Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Үтік

Blogs

27.11.2017
11076

Үтік

-Сен неге сабаққа кешігіп келдін? Бұрын мұндай қылығың жоқ еді ғой, Көрікбаева, а-деді кешігіп келген студентке професор Көмекбаев. 
-Кешіріңіз! Мен, мен... Автобуста қызық болды ағай, былай ғой, таңмен ерте аялдамаға келем ғой, онға отырдым, сосын, а, ия автобустың шопыры мен кондуктор ерлі-зайыпты екен...
- Ой, қалқам онын мұнда не қатысы бар?
- Қызығы осы ғой,ағай. Екеуі ұрсысып қалды. 
-Неге?
- Әйелі «үтікті өшірдім» дейді, күйеуі «өшірген жоқсын» дейді.
Сосын, шопыр «бұрылып үйге барамын»- деді.
Әйелі «Мен не сол үтік үшік бір автобус адамды қонақ қыламын ба?»-деді. Жарты сағаттай айқайласты.
-Содан басталды, автобустағылар сол екеуіне қарап отырған, қызық көріп, сосын біреуі әйеліне, енді бірі күейуіне қоңырау шала бастады «үтікті өшірдің бе?» деп...

Осыны айтып болғанша профессордың ұялы телефоны шар ете қалды.
«Алло», «...». «Ә, не дейсін, үтік дейсің бе? «Өшірдің бе» дейсін бе?», «...». «Әй,үйде киімді кім өтектеуші еді?», «...» «Ә,мен екен ғой»... «Айтпақшы, бүгін үйдегі үтік істен шығып қалып... Бәсе, бәрі маған неге қарай береді десем, шалбарым үтіктелмеген екен ғой, атана нәлет...»
Байланыс үзіліп кетті. Үзілмегенде қайтсын, үтік бүгінгі күннің хитіне айналды, «Сіздің байланысыңыз жүйеде» деген сөз әркімнің жүйкесін жұқартуда . Барлық адамның соткасы «үтік» деп айқайлап жатқандай. 
Бүкіл операторлар жұмыс істеп кеткен.
Біріне бірі айлап-жылдап хабарласпайтындар «үтігін қалай?» деп звондап амандасып жатыр. Селфилер кетті, инстаграм, ватсап, фейсбук общым бүкіл желі түрлерінде үтігін сүйіп, үтігін сүйемін деп күйіп түскен қыз-жігіттердің суреті. Ғаламторда тек үтік туралы жарнама жарып тұр. Қайрат Нұртас «Үтік емес» деген ән шығарды, Төреғали «Алло, үтік пе едің?» деді деп біреу шықты, Алтынбек Қоразбаев «Қара үтік» деп жырлайды, Баян «Махаббатым үтігім» деген сериал түсіруде...деген өсек-аян да кетті-ау десейші.
Дүкендерде жылдап тұрған үтіктерін, жылан жалағандай жоқ. Өтіп кеткен.
Перзентханаларда «Үтікбай», «Үтікжан», «Үтік», қайдан қыстырылғаны белгісіз Қанат, одан кейін «Утико», «Үтіктай», «Ютукжон», «У Ти Хо»-лар дүниеге келе бастады.
«Үтікке көше беру керек, жоқ, қаланың атын беру керек!» деген белсенділер шықты. Мүсіншілер «Үтікке алып ескерткіш орнатамыз, оған үкімет бюджеттен миллиард бөлсін» деп лепірді.
Келесі күні өмірге қайтадан Әйгерім, Самат, Жанат, Гүлімдер келе бастады. Ғаламторда сол баяғы анау жеп, ал мынау деп қойды деген жаңалық, үтіктің дәурені бірақ-күн болды. Дегенмен, сол күнді үтік жарды!


Share:      
Leave a comment: