Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Ұмай түн

Blogs

21.06.2022
7358

Ұмай түн

Қараңғы түн. Құлағымда құлаққап.
Көкейіме мұңлы құстар қонақтап,
Жем шашқандай мына шара басыма,
Шоқып жатыр алма-кезек ойран сап.

Келмей ұйқым, мен сен үшін бөтенмін,
Жолатпастан өзегімді өртедің.
Жақтырмаған құшағыңды қусырып,
Талай түнек көз ілместен өткенмін.

Әр нәрсенің парақтарын ақтарып,
Талай таңым атып жатыр шоқтанып.
Жарғағымның несі қалды дірдектеп,
Дыбыс түтік ауырсынды қызарып.

 

Тыпырлаған көмескі өмір жұмысыңда,
Кешқұрымда тәлтіректеп қуысыңа.
Менің шіркей тәнімді мазаламай,
Ала-гөрші Ұмай түн
уысыңа.

 


Share:      
Leave a comment: