Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
ESSAY
Ыбырай Алтынсариннің Ильминскийге жазған хаты

Blogs

28.04.2017
22088

Ыбырай Алтынсариннің Ильминскийге жазған хаты

Ыбырай Алтынсариннің Ильминскийге жазған хаты

 

Хат алғашында ақпараттың, сәлемдесудің құралы ғана болса, кейін көсемсөздің алаңына айналды. Бұл сөзіміздің дәлелі жекелеген тұлғалардың жазбаларын оқығаннан кейін салмақты бола түседі. Сол тұлғалардың бірі Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған адам. Шет жайлап, білім іздеп орыс топырағын сан мәрте тоздырған. Кемеліне келіп, толысқан шағында шалғайда жатқан еліне келіп мектеп ашуды көздейді. Сол бір шағында пікірлес орыс достарымен хат алмасып тұрады. 1961жылдың 19 қаңтар айында Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Қазақ арасы деген маған мамық төсек, кең жайлау ғой; бірақ маған енді орыс қоғамының керектігі сезіліп жүр, олардың арасында болсам, мен орыс тілін үйрене берер едім, білгенімді ұмытпас едім. Ал ондай қоғам мұнда жоқ; мұндағы мырзалар бір-біріне ит пен мысықша қарайды; өзара керілдесе береді» [2,142]  дейді. Бір қарағанда қаламгердің жеке мұңы айтылып отырғандай көрінеді. Бірақ астарында қоғамдық проблема жатыр. Публицист орыс қоғамына не үшін мұқтаж болды деген заңды сұрақ туындайды. Ол сұрақтың жауабы ретінде хакім Абайдың:  «Ғылым бағу?  Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік» деген сөзін келтіруге болады. Ыбырайдың орыс досына хат жазуының басты себебі де осы екенін көріп отырмыз. Қаламгермен сырласуға жарарлық қазақ ауылында оқыған адамның болмауы сол кездің хал-ахуалын әшкерелеп кетті. Орыстың тіліне таласы бар қазақ мәдениетке қол созушы өкіл боп саналатын заманда ағартушы қай бағытпен жүру керегін жақсы білді. Бұл бағыт жалғыз Ыбырай Алтынсаринге емес, бүкіл қазақ қоғамына керек болатын. Демек, публицистің «Мен» деп баяндалатын мұң-мұқтажының астында күллі бұқараның міні жатыр. Уақыт өте келе бұл мінді анық көріп, үлкен сын тудырған ағартушының замандасы хакім Абай: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды» дейді.

 

 


Share:      
Жан❤
09.11.2021 23:31
Өте пайдалы
Leave a comment: