One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Жұмекеннің күнделігі. 26-29-тамыз

BLOGS

05 march 2019
359
0

Жұмекеннің күнделігі. 26-29-тамыз

Август, 26

Біреу келіп (шамасы бастық болуы керек) Сестра-қызға ал, кеп ұрысты, ал, кеп ұрысты. Қыз да үн жоқ. Сестра-қыздың түк жазығы жоқ екенін – ауру да, сау да біліп тұр. Ешқайсы байғұш-қыздың (шындықтың, әділеттің) пайдасына бір сөз айтса ше! Мен де аузымды ашқаным жоқ. Неткен сорлы едік. Мұндай қой-жұртты бағудан оңай не бар дейсіз! Түкке татымайтын адамдардың, бірдеңені бүлдіріп қоймаса (кейде бүлдірсе де) көсем боп ондаған жыл отыра беретіні содан ғой.
«Түссін деп мойынымнан ұлдық парыз,
Жоғарғы орындарға жазам арыз» –
Сәбит Мұқанов айтқандай, арыз жазуға батылы баратын адамдар да азайды. «Арызқой» атану кімге жайлы дейсіз!
 

 


27 август

Трамвайдың жолына жақын жерде ғұмыры тұрып көрмеппін. Қарға да, жаңбырға да қарамай жүре беретін көлік екенін білетінмін. Талай нөсер астында малмандай болып тұрып күткенім де бар еді. Бірақ біздің, мына аурухананың жанындағыдай жиі жүреді деп ойламап ем.


Шмановпен шахмат ойнап ем – оңбай ұтылдым. Онда кінә жоқ, ескертті: жүрегіңді ауыртып алма! Жүрегім ауыра қойған жоқ. Какое-то неприятное ощущение было. Менен басқа тағы бір жігіт ойнап еді, о да ұтылып қалды. Содан кейін ғана мен бір жеңілейген сияқтандым. Әй, қызық мақұлықсың-ау, адам, сен!


Бүгін таңертеңгі асқа дейін аурухананы үш айналып шықтым. Әр айналыс – 500 метрден. 500х3=1500м. Одан ертеңгі тамақты ішіп алып, тағы үш айналдым. 500х3=1500м. 1500 қосу 1500=3000 (3 км.) Кешке шейін әлі талай айналам ғой. Әнеугүні өстіп спорттық белсенділігі асыңқырап кетіп, санаторийдан реанимацияға бір-ақ түскен бір азаматқа өлердей күліп едім. Соның кері өзіме келмесе, әзіргі қарқыным жаман емес.

 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жұмекеннің күнделігі. 19-тамыз

 

 

 

29 август

Бұл блокнотты тек жазу үшін жазып жүрмін. Жазу үшін ғана жазу деген бола ма дейсіз ғой? Болады! Күн сайын осы блокнотты бір мезгіл қолыма алам: ортаға салар ойым да, жарып бара жатқан жырым да жоқ секілді. Бірақ, әйтеуір осы парақтарды бір аударып, жаман қаламмен бірер сөз түртпесем – көңілім көншір емес. Әріп салуды ұмытыл қалатын тәріздімін. Так что мұның бәрі әдебиет деуден аулақпын. Өлеңдерде (жамап, жасқап, қайыра бір қараса) пайдаға асар бір нәрселер болуы мүмкін. Өйткені... қанша жаман жазсам да – жұрт мені «анау» деп жүр ғой.


Шманов ағам тап осы жерге келгенде бөлмесіне шақырып әкетті. Жеңгей татар болған соң, әрине, Әнекеңнің балдызы да татар болады ғой, со кісі сырты нан, іші – ет, кәртоп, сәбіз т.б. жасалған тамақ әкеліпті. Бір қарасам – еңсеріп, әкетіп бара жатыр екем, өзіміздің үйден де бірдеңе келуі мүмкін екенін ескеріп өз бөлмеме қайтып келдім.


Жалпы, біреудің үйінен біреу тоя тамақ ішу – түбінде емес... қазірдің өзінде де модадан қалып барады. Осыны әлі күні ескермей келе жатқан қазақтар, өз айналамды айтайын, Есенжол, Әбіш, өзім: былайғы оқымысты жұрт тартынып, шегініп бітеді. Ал, арақты бере берсең іше беретін ағайын әлі де бар. Ал, тамаққа келгенде біреудің асқазаны ауырады, біреудің іші кебеді, т.б. Менің енді жүрегім ауыратын болды. Кез-келген дастарханда ауруымды айтпай отыратын өзім едім – одан да қалдым.

 

 

Ж.Нәжімеденов


Share:
     
Leave a comment:
Captcha