.Өйткені, санаңда мен үлгермеймін программа қойып қойғансыз. Шектеу ол миыңызда.Өзіңізді шектемеңіз егер шын қаласаңыз уақытты бәріне теңдей етіп бөліп барлығына үлгеруге болады.Тек жалқауланбаңыз!
Жақындарыңызға көңіл бөліңіз.
Күйбең тіршілік өз алдына тіршілік бітпес. Алайда жақындарыңызбен өткізген уақыт бір төбе. Олармен емен-жарқын езу тартып әңгіме-дүкен құрған сізді рахат сезімге бөлеп,күні бойғы шаршап-шалдыққаныңызды ұмыттырады,жанды тыныштандырады.
Қорыта айтқанда,сіз бен бізге берілген уақытты жарқын болашақты құру үшін өміріңізді көркем етуге жұмсайық. Әр сәтті бағалай білейік!
Алтын уақыттыңызды бөліп оқығаныңыз үшін рахмет!Сізге пайдалы болса сіз үшін қуаныштымын!