Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Жол

Blogs

03.04.2020
4926

Жол

Жол

Мен тарайтын,

Жел тимесе екен шашыңа, қол да.
Мен қарайтын,
Көз тимесе екен көркіңе, жолда...

 

Қиямет жолы қиын жол,
Қиялап жүріп өткейсің...

 

... Адасқаны қиын болды-ау таңның да,
Басын қойып жатыр түннің алдында.
Жүріс деген бір соқпақты боғанмен,
Құсжолындай бағыты бар жолдың да.

 

Киелідей иесі бар қараушы...
Уақыт оның есепшісі санаушы.
Жүргенінің бітетінін білсе де,
Жолда жүрген әрбір адам жолаушы.

 

Жүрген жандай бір тартылыс –  
жетекте,
Жүргеніңді уақыт алар есепке.
Жолаушының қаһ жүруі десек те,
Жолдың бәрі аялдайды бекетте.

 

Табылады іздегенің, 
Жоғың да,
Уақыт жұтып айналар тез сағымға.
Қос сызықты жолдар кетіп барады,
Соқпақ жолың сіңіп жатыр қорымға...

 

 

Үн

 

Шырақтың жарық болғаны қандай,
Түнеріп тұрса қайтер ең?..
Ұққанға жанның айтары бардай...
Теңізде жүрген ой – кемең.

 

Айтатын сөзді айтып қалу,
Ол да сенің өз үнің.
Бір сөздерге кідіріп бару,
Ол сенің ойлы сезімің. 

 

Өткен өмір – басқа мұң,
Мезгілсіз жүрек тулайды.
Жазар ем өмір дастанын,
Өлең де оңай тумайды.

 

Болмаса екен бөтен ой,
Көргендей әр зат өз күнін.
Бәрінен биік екен ғой,
Ішіңнен шыққан өз үнің!


Share:      
Leave a comment: