One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Жастық шақ дәптерлерінен

BLOGS

03 october 2019
506
0

Жастық шақ дәптерлерінен

 

Кәдімгі түн.
Жымыңдайды жұлдыздар.
Ай дөңгелеп әлдеқайда барады.
Сені күтіп отырғанда
Жәй ғана
Тереземді басқа бір жан қағады.

Сағыныштың лебі соғып шалғайдан
Өткен күнді еске салған кеше де...
Ымырт кезі.
Сен емессің білемін
Өзге бір жан шақырып тұр көшеде.

Әппақ жауын.
Тамшыдан сыр ұрлаймын,
Әппақ үміт
Мұңға мұңды қосады.
Қиялымда сен бе деймін, ал бірақ...
Басқа бір жан қолшатырын тосады.

Әдемі кеш
Бас айналып бақыттан
Тек өзіңді...
Тек өзіңді іздеймін.
Әдемі ән. Үнсіз ғана күрсініп
Өзге жанмен билеймін.

Бұл махаббат бағым ба, әлде сорым ба?
Таңдай алмай жанның қайсы дұрысын.
Өзіңді іздеп жүрген кезде... Бір күні...
Өзге жан боп кетем бе екен?..
Кім білсін...

Бақтыгүл АУДАНОВА.

На

 
 

Share:
     
Leave a comment:
Captcha
Add writing