Blogs
24.09.2019
4513
Ұнатамын
Ұнатамын әз анамның күлгенін
Амандықпен алдымда ұзақ жүргенін
Ұнатамын әкешімнің сөздерін
Мейірім тола оның қара көздерін.
Ұнатамын баламның бал былдырын
Әкелгендей отбасыма күн нұрын.
Ұнатамын қызымның гүл қылығын
Балғындығы, еркелігі - қызығым
Ұнатамын ақ әжемнің ақылын
Даналықпен немерем деп сүйгенін.
Ұнатамын сіңлімнің бұлаң қағып
Еркелікпен қадамымнан ергенін.
Ұнатамын інімнің өр мінезін
Өр мінезбен батылданып жүргенін.
Ұнатамын келінімнің ибамен
Ізетпенен иіліп сәлем бергенін.
Share:
Leave a comment: