Blogs
Зейнеп апай
ЗЕЙНЕП апай АХМЕТОВА
(Бауыржан Момышұлының келіні):
Кішкентай, тіпті кішкентай кезімнің өзінде шешем марқұм жатарда киетін көйлегімді кигізіп, басымды орамалмен тастай қылып байлайды. Сөйтеді де: «Балам, түн – тылсым, түн – ауыр. Түнде жын-шайтан еліріп, адамның ашық-шашық жеріне үйір болады» дейді. Міне, содан бері басымнан орамал түскен жоқ. Әрине, жастау кезімде тақия да кидім, берет те кидім, шляпа да кидім. Ал, келін болып түскелі ашық-шашық жүріп көргенім жоқ. Осының барлығы – анамның тәрбиесі. Менің жас екенімде, қатарыммен бірге ойнап-күлгім келетінінде, соңғы сән үлгісімен киінгім келетінінде жұмысы жоқ болатын шешемнің. Тіпті, «Таңертең қол жумай, от жағуға болмайды. От – үйдің киесі, иманы. Әуелі қол жуып барып, от тұтату керек. Өйткені, ұйықтап жатқаныңда қолыңмен қай жеріңді ұстағаныңды қайдан білесің. Қолың таза емес. Сосын, ас үйге жалаңбас кіруші болма. Егер пісірген тамағыңнан сенің шашың шығып жатса, ол тамақ – арам. Оны ешкім жемейді. Бір тал шаш абыройыңды төгеді» дегенді үнемі айтып, санамызға сіңіріп тастаған.
Кейін өзім басымнан тастамайтын орамалдың киесін де, қасиетін де ұқтым. Орамал – қазақ әйелінің қорғаны. Жалаңбас, ашық-шашық жүретін әйелдерге жаман энергия көп өтеді. Сосын аурушаң, мінезі ұйқы-тұйқы әйел көбейеді. Осының барлығын ата-бабамыз баяғыда біліп, тұрмыстың бұлжымас заңына айналдырып жіберген. Қазір ғой, бәрін ұмытып кеткеніміз.
Сұxбаттасқан: Ерсін МҰСАБЕК ЗЕЙНЕП апай АХМЕТОВА
Зейнеп АХМЕТОВАмен алғашқы кездесуден қалған естелік.
Уақыт жылдам өтіп барады, 2016 жылдың күзі, күні кеше секілді елес, сағым болып барады.
2016 жылда Астана қаласында
өткен семинарда, алғаш Зейнеп апаның қолын алып, амандасқаным есімде. Алақандары сондай жылы, сондай жұмсақ. Әйел адамы бола тұра, мұндай айел затының алақанын байқап көрмеген екем. Дуалы ауыз батырдың көзі- деп бата-тілегінде сұрадым. Қойын дәптеріме арап әріпімен менің Ләззат есімімді жазып, астынғы жолдарына естелік ретінде тілегін білдірді. Расында өр рухты батыр бабаның келіні сөйлеген кезде, Бауыржан Момышұлының аудио жазбаларындағы даусына ұқсаттым, сөйлеу сарынына айнымай келіп тұр.
Қазақтың ұлттық құндылықтары жайында біраз естімей, білмей жүрген дүниелер айтылды (ол кісі айтқан дүниелер жайында толық, келістіре, асықпай отырып жазып парақшама саламын) талқыланды.
Діннің, иманның жартысы- тазалық десе, сол тазалықты қазақ бабамыз осылай ақ жаулығын кірлетпестен, орамал қасиетімен қадағалап отырған.
Осы тұста ойымды қоса кеткім келгені Діннің сыртқы формасын ғана алып (хиджап, сақал, паранжы) сыртқа шыққанда діндар болып жүретін қыз- келіншектер уйде, әсіресе ас үйінде орамалсыз жүретіні өкінішті, көріп біліп жүрміз. Ал енді діндар емес мүлдем орамалсыз жүретін айелдердің жағдайы тіпті өкінішті мен үшін. Қыста қыстауға, жазда жайлауға көшкен Қазақтың айелдері орамалдарын тысқа тартып, етек- жеңді қысқартпаған еді.
Лязат Мырзаш.