Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Жасасын көсем

Blogs

04.05.2019
5028

Жасасын көсем

Жасасын көсем

 

 

Американы үндістер картадан ұтып алыпты газет беттерінен. 


- Немене, қайталаңызшы?
 

Тыныштық.
 

- Қайталай алмайсыз ба?
 

Тыныштық, телефонның арғы жағынан үзік-үзік дабыстар шығып жатыр:
 

- Мына құрғыр құрылғыға бірнәрсе болып тұр ғой деймін. Өз құлағыма өзім сенер емеспін, қайталаңызшы.
 

Құлағына телефон тұтқасып бастыра қысып, үкімет шенеулігі ақырын орнынан тұрды да, есік-терезені көзімен сүзіп болып қайта отырды.
 

- Қайталаңызшы, жаңағы айтқаныңызды бір қайталаңызшы!
 

Тұтқанның ар жағы гүбір-гүбір дауысқа толып кетті.
 

- Сенатор Хемфритт деймісіз? Қазір сізге қайта шаламын!
 

Тұтқаны дереу қоя салған шенеулік тоғаннан ары орналасқан Ақ үйге үнсіз қарап отырды. Әлсін – әлсін қозғалды да үстелдің астында тұрған интеркомның түймесін басып кеп жіберді.
 

Хатшы қыз есігінен сығалай қарап, кіріп келе жатқанда, ол:
 

- Отырыңыз, сіз бұны естуіңіз керек.
 

Тұтқаны қайта көтерді де, спикерфонға басып кеп жіберді.
 

Арғы жақтан жауап беріп жатқан дауысты тыңдап болған соң шенеулік:
 

- Сөйлеп тұрған Элиот, біраз бұрын телефон шалған сіз емессіз бе? Сонымен, манағы әңгімемізді жалғасақ. Қалай дейсіз, сенатор Хемфритт? Үндістердің казиносы? Солтүстік Дакотада? Жақсы. Қанша сенетор болды? Он үш? Кеше кешкісін болған ғой? Сенімдісіз бе? Ол ес-түссіз мас болған жоқ па? Жақсы , кеш болып кетсе де президентке қоңырау шалайын!
 

Шенеунік тұтқаны жаба салып, хатшысына қарай бұрылды:
 

- Әлгі есерсоқ Хемфритті танисыз ба?
 

Ол басын изеді.
 

- Сол ақымақ көксоққанның не бүлдіргенін білесіз бе?
 

- Білсемші...
 

- Бірнеше сағат бұрын қасына өзі секілді жиырма сенаторды ертіп, маркетингті зерттеу жүргіземін деп үндістердің

Солтүстік Дакотадағы жеріне кеткен болатын.
 

Хатшы үнсіз тыңдап отыр.
 

- Сосын, даңқты көсем, әлгі үлкен тайпаның көсемі Құрыш Бұлтпен рулетка ойнап. Нью-Йоркті тігіп, ұтылып қалыпты... хм...
 

Хатшы үн-түнсіз отыр.
 

- Сосын күллі штатты салып,ұтылып қалыпты, өңшең көксоққан. Таңғы екінің кезінде көсеммен отты судан ішіп отырып, құрама шттардан айырылып қалған, ақымақ бәлелер.
 

- Былықпа деп осыны айт,- деп қалды кенет хатшы қыз.
 

- Өз өзіме қол салудан басқа амал жоқ, бірақ алдымен кім Ақ үйге хабарласып, президентке барлық мән – жайды айтады екен?
 

- Ойбай, тек мен емес,- хатшы қыздың аянышты дауысы шаңқ ете қалды.
 

Америка құрама штаттарының перезиденті, аэропорттың бетон жолақтарының бойымен жүгіріп бара жатыр:
 

- Перзидент мырза,- атташелердің бірінің даусы шықты,сіз киінбедіңіз...
 

Расында, жатар киімнің үстіне тек пәлтесін жаба салыпты.
 

- Ұшақта киінермін. Сайтан алғыр,қайта бара жатырмыз өзі?
 

Атташе ұшқышқа:
 

- Қарғыс атқыр, қайда бара жатырмыз?
 

Ұшқыш қолындағы кестесіне тесіле қарап:
 

- Покахонтас-Биг-Ред-Казино», Оджибвей, Солтүстік Дакота.
 

- Онысы қайда?
 

- Канданың қасында,-деді атташе. Қауіпсіз жер, өңшең есерсоқтар тұрады. сайлауғада солар келеді, былтыр сонда үлкен жеңіске қол жеткізген болатынбыз.
 

- Нөмір бірінші бортты қабылдайтындай аэропорттары үлкен бе?
 

- Шағын!
 

- Сағат неше?
 

- Таңғы үш президент мырза!
 

- Құдайым-ау ел билеу деген шынында оңай іс емес қой ,-деп президент күрсіне креслосына жайғасты. Мән – жайды толықтай айтып берші?
 

- Мәселе мынада президент мырза, Солтүстік Дакотада демократиялық партияның көсемдерімен кездесу өтіп жатқан, ал олардың он үші «Пахаконтас –Биг-Рэд-Казиноға барып түнімен қыдырған болуы керек!
 

- Қайталаңызшы,қалай болды?
 

- Алғашында біраз,біраз,ал сосын қызып кетсе керек, бүкіл АҚШ –ты ұтылып қалыпты.
 

- Бір ойында бірақ?
 

- Жоқ, маған жеткен мәліметтерге сүйенсек, әр ойында бір-бірлеп.
 

- О,құдай!
 

- Шынтуайтына келсек мырзам, алдымен Нью-Йоркті, сосын шттардың ішінен бірінші Флориданы тігіп жіберген.
 

- Ақылға қонымды-ақ!
 

- Сосын оңтүстік штаттар бірінен соң бірі кеткен, шамасы азаматтық соғыспен бір байланысы болуы керек.
 

- Сонда?
 

- Білмедім, бәрі шатысып кетті, азаматтық соғыстың салқыны әлі басыла қоймағанына көз жеткізуге болады, соған қарағанда оңтүстіктің демократтары штаттарды қызылтерілерге қайтарып берсек деген ойда болған ғой.
 

- Сосын?
 

- Ал сосын, штаттан штат кеткен, ең аяғы Аризонаны беріп нүктесін қойған. Солай біздің ару Америка өзенімен көлі,тауымен шөліне дейін Құрыш Бұлттың жеке меншігіболып шыға келді.

 

- Үндіс көсемінің?
 

- Иә, казиноның қожайыны сол үндіс. Президент біраз үнсіз отырды да:
 

- Ақыры олар ішеді екенғ маған да болар, құйып жіберші.

 

Аса құрметті президент мырза нық қадамдарымен Пакахонтас –Биг-Рэд казиносына кіріп келді де, залды оттай жаңған көздерімен бір шолып өтті.
 

- Әлгілердің апаны қайсысы?
 

Атташе қолымен нұсқады.
 

- Ал әлгі көксоққан есерсоқтар қайда. Сенаторларды айтамын
 

- Апанда әрине.
 

Президент есікті теуіп кіріп келді, бөлменің ішіде зәре-құты қалмаған он үш сенатор зәрелері зәр түбіне кетіп отыр.
 

- Қозғалмаңдар! Әкелеріңді танытайын! Саусыңдар ма?
 

Бәрі басын изеді.
 

- Ендеше сендерге ішу керек те! Смитпен атташе бөлеп зытып ала жоғалып,бір уақытты қойындарына құшақтап шарап алып келді.
 

- Окей, бұл істі дұрыс шешейік,ұрыттаңдар!
 

Сұсты жүзімен бәріне әрірейілдей көріп отырған президент:
 

- Немене жаназаға келгендей болып қалғансыңдар. Үнсіздік бөлмені шарлап біраз жүрді.
 

- Кім жауапты? Сенатор Хэмфат?
 

- Хемфрит, мырзам,-деп қалды сенаторлардың бірі.
 

- Хэмфритт. Жалғастыра бер, айтпақшы Смит жаңалықтар агенттігі мән-жайды біледі ме?
 

- Әзірге жоқ, сэр.
 

- О,құдай, пресса білсе, шаруамыз бітті дей беріңдер бізді түтіп жейді.
 

- Бір сағат бұрын Си-эн-эннен хабарласып бәрін білгілері келетінін айтты.
 

- Ауыздарын жаптыр. Бар біреуді жібер!
 

- Қолымыздан келмейді мырзам
 

- Тырысыңдар...
 

Президент сенаторлар жаққа қайта бұрылды:
 

- Жақсы, ал сөйлеңдер, аспанмен таласқан даулары бар , даласы мәңгілікке сыр айтып жатқан туған жерлеріңді ұтылып қалуға қалай дәттерің барып жүр?
 

- Бәрін бірақ емес,бір-бірлеп мырзам,-деді сенаторлардың бірі.
 

- Немене, бір-бірлеп?
 

- Кішіден бастағанбыз, сосын үлкен дүниелерге ауысып кетті, тоқтай алмай қалдық. Алдымен покер,раж, сосын блэк-джек, ал одан кейін рулетка.
 

- Рулетка,иа одан тез ұтылып қалуға болады!
 

- Тіпті жылдам,-деп сенаторлар бастарын төмен салбыратын отыр.
 

- Қалай болатынын жақсы білесіз ғой, ұтылған кезде тігісті көбейтесің. Солай бізде көбейттік, үндістерге солтүстк,оңтүстк

Каролинаны ұсындық, құдай бәрін көріп тұр ғой ,ұтылдық та қалдық. Сосын біраз ұрттап алдық та,ражға көштік, оларға Солтүстік,оңтүстік Дакотаны ұсындық , оны да ұтылып қалдық.
 

- Жалғастыра бер,-деді ашуға булығып отырған президент.
 

- Сосын Калифорнияны қойдық!
 

- Екі есе тігіс?
 

- Иә,сэр. Негізі Калифорния төрт штатқа бөлінеді ғой: Солтүстік,оңтүстік,Голливуд,Лос-Анджелес.
 

- Дәл солай.
 

- Міне, бірер сағаттан соң бәрін ұтылып қалған соң, Вашингтонға қоңырау шалу ойымызға келді.
 

- Бастарыңа сондай ой келгеніне шүкір! Смит бұл істің заңды күші бар ма өзі?
 

- Егер, Франция,Ресей,Германия, Қытаймен Жапонияның селт еткенін назарыңызға алсаңыз...
 

- Мына казинода заңгерлер бар ма?
 

- Әрине,-деді атташе. Екі жүзге тарта заңгер жоғарыда покер ойнап отырған. Біреуін шақырайын ба?
 

- Ақымақсың ба? Егер солай болса, бірер сағатта-ақ далада қаламыз.
 

Перезидент бір шешімін табамын –ау деп көзін жұмып, шалқая жатып алақандарын тізесіне қойды, бәрінің көзі мырзаларында. Біраз уақыт еріндерін тістеп отырды,түрі боп-боз. Кенет манағы тістелген еріндерден қарғысқа ұқсас бір дүниелер ақырын шығып жатты:
 

- Ақымақтар,надандар,есерсоқтар,көксоққан мисыз есектер...
 

- Иа, сэр,-деді бір сенатор.
 

- Аяқтағаным жоқ,
 

- Иә сэр.
 

- Сайтан алғыр,қарғыс атқырлар...
 

Президент үнсіз қалды.
 

- Мисыз малдар,-деп біреу айтып қалды.
 

- Өңшең алқаш,ессіздер...
 

Бәрі басын үнсіз изеп отыр.
 

- Ақымақ,кещі,дегенераттар, аяуға тұрмайтын мәңгүрттер, құдайым-ау,құдайым...
 

Президент көзін ашты.
 

- Біздің жағдайымызда Біріккен ұлттар ұйымының біз үшін періштелер мекені,Энштейндер шоғыры. Әкелермен балалардың қасиетті рухтардың ордасы болып көрінетінін түсінемісіңдер?
 

Үнсіздік бөлменің ішін арлы-берлі кезіп жүр.
 

- Президент мыра, сабыр етіңізші,жүзіңіз қызарып кетіпті.
 

- Бозданып кетер деп ойлап едім,-деді президент. Конституцияда президентке мына ақымақ надандарды өз қолымен буындырып өлтіруге , пышақтауға, дарға асуға, электрорындығында күйдіріп өлтіруге рұқсат етілген заң бар ма?
 

- Ондай заң жоқ мырзам,-деді Смит.
 

- Конгресстің келесі отырысында қосатын болсын.
 

Ақыры олсабырға келді. Жұдырығын жазып алақандарында бірнәрсе жазылып тұрғандай кезек-кезек қарады. Кенет жас, Америка құрама штаттары президентінің жанарына ыршып түсті.
 

- Не істейміз, не істейміз?
 

- Президент мырза?
 

- Не істейміз...
 

- Сэр. Президент басып көтерді.
 

Оның алдында солтүстік американың басына қалпақ киіп алған нақ байырғы тұрғыны тұрды. Ол өте қатал әрі сұсты көрінді. Кішкентай бойлы үндіс джентельмені былай деп сөйледі:
 

- Сэр,бір ақыл айтсам болады ма? Уокеша қаласының ирокездерімен чиппеуалары кеңесінің төрағасы,мына казиноның қожайыны , ендігі мүткім Америка құрама штаттарының қожайынын одан ауденция алғыларыңыз келеді ме екен, сұра деді? Соны білгісі келеді!
 

Президент орнынан тұрып келе жатыр еді кішкентай бойлы үндіс :
 

- Отырыңыз,-деп қалды. Үлкен қалпақ киген ергежейлі бұрылып есікті ашып кеп жіберді, бөлмеге салтанатты түрде қара сұлба кіріп келді.
 

Көз жанары болаттай болып кеткен бұл адам құдды жабайы жолбарыстай жүрісін білдірмей жүріп келеді. Бойы жеті футтан асатын алып денелі, ал көзқарасы мәңгілік пе дерсің. Құдды бір дүние салған президенттер,белгісіз үндіс жауынгерлері осы бір жанның тұңғиық көздерінен қарап тұрғандай еді.
 

Жанындағы қызтекелеу біреу , бұл адамды ұлықтайтын бір мелодияны ызыңдатып айтып тұр.
 

Кенет жай түскендей,казинолардың алыфп иесінің даусы зәу ете қалды.
 

Қызтекелеу қызметі дереу аудара :
 

- Ол сіздерден бірнарсе болып қалды ма, - деп сұра тұр?
 

Сенаторлардың қашып кеткісі-ақ кеп тұр, бірақ президенттің көзқарасы,көзқарасы...
 

Президент теріп сүртті де, сабырға келіп :
 

- Сіз біздің мемлекетті ұрлап алдыңыз.
 

Жоғарыдан тағы дауыс шықты, төмендегі ергежейлі аударып жатыр:
 

- Тек бір ойында бір штат
 

Төмендегі ергежейліге бір сыбыр естілді де, ол басын изеп:
 

- Ал енді ол , сіздерге тағыда ойнап көруді ұсынып отыр, көсем жақсы ойнышы ретінде тәуекелге барғысы келеді.
 

Жер сілкінгендей сенаторлар дір ете қалды. Езулері құлақтарына бір елі жетпей тұр. Президент дәл қазір есінен таңып қалатынын сезіп тұрды,сосын:
 

- тағы да ойна дейсіз бе, ал ұтылып қалсақ ше?
 

Ергежейлі көкке қарап бірдеңелерді айтты да , қайтадан президентке қарап:
 

- Бізге Франциямен Германияны бересіздер.
 

- Бірақ біз олай жасай алмаймыз,-президенттің жан дауысы шықты.
 

- Жоқ? Алыптың дауысы...
 

Президенттің шашына лезде ақ түсіп кеткендей.
 

- Ендеше,деді манағы сұлба...
 

- Ендеше? ,-деді АҚШтың бұрыңғы президенті.
 

- Егер ұтылып қалсаңдар,-деп сөзін жалғады ергежейлі, біз АҚШтың қожайыны болып қаламыз, ал сендер барлық штатта казино тұрғызасыңдар,сосын үндістердің барлық жерінде бастауыш,орта мектептермен университет салып бересіңдер. Келісесіңдер ме?
 

Президент басын изеді.
 

- Ал ұтсаңдар, дәл солай жасайсыңдар!
 

- Бұны қайдан шығардың,-деп президент айғайға басты. Екі жағдайғада бір шарт қоя алмайсыңдар...
 

Көлеңкелі сұлбалар өзді-өзі күбірлесіп кетті.
 

- Өмір сондай...
 

Президент үнсіз бәрін шешті де:
 

- Ал,бастайық.
 

Барлық штаттармен казино қожасының қолдары эксковатордай көтеріле кеп, карта колодасын қысып алды.
 

- Таратыңыз...
 

Президент аяқ – қолын көтере алмайтынын сезінді.
 

- Блэк – джек , -деді ергежейлі, әрқайсыңа екі картадан.
 

АҚШ президенті картасын теріс қаратып қойды.
 

- Алдымен сіз ашыңыз...-деді ергежейлі.
 

Президент қолдағы картасына сығалай қарады да, қуанышын жасыра алмастан,картасын ашып кеп жіберді. Төбеден тесіле қараған көсемге сенімді түрде қарап:
 

- Ал,енді сіз.
 

- Ашылыңыз ,-деді аудармашы.
 

- АҚШ президенті картасын ашты, ортақ ұпайы 19.
 

- Ал , енді сіз ,-деді президент.
 

Тағы да гүрілдеген дауыс естілді. Сосын ергежейлі президентке қарап:
 

- Сз жеңдіңіз.
 

- Қалай сонда , сіздер тіпті карталарыңызды қарағанда жоқсыздар ғой,-деді таңқалған президент.
 

Төбеден тағы бір бұлт өткендей болды.
 

-Сіз ұттыңыз,мемлекет сіздікі. Енді тек бір мәселені шешу қалды. Ол президентке бір жапырақ қағаз ұсынды.
 

Қағазда: «Жиырма алты доллар тоқсан цент» деп жазылып тұр екен.
 

- Бұл,-деп түсіндірді ергежейлі, көп ай бұрын Манхэттен үшін төленген сомма.
 

Президент әмиянын алып шықты. Жоғарыдан тағыда гүрілдеген дыбыс шықты.
 

- Ол ұсақ купюрамен алғысы келеді.
 

Президент купюраларды қатыпқалған алып қызыл ағаштай қолға ұстатты.
 

Жоғарыдан тағы гүріл шықты.
 

- Ал,енді ?
 

- Ол сіздің көптеген кеме салатыныңзға үміт етіп отыр, сосын сіз келген жағыңызға кету үшін сапарға дайын болғанда ол сізбен қоштасуға келеді!
 

- Ол солай деді ме? Президент тағыда үстелде шашылып жатқан картаға үңілді
 

- Сіздерді алдап кетпегеніме көз жеткізсем болады ма? Ергежейлі басын шайқады.
 

Президент есікке жақын келді де , қайта бұрылып:
 

- Кеме жайлы не дейсіздер? Менің бір жаққа сапарлайтын ойым жоқ.
 

Жоғарыдан гүріл дауыс:
 

- Олай емес пе не?
 

Америка Құрама Штаттарының президенті бөлмеден шығып бара жатыр, артында сенаторлары...

Серікжан Қажытай 


Share:      
Leave a comment: