Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Жалпақ ана

Blogs

21.11.2017
5220

Жалпақ ана

Бал тілді бала Бейбарсты жаңа жылдық от шашу қызықтырған емес. Ол табиғатты, құбылыстарды зерттегенге әуес болатын. Жарқ- жұрқ еткен найзағай қалай пайда болады? Жаңбыр деген ше? Су аспаннан қалай құйылады? Жаңбыр болып құйылып жатқан сулар осыған дейін қайда сақталған? Осындай сұрақ көкейінен шықпай қойды. Бір де осындай құбылысты анасынан: - Ана, найзағай неге жарқылдайды?- деді Бейбарс - Күн неге күркірейді? –деді тағы да. - Балам, менің кішкентай кезімде де осындай сұрақтарды көп білгім келіп әжемнен сұраушы едім.Сен де маған ұқсайын депсің.- деп анасы баласының басынан сипады. - Менің әжем айтушы еді, аспанда бөшкелерін домалатып бір кемпір жүр, сол бөшкенің даусы еді. Кемпір бөшкелерін соғыстырып алғанда от шығады, сол бізге найзағай болып көрінеді дейтін. Бейбарыс бір күні терезеден жарқылдаған найзағай отын аңдып жатты. Бірінші от жарқылдайды, сосын барып тарсылдаған, гүрсілдеген дауыс келеді. От пен гүрсілдеген дауыстың арасы қанша уақытта жететінін санап көрді. - Бір, екі, үш, дегенде тарсылдап дауыс келді. Екі, үш секундта жетіп тұр деді. Өз білімімен пайымдап қойып. Кенет аспан ашылып, жаңбыр азайып бұлттар жөңкіліп көшіп жатты. Қара бұлттың арасынан анда- санда от жарқылы алыстан көрініп тұрды. Кенет терезе тұсынан аспанға әдемі кемпірқосақ керіліп тұра қалды. Кемпірқосақтың түстері неткен әдемі, санап алатындай. Тағыда сұрақ келді басына бұл не түстер? Кемпірқосақ деген атына қарағанда анамның әжесінің айтқан сөзінің дәлелі бар-ау деді ішінен. Терезеге қарап жатып ұзақ ой түбіне кетті. Кенеттен кемпірқосақпен ұшып дәл Бейбарстың терезесіне қарай Жалпақ ана ұшып келді. Терезеден ішке еніп, - Бейбарс деген бала сенбісің? Мені танымаған боларсың?-деп бірден тіл қатты. - Апа, сізді танымағаным рас, бірақ сіз туралы анамнан естігенмін, сіз... --дей беріп еді Жалпақ ана өзін таныстырайын деп тұрды да, мені анасы кім деп айтты екен біліп алайын деп тұрып қалды. - Сізді аспанда су толы бөшкелерді әрі бері тасып жүреді екенсіз, бөшкелерден аққан су бізге жаңбыр болып төгіледі екен, ал бөшкелердің дауысы найзағайдың дауысы болып күлдірлеп есітіледі екен –деді Бейбарс. Жалпақ ана миықтан күліп алды да «мейлі, солай- ақ болсын»-деді жымиып. - Ал анау кемпірқосақ менің өрмегім мен оны түрлі түсті жібектен тоқимын. Сен сияқты жақсы балаларды қуанту үшін, бақытты ету үшін. Сол жібек кемпірқосақ арқылы көмек керек болғанда жетіп келемін. - Ал не қалайсың? білгің келіп жүрген сұрақтарыңды қоя бер –деді Жалпақ ана. Жалпақ ананың жүзі сондай жылы шырайлы, басындағы кимешегі де түрлі түсті түстермен зерленген. Үстінде камзолы оюланған, аяғына көзі түсіп еді етігінің басы қайқы келген ертегідегі кездесетін желаяқтардың аяқ киіміне ұқсады. - Жалпақ шешей,-деді Бейбарс Жалпақ ананың атын ұмытып қалып. - Ау, балам, айта бер Жалпақ шешей дегенің тіпті жақсы екен- деді Жалпақ ана өз рұқсатын беріп. - Менімен сен деп сөлесе берсең болады, өйткені мен сенің ой қиялыңнан шыққан кейіпкеріңмін- деді Жалпақ шешей. Осыдан бастап Бейбарс Жалпақ ананы Жалпақ шешей дейтін болды. - Сен маған керек болғаныңда қалай табамын, күнде кемпірқосақ керіліп тұрмайды ғой, күннің көзі шыққанда көрінбей кетеді.- деді Бейбарс. - Ия күннің көзімен шағылысып көрінбей қалатын сиқыры бары рас. Бірақ, мен оның түстерін сен қалаған кезде жібере аламын, яғни қаласаң жерге түсіре аламын- деді Жалпақ шешей. Кемпірқосақ түстері даладағы шөптерде, гүлдерде, тіпті үстіңдегі киімдерде де бар- деді. Әлемнің бояуының бәрі менің кемпірқосағымнан түс алып құралады. - Тегін бересің бе, Жалпақ шешей?-деді Бейбарс. - Әрине, тегін, әлемнің түстерін мына сен сияқты балалар бақытты болуы үшін түсіремін- деді Жалпақ шешей. Жалпақ шешей Кемпірқосақтың түстерінен мамық мақта сияқты жұлып- жұлып алды да жерге шашып жібергенде шөптер арасынан түрлі түсті гүлдер масаты кілемдей құлпырып шыға келді. Бейбарс қуанғаннан «Алақай!» деп айқайлап гүлдердің арасынан құйындай құйғытып жүгіре жөнелді. Жалпақ шешей Бейбарстың елгезек, көп нәрсені қызықтап қарайтынын, білгісі келетінін, көптеген сұрақтардың жауабын шешкісі келетінін білуші еді. Ол құйындай құйғытып бара жатқан Бейбарсты қағып алды да кемпірқосақ үстіне мінгізіп, ұша жөнелді. - Қайда барғың келеді? Деді Жалпақ шешей. - Анау Көктөбені төбесінен көргім келеді.- деді Бейбарс. - Кеттік, Көктөбені көрсетейін - деп ұша жөнелді. Бейбарсқа қанат біткендей сезінді. Жалпақ шешей қасына отырып ұшып келеді. Кемпірқосақ неткен ұзын шегі жоқ, қызылды жасылды мамық еді. Әп-сәтте Көктөбенің үстіне де жетіп келді. Міне, Көктөбе!- көріп тұрсың ба? Ғажайып! Көктөбе тауы- қаланың ең әсем таңғажайып орындарының бірі. - Аспалы жолын байқап тұрсың ба? - Ия, Көктөбені қаланың орталығымен байланыстырып тұратын сым темірмен тартылған жол екен. - Жолының ұзындығы қанша екен?- деді балбұл жайнаған кейпін жасыра алмай Бейбарс. - Жолдың ұзындығы бір мың жеті жүз жиырма жеті метр, жүруге кететін уақыты алты минут.-деді Жалпақ шешей дәлірек болсын деп, Бейбарс нақтырақ жауап болғанына қуанып қалды. Іштей Жалпақ шешейді жақсы көріп келеді. - Жалпақ шешей, шаршамадың ба? Тағыда бірдеңе сұрағым кеп тұр. Қысылмай сұрай бер, сенің көп нәрсені білгің келетінін білемін, нағыз негешсің!- деп Бейбарстың кекілінен сипап қойды. Мұнда өте көңілді әрі ғажайып. Көктөбе – ертегілер әлемі. Кішкентай үйшіктер, лабиринттер, “Аққулар” мен ”Айналмақ” аттрак¬цион¬дары сияқты бір бүтін балалар әлемі, кіш¬кен¬тайларды ертегі әлеміне алып кетіп, қызыққа бөлері сөзсіз! –деді. Жалпақ шешей Бейбарсты масаты өрмегімен көмкеріп әрі қарай көз ілеспес жылдамдықпен ұша жөнелді. - Бейбарс, енді қайда келе жатқанымызды білген боларсың?! - Білмедім, таулы қыраттар екен,- дей берген де Медеу мұз айдынын көріп таң қалды. Төбесінен көрген бір қызық, коньки теуіп жүрген адамдар құмырсқа секілді, құжынап әрі- бері жүрген құмырсқа илеуі ма дерсің! Бұл көріністі көргенде аузы ашылып қалды. Жалпақ шешей Медеу мұз айдынын таныстыра бастады. - Алматының орталығынан жиырма минут ішінде көлікпен жетуге болады. Тау жағынан қуатты бөгеті бар. Осы бөгет арқылы қорғалып тұрған «Медеу» биік таулық мұз айдыны – ең басты көңіл бөлерлік нысандардың бірі.-деді Жалпақ шешей кимешегінің желбіреп келе жатқан ұшын камзолының ішіне тығып жөндеп жатып. - Жалпақ шешей, анау тұрған баспалдақты санап көрейінші -деді Бейбарс көзіне түскен баспалдақты көрсетіп. - Кейін достарыңмен келіп, өзіңді сынап көр, әйгілі жоғары өрлеу баспалдағы арқылы бөгеттің ұшар басына көтерілесің: сегіз жүз қырық екі тепкішек басқыш сендерді спорт алаңына алып барады, ол жерде тау көрінісінің қайталанбас әсемдігінен ләззат аласың, бұл – тамашалауға тұрарлық құбылыс.-деді Жалпақ шешей. Бейбарс үйге қайтуға асықпады, өйткені Жалапақ шешеймен саяхаты өте жақсы ұнады. Жалпақ шешей күн көзі ашылып жарқырап шығып келе жатқанын алыстан байқап қалды. Тезірек Бейбарсты үйіне жеткізу керек. Себебі күн көзі ашық жарқыраған кезде Жалпақ шешейдің сиқырлы масаты кілем кемпірқосағы шашырап көрінбей кететін еді. Жалпақ шешей Бейбарстың үйіне қарай ұша жөнелді. Дәл үйінің терезе тұсынан кемпірқосақтың жолағымен сырғытып түсіріп жіберді. Терезеден ішке енген Бейбарс төсегіне бірақ құлады. Бейбарс төсегінен тұрып керіліп айнаға қарап көрген жерлерін есіне түсіріп қызықтап тұр еді. Анасы түскі асқа шақырды. Анасымен тамақ ішіп отырып, Жалпақ шешеймен танысқанын айтты. Баласының сөзін тыңдап отырып анасы өзінің бала кезінде әжесінен естіген әңгімелерін есіне алып, қандай сәйкестік деп ойлады. Ертегіге сеніп өскен бала ерте есейеді деді- ол іштей тағы да.


Share:      
Leave a comment: