Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Жетім көрсең сипай жүрші басынан..

Blogs

24.09.2018
5792

Жетім көрсең сипай жүрші басынан..

 
Пәк, бейкүнә періште деп танимын,
Бала деген қызығы ғой әр үйдің.
Шаңыраққа ажар беріп тұратын,
Сыңғырлаған шат күлкісі сәбидің.

Кіп-кішкентай бірақ елдің тірегі,
Сәл жымиса барлық әлем күледі,
Жас сәбилер - жаратқанның тартуы,
Соғып тұрған титтей ғана жүрегі.

Біз пендеміз тәлім алған саналы,
Аялайтын, мәпелейтін баланы
Дегенменен бірдей емес бес саусақ,
Әрбір істің екі жағы болады.
Жәутеңдетіп мөп-мөлдір қос жанарын,
Жетім бала тым көбейіп барады.

Мазалайды көкейімнен кетпей бір,
Жанын ұқсам оларды да сөкпей құр,
Шарананы зат секілді лақтырып,
Тым тасбауыр анаға не жетпей жүр.

Күйінемін, таңырқаймын, таңданам.
Бұлар сынды жауыз сорлы бар ма жан.
Қаншалықты болу керек тасжүрек.
Естімейтін перзент үнін зарлаған.

Қалай дәті барады екен осыған,
Жетім қылып өз ұрпағын жасынан.
Қолдан келер болмаса да еш дәрмен.
Жетім көрсең сипай жүрші басынан.

Share:      
Leave a comment: