Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
ESSAY
Үш кездесу

Blogs

26.05.2019
5970

Үш кездесу

 

 

1972 жылдың қазан айында Алматыдан кезекті жұмыстан демалысымда алып Арқалыққа келдім. Торғай облысының жаңадан ашылған кезі, қалада керемет құрылыс жүріп жатыр. Мен өзімде құрылысшы болғандықтан қандай үйлер салынып жатқанын айтпай-ақ түсіндім. Күн жаңбыр Автовокзал аты, ескі бір вагон маңайы ми батақ. Әйтеуір кезекте  тұрып «Пазик» автобусына билет алдым. Сонымен сағынған үйім Тәуішке келдім. Ол кезде мен КазГу-дың филология факультетінің 2-курсын бітіріп 3-курсына кіріскен кезім. Факультеттің деканы Тұрсынбек Кәкішов келесі жылы осы курстан екі студентті күндізгі бөлімге ауыстырамыз, біреуі Ғапбасов 3-курстыда осындай жақсы аяқта деген.

 

1969 жылы оқу іздеп Алматыға келдім мақсатым заңгер болу бірақ, жолым болмай қойды. Жолда емтихан тапсырамын, конкурстан өте алмай қаламын. Соңғы рет 2 пәннен 5, біреуінен 4 алсамда өте алмай қалдым. Сондан доцент Хасен Кәрімов Әй, Ғапбасов, сен заң факультетіне түсе алмайсың, бұл факультетке 2 жыл бұрын кім түсетіні белгіленіп қояды. Тек,  заң факультеті ғана емес ҚазГу-дің күндізгі бөлімінің бәріне де солай, сондықтан басқа факультетке сырттайға түс,сосын жақсы оқысаң күндізгіге ауысасың деген соң сырттай бөлімге түскенмін Алматыда үй құрылысшылар комбинатының ІІ-СМУ бригадир бола көптен жұмыс істеймін.

 

Үйге келісімен отын, малға шөп түсіріп, түсірген талды үйдің алдында бұтап жатқанмын. Күн ашық жылы. Есіктің алдына екі «Волга» мәшинасы келіп тоқтады алдыңғыдан ауданның хатшысы Алматов Қайырбек, кеңшардың партком хатшысы Сүлейменов Жалғас, келесі көлікке орта бойлы, ашық, ажарлы, шәші қара артқа қайырған бір кісі түсті. Мен қолымдағы балтамды жерге тастап, жүгіріп барып сәлем бердім Қайырбек ағай: Ғапбас ағай үйде ме? деп сұрады.  Үйде деп ішке кіруді сұрадым. Үйіміз шатырсыз саманнан салынған 2 бөлмелі ескі үй. Әкем мен келген соң күздікке құлын сойған, соның қазысын тіліп отыр екен. Кісілер Ассалаумағалейкум деп сәлем берді. Әкем орнынан ұшып тұрып, кісілермен амандасып жатты, мен қонақ үйге көрпе төсеп, жастықтар тастадым. Қонақтар жайғасқаннан кейін Қайырбек ағай қонақты таныстырды Өзбекәлі Жәнібек ініңіз облыстың хатшысы деді. Әкем орнынан тұрып, Өзағаңның қолын алып, жаңа қызметімен құттықтады. Маған ымдап, шешеңе дәм салсын, шай қойыңдар деді.

 

Амандық – саулықтан кейін Өзағаң әкеме мен Ақтөбеге, Жезқазғанға жұмыс барысымен іс сапарға барғанымда Сіз туралы көп естідім. Осында келген соң мына Қақаңнан сұрап едім, ол кісімен таныстырайын, барып сәлем берейік деп осында келдік әкем риза болып қуанып жатыр.

 

-Ақсақал, - деді Өзағаң біз асығыс емеспіз. Сіз өз өміріңіз жөнінде бізге айтып берсеңіз деді.

 

Әкем мен 1920 жылдан КПСС мүшесімін қазір Одақ дәрежедегі дербес зейнеткермін бала-шағалымын, немерелі-шөберелімін. 1894 жылы осы табанда дүниеге келдім. 1912-1915 жылдар Уфа қаласына барып «Ғалия медресесіне» түсіп оқыдым. 1916 жылы елге келіп Амангелді бастаған Азамат соғысына қатыстым. 1917-1920 жылдары  Қызыл Әсер Қатарында болдым. Онда Әліби Жанкелдімен таныстым. 1920-1923 жылдары Торғайда «Түйемойнақ» мектебінде мұғалім 1923-1926 жылдары Торғайда аудандық халық соты. 1926-1928 Торғайда болыстық атқару комитетінің төрағасы, 1928-1930 жылдары «Батпаққара» аудандық атқару комитетінің төрағаның орынбасары, 1930-1940 жылдары Ақтөбе облысының «Қарсақбай», «Новороссейск», «Шалқар» аудандарында сот болды. 1940-1943 жылдары Торғай ауданының «Олжа» колхозында төраға болып істедім. Бұдан кейін 1960 жылдар арасында Торғайда оқу бөлімінде инермай меңгерушісі, мектеп директоры болып қызмет атқардым. Өзағаң, аға Сізді ел неге «Байпақ сот» деп атайды? Иә, деді әкем  1933 жылы күз айында екі адамдық фонер ұшақпен елге келдім. Ол кезде қызмет істейтін кісілер аяғына ақ бурки киеді. Мен ұшақтан түскенімде аяғымдағы буркиді көріп, елдегілер, ойбай, сот аяғына ақ байпақ киіп, «Дуадақпен» ұшып келді деп шулап таңданыпты. Содан айтылып кеткен ғой. Тағыда  Өзағаң сұрақ қойды. Аға сіз өз анасын түрмеге салды дейді, ол қалай болған? Әкем ақырын күліп алды да ол рас, 1938 жылы дүнкеннің күйіп тұрған кезі, бір күні үйге келсем, есіктен кіре асылып жатқан жылқының етінің иісі мұрын жарады, шешем ас үйде бір саба қымызды пісіп жатыр. Мен аң-таңмын шешем орнынан тұрып,  мені айналып-толғанып жатыр, көңілді Ғапбас-жан мына сен беріп жіберген тайдың етінен ет асып жатырмын, жолдастырыңды шақыр, қымызы жақсы екен, пісіп қойдым, мә ақшаң мен тиіскен жоқпын деп бір бума ораулы ақша берді. Әрине мен аң-таңмын мұны кім әкелді екен-деп інім Қазгерейден сұрадым, інім Кентай, Мәнтайдың адамдары сен беріп жіберді,-деп әкеліп тастады. Мәнтай, Кентай осы елдің белгілі байлары. Үстерінен іс қозғалған, енді не істеу керек, ертең олардың арызымен облыстан адамдар келеді. Әрине мені пара алды деп айыптайды. Дереу кеңсеге барып милиция бастығын шақырдым. Оған болған жайды айттым. Шешемді қонаққа шақырып жатыр деп, бір-екі күн түрмеге жап, менсіз шығарма дедім. Сонымен шешемді екі милиция қонаққа деп немересі Болат екеуін түрмеге алып кетті. Әйелім Батилаға әкелген етті, ақшаны, қымызды бір жерге қой, тиіспе, ертең облыстан адамдар келеді, айтқандай келесі күні облыстық прокуратурадан адамдар келді. Мені тұтқындау жөніндегі санкция бар. Оларға пара алған адам түрмеде, дедім. Түрмеге барып кемпір мен кішкене жас бала оларға не десін түрмеден босатып, жәйларына кетті содан қалған сөз ғой. Тамақ ішіліп болды. Әкем кісілерге басқа бүйімтайларың бар ма? –дей  сұрады Өзағаң әкеме Ақсақал мына Қақаңнан естідім Сізде азамат соғысы кезінде пайдаланған қаруыңыз бар екен соны көрсем деп едім.

 

Әкем өте ақкөңіл кісі болатын, қызмет істеп жүргендегі құжаттарын шүберекке орап, карзинкеде сақтайтын. Әлгі қанжарды және үлкен карзинаны Өзағаның алдына қойды.

 

Қанжар негізінде ертерек жасалынған ауыр, өткір, сүйегі асыл темірден, сабы сары жезден мәнерлей, әшекейлеп соғылған Өзағаң Қанжарды қолына алып, олай-бұлай қарап, анда-санда басын шайқап қояды. Аға, бұл бір ерекше жәдігер екен деп құжаттарды ақтара бастады. Алғашқы қолына алғаны Қарсақбайда сот болып істеп жүргенде 1935 жылдары Жезқазғанда заводына кіруге берілген түсі қызыл М.И. Каланиннің қолы қойылған №4 мандат. Әлгі  мандат атып таң қалып, мұндай мандатқа неше адамға берілгені есіңізде ме деп сұрады. Әкем көп адамдарға берілген жоқ, ауданның хатшылары, атқару комитетінің төрағасы мен орынбасарлары, сот, прокурор, милиция бастығы кіре алды. Оның өзі М.И.Каланиннің қолы болса ғана.

 

Үйде ескі патефон болатын, құжаттардан әкемнің партиялық анкетасын, өзінің бір суретін, әлгі мандатты және қанжарды Арқалықта ашылатын мұражайға сұрап алды. Сөйтіп, әкеммен қоштасар алдында Қайырбекке мына ақсақал тұнып тұрған тірі тарих, осы заман үшін бар күш-жігерін, маңдайының терін төкті. 1920 жылда КПСС мүшесі елде некен-саяқ. Істеген еңбегін ешкімге міндетсінген жоқ оған дәлел мына кіріп отырған үйі. Бір жаңа баспана беруге әбден болады ғой. Ертең жоғары жақтан ұятта, кісілер міндетті түрде ақсақалға сәлем береміз деп, мына мен сияқты іздеп келеді. Сонда осы үйге кіргенде сендер жөнінде не ойлайды. Әлі кеш емес жаңа үй беріңдер-деп қоштасып, көлігіне отырып жүріп кетті. Жақсыдан шарапат деп ұзамай орталықтан жаңадан салынған баспана берді.

 

1991 жылдың шілде айында аудандық партия комитетінің активі болды. Активтен кейін бірінші хатшының кабинетіне кеңшар директорлары мен партком хатшыларын жинады. Ауданның бірінші хатшысы Жақан Қосабаев Көкшетау қаласында Абылайдың 280 жылдығына байланысты Республикалық дәрежеде үлкен той болатынын оған облыстар мен қырғыз, өзбек, россиядан қонақтар шақырылғанын, осы тойға Торғай облысынан Жанкелді ауданы яғни біздің аудан қатысатынын айтты. Той тамыздың бірінде басталады, уақыт аз қалды. Қазір әрбір кеңшарға жеке-жеке тапсырма беремін. Бізге 12 қанат Ақ Орда «Ақкөл» кеңшарында Абылайдың «Жорық шатырын» шатыр ешқандай тіреусіз болсын деді. Бүкіл кеңшарларға тиісті тапсырмасын берген соң жиналғандарды таратты.

 

Біздің «А.Байтұрсынов» кеңшарының директоры Россияға құрылыс материалын дайындауға аға прораб екеуі жұмыс сапарымен кеткен.

 

Бүкіл ауыртпалық партком хатшысы мына маған жүктелді.

 

Ауылға келісімен қасыма бас есепші Шүңгілов Әкімбекпен, директордың орынбасары Әбдіғалиев Өмірзақты алып Аралға киіз үй іздеп іс-сапарға шықтым. Аралдың Қазалы ауданынан таңдап жүріп екі алты қанат киіз үй алдық.

 

Елге жетісімен киіз үйдің жобасын қағазға түсірдім. Уық, Керегелерін ұзарту, ішін жабдықтау. Оған ұлттық үй жиһаздары, аң терісінен тігілген киім-кешек, ыдыс-аяқ, ат әбзелдері, аң терілері, қару-жарақтар т.б.

 

Бөлімше меңгерушілерін шақырып, ақ марқаларды қырқып, киіз бастыру осы сияқты жұмыстарды жоспарлап кірісе бергенімде, тағы мені ауданға бірінші хатшыға шақырды. Кабинетіне кірсем ішінде «Ақкөл» кеңшарының директоры Болғанбай Қойшин отыр. Орындыққа отырысымен маған Балықбай, сен киіз үйдің сызбалары мен Аралдан әкелген үйлеріңізді бүкіл бау-жіптерімен мына Болғанбайға бер. Киіз үйді осылар жасайды. Шатыр істеу бұлар қолымыздан келмейді деп кешеден бері мазамды алды. Шатырды сен істейсің, бұрын Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) тойын өткіздің, тәжірибең бар, ал енді боссың жолың болсын деді.

 

Менің айтайын деген уәжіме құлақ та аспады.

 

Әрине мен үшін бұл күтпеген жағдай еді. Бұрын соңды шатыр істемек түгіл, шатырды да кинодан басқа жерден көрмегенім жоқ. Шатырды істемесем басым бәлеге қалады. Уақыт аз. Үйге келген соң, шатырдың жобасын қағазға түсіріп, биіктігі 9 метр, диогоналы 9 метр шатырдың сүйегі дайын болды. Шатырдың іші үш сәкіден және алдыңғы биік сәкіде ханның тағының ағаш шеберлерге сызбасын сызып, жасаттым. Сыртын ақ бөзбен ауданның тігіншілеріне тіктірдім. Ішін әр түрлі мәуіттермен қапталады, қалған екі сәкінің бірі билер, келесісіне уәзірлер отыратындай етіп, үстеріне түкті. Аралдың қолдан тоқылған кілемі төселеді, оюланған төсеніш көрпешелер, жастық, аң терілері, тіпті қарақұмға кездесетін мәлім, қара түлкінің, арлан қасқырдың терілері, ауылдағы атақты ұстасы Жармақ атайға ер адамның балдағын, беліне тағатын батырдың белбеуін жасатып алдым.

 

Сонымен 29 шілдеде Көкшетауға барып, жұртпен бірге киіз үйлерді, шатырды тіктік. Он екі қанат «Ақ Ордадан» басқа, алты киіз үй тігілді. Атап айтқанда батырлардың: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Бұқар Жыраудың жеке- жеке үйлері тігілді. Ауласында «Тайқазан», ақбота інгенімен ақ боз ат, «Ақ Орданың» бір жағына Абылайдың, екінші жағына Н.Назарбаевтың ақ киізге суреттері салынып орнатылды.

 

Бірінші тамызда той басталды. Адам ығы-жығы. Россиядан Омбы, Орынбор, Челябі облыстарынан келген қазақтар хан шатырының ішіне кіріп, тақтың алдына тізерлеп отырып, тақты сүйіп «Қайран атекем» деп, кейбіреулері көздерінен жас алды. Құран бағыштады.

 

Алматыдан келген үкімет басшылары Қуаныш Сұлтанов, Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдіков, Қазақстан Ғылым Академиясының президенті Сұлтанғазин К.Сағидиев ақын С.Жүнісов т.б. ақын жазушылар Қазақстанның бас имамы Ратпек қажы, облыс басшылары айтыс ақындары, спортшылар кіріп шатырдың ішін тамашалап жатты.

 

Бір кезде аяқ-киімін шешіп, Өзбекәлі Жәнібеков ағай қасында бір кісі бар кіріп келді. Екеуінің үстінде де өте әдемі тігілген қазақи киім, бастарында қазақ тақиясы тақтың жанына барып, екеуі де тізерлеп отырып, Өзағаң құран бағыштады.

 

Құран оқылып болған соң, мен сәкіден түсіп, ағайларға сәлем бердім. Жоғары сәкіге көтеріліп отыруын өтіндім. Екеуі де сәкіге шығып, көрпешеге молдас құрып отырды.

 

Жұбайым тостағанға құйып, қымыз ұсынды. Тәтті, әбден иі қанып пісілген қымызды жайлап ішіп отырып, маған мына шатырды кім істеді деді. Мен өзім жасағанымды айттым. Шатырдың жобасын қайдан алдың деді. Мен бүкіл энциклопедиядан қарадым дедім. Бірақ, шатыр деген мәлімет ала алмадым, сонымен ойласып отырып мына сызбаны жасадым деп сызбамды ұсындым. Шатырдың суретін көріп отырып, өзің суреттен хабарың бар ғой. Ағаш шеберлігін де жақсы меңгеріпсің,-деді.

 

Сосын баяғы алғашқы көрген қалпында, біраз ойланып отырып, маңдайының терін бет орамалмен сүртіп, өте жақсы, көркем жасалған. Безендіру көз тартады. Мен мұндай әсем жасалып, сұлу жабдықталған шатырды бірінші рет көріп отырмын. Бір қателік бар екен. Енді есіңде болсын үш жүздің белгісін тақтың басына орналастырыпсың, идеяң дұрыс, бірақ, Ұлы жүздің белгісі «Қауғаны» аударып салыпсыңдар, «Қауғаның» аузы жоғары қарап тұру керек. Жүзінде ешқандай зіл, ашу жоқ. Көз қарасы аса мейірімді. әдемі қоңыр даусымен, ақырын сөзін саптады. Шырақтарым мына жасаған дүниелерің өте жақсы, ұсынған қымыздарын дәмді екен деп қолын жайып бата берді.

 

Аяқ-киімдерін салып, сыртқа алғысымды айтып шығарып салдым. Әдемі жүрісімен аяғын нық басып, бойы тіп-тік басқа киіз үйлерді тамашалау үшін жүріп кетті.

 

Осы хан шатырымен он екі қанат «Ақ Орда» Алматыда 1991 жылы өткен Дүние Жүзі Қазақтарының І-ші Құрылтайында  тігіліп, Бас жүлде алды.

 

Бұл менің қазақ халқының маңдайына біткен аяулы азаматы, тарихта сирек кездесетін, қазақ тарихының бетінде алтын әріппен жазылатын бірегей адаммен екінші рет кездесіп тұрмын. Ұлы кісілердің батасы шығар.

 

Әрине үшінші рет соңғы рет, менің аяулы жарым Нүршиляның қолынан дәм татып батасын беретінін білгенім жоқ.

 

1994 жылдың мамыр айының соңғы күндері мен «Сарысу» мемлекеттік шағын кәсіпорын директорымын. Таңертеңгі сағат 9 кезінде адан әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Оспанов Сұлтан келді. Маған ертең түске қарай саған қонаққа Өзбекәлі Жәнібеков келеді. Облыс әкімінің орынбасары Р.Сариева, облыстық мәдени бөлімінің бастығы Жұмағали Өмірбеков және өзіміздің аудан әкімі Мақсұт Шәкемелов, келеді. Соған облыс әкімі Ж.Қосабаев сен қарсы алсын деп хабар берді. Киіз үй тігетін жерді белгілейік деп ақылдасуға келіп отырмын деді.

 

Екеуміз барып Оралбай деген жерді таңдадық. Сол күні белгіленген жерге үш киіз үй тігілді. Үйдің ішін жабдықтадық. Бір сүт еміп жүрген семіз құлын және бір бұқпаға  қой сойылды. Әйтеуір келесі күні сағат 11-ге дейін қонағасы дайын болып қонақтарды кеңседе күттім.

 

Айтқандай 12-ге жақындағанда күткен кісілерімізде келіп жетті. Даладан күтіп алды. Өзағаң амандық салықтан кейін, ал, інім, не көрсетесің деп әзілдеді. Мен жаңадан салынған орталау мектепке бастап жүрдім. Мектеп менің әкем Ғапбас Саламатов атында еді. Мектепті ауылдың клубы, бала – бақша, медпункт, кітапханаларды көріп риза болды. Осы кезде осындай мәдени мекемелерді ұстау ерекше  ерлік. Ауылдың іші тап-таза үйлер, қора жайлар ақталған көшеде көлденең жатқан ештеңе жоқ. Боқаттарды жылда тазартамыз Өзағаң менен ауылыңда неше отбасы бар, қанша кәсіпорында мал бар, мектепте неше бала оқиды, жалпы адам саны қанша деген сұрақтар қойды. 88 отбасы, 760 адам, 107 оқушы, 27 мың қой бар екенін айттым.

 

Ауылдың сыртында жүзден астам құлын байлаулы, бие сауады. Осыларды көріп, елің бай тұрады, тұрмыстары жақсы екен. Бие сауу үлкен рыс қой. Бір түрлі көңілім көтерілді деп, көңілін білдіріп жатты. Қонағасы беретін жерге жеттік. Қонақтарымыз әбден жайғасты. Өзағаң осы жерді қалай атайды, мына  өзеннің атауы қалай деген сұрақтар қойды. Мен жердің аты Оралбай кезінде елге сыйлы діндар қажы болған кісі, іргемізде 3 км. Оралбай арғы деген қолдан елдің адамдарын ұйымдастырып қазған арық бар. Ертеде осы арықтың арғы басында шығыр болған, бала кезімде талай көргенмін. Ауылдастырна тары еккізген көрінеді, судың аты Қабанбай кеткен қара су дейді. Бір Әбілда деген байдың жалғыз ұлы арғы беттегі үйіне жүзіп өтемін деп суға кеткен көрінеді.осы өзенді сол баланың атымен аталып кеткен.

 

Отырыс өте көңілді болды. Облыстан келген Жұмағали ағай домбыра мен өзінің шығарған әндерін айтты.Осы Жүкең үнемі ине жіптен жаңа  шыққан киімдей жіп-жинақы, өте әдемі, көрікті болып жүреді.Әдемі әзілімен кез келген жерде тәнті қылып отырады. Әңгімеге көбіне Алматов Өрекен араласып, көптен таныс екендігін білдіріп отырады.

 

Әлі есімде 1987 жылы мен «Речный» кеңшарында ауылдық кеңестің төрағасымен облыс бойынша «Салауатты ел болайық» деген ұранмен бүкіл облыс көлеміне үндеу тастадық. Соған байланысты ауылды облыс көлемінде семинар – жиын болды. Сонда жиналыстан кейін осы Жүкеңе кеңшардың директоры Бекболатов Кәрімжан «Әй, Жұмағали інім, осы сеннен бір пайда көрмедім ғой»- деді. Жүкең жұлып алғандай «Кәке, осы міндетімді кісіге салмай өзіммен өзім жүргенім де Сізге пайда емес пе? » - деді. Орынды сөзден жеңіліп Кәкең енді ауызын ашпады.

 

Жүкеңнен кейін домбыраны мектеп мұғалімдері Әушанов Жомарт, Аманкелдин Жұмаділдер ән салды. Өзағаң барлық ынтасымен тыңдады. Соңынан елдің жігіттері өте өнерпаз екен. Әнді өз машығына келтіріп, әсерлі айтты, дауыстары әдемі, ашық, таза екен,-деп мақтады. Дәл осы кісіден осындай мақтау алған менің төбем көкке жеткендей болды. Қонағасының ортасына қарай ауылдағы ат әбзелін жасаушы шебер Қабдырашов Жағалбайлыға 24 таспа қамшы өргізгенмін. Өте әсем, сабы қызыл тобылғы оны сырты жезбен әшекейлеген шебердің өзі табыс етті. Шеберге қолындағы қамшыны әрлі-берлі сүйсіне, қызыға қарап тұрып, бұдан басқа не өнерің бар деді. Шебер теріден илеп киім, тон, тұлып, ат әбзелдері, саптама, етік, шана, арба жасаймын деді. Әкең де шебер ме еді, деді Өзағаң. Иә, шебер болған, ұста Қабдыраш деген кісі деді. Сонда Өзағаң «Әлгі үш қырлы егеу болса самолет жасауға болады» деген ұстаның баласы екенсің ғой-деді. Әрине бұл кісінің  зеректігіне іштей таң қалдық. Таң ата қонақтар жинала бастады кетерінде Өзағаң «Балықбай, еліңе бақ қонғандай екен, өнерпаз, шебер, ұста, мына берген қымыздарыңның өзіне не жетеді, мұндай дәмді қымызды осы жерден ішіп тұрмын, бұл елдің берекелігін білдіреді»-деді.

 

Батасын беріп аттанып кетті. Кетерінде жолға 20 литрден екі термосына 40 литр қымызды көліктеріне салып бердім. Кейін Жұмағали ағай Өзағаң Бидайық кеңшарына барғанда да басқа жерлерде Арқалыққа жеткенше сенің қымызыңды мақтап отырды. Бір термосты Алматыға жігіттерге ауыз тигіземін деп алып кетті. Торғай сапарына өте-мөте риза көңілмен Алматысына аттанды-деді.

 

Міне, менің ең соңғы Өзағаңмен дәмдес, дастархандас болғаным еді.  Топырағың торқа болсын, бүкіл қазақ халқының ағасы, елдің зиялы азаматы-Өзағаң!

 

Қазақтың маңдайына біткен Ұлы адамдарының бірі ғалым, қоғам қайраткері, этнограф, өнертанушы, аяулы азамат Өзбекәлі Жәнібековті үшінші рет кездестіріп, менің жарым Нүршиланың қолынан дәм татты, батасын берді. Бұл кездесу әрине соңғы кездесу екенін мен білгенім жоқ. Аттанып жатқандағы ажарлы, өте мейірімді бейнесі әлі көз алдымда. Қазір алпыстың үшеуіне келдім. Ақын інім Болат Молдашұлының маған мына өлең жолдары есіме түседі:

 

Өзіңсің көз алдымда тірі мүсін

Бойымда билеп тұр ғой әділ күшің

Балықбай асыл аға құтты болсын

Пайғамбар жас келіп тұрған 63-ің

Лаулады ішіндегі жалын отың

Күймедің ыстығына өсек шоқтың

Әділдік ту етіп алға аттадың

Білдірдің ұлы екенің «Байпақсоттың»

Сүрінбедің соқпақта ғаламатын

Зәбірлейді тағдырлар азаматын

Ұйқың қашып жүрсе де, күліп жүрдің

Ешкімге бас имеген азаматым.

Жазып жатсың тарихты қалың етіп

Байтұрсынов Ахметтің күйін шертіп,

Кім сенер қолын алды- деп Әуелбеков

 

Беріп кеткен ақ батасын Жәнібеков,-дегендей Өзағаңның берген батасы шығар алты баладан он бір немере сүйдім.

 

Арқалық

Болатбек Ғапбасов зейнеткер


Share:      
Амангелді Үдербаев
30.05.2021 18:54
Балықбай Аға! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Айтуға тұрарлық кездесулер екен, реті келген жерде Сіздің әулеттің азаматтарымен туыс-ағайын болғанымды мақтаныш тұтамын!
Leave a comment: