One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Special project
Бақытжан ҚАДЫРӘЛІҰЛЫ

Бақытжан ҚАДЫРӘЛІҰЛЫ


Талғар ауданы Қызылқайрат аулы.

Таңжарыққа

 

Еркіндік деп аласұрған сорлы ұлын,

Туғып биік көтеріп жүр ел бүгін.

Бақтты екен алты қанат ақ үйден,

Тәкең туған қара қосы Жолдының.

 

Қас батырдай дуылғағып ғарышты,

Дауыл толы өткізіп сан ағсты.

Әлдилеген Таңжарықтай арсты,

Жұмақ екен Бестөбемен Қамсты.

 

Сарқылсын деп таңдайына тамған бақ,

Еркіндігін тастады жат арқандап.

Қайманадан қаймықпаған қыран ұл,

Самғап ұшты тас тұрмені талқандап.

 

Жау жүрек жан суарылған сөзі отқа,

Төзді қанша азаппенен мазаққа.

Ұлы ақынды құрытпақ болған Шың ду бан,

Ақырында өзі күйді тозақта.

 

Шын мықтының мұқалмаған мұраты,

Сарқылмаған сабрымен қуаты.

Қу тірліктен ерте кетті демесең,

Тарихқа қалды өшпейтін ұлы аты.

 

Наурыз

 

Маңдайға басар мақтаным менің,

Таңдайдан кетпес бақ дәмім менің.

Дәстүрден бетін бұрған заманда,

Нұры сөнбеген ақ таңым менің.

 

Түбі бір түркі ұлықтаған күн,

Суындай мөлдір ұлы даланың.

Көже ішкен күні көңілден өшер,

Сайтан боп жанды қытықтаған мұң.

 

Қазақтың нұрлы жанарындай жәйнап,

Наурызым нарқың бағалыда, айбат,

Жеті дәмнен шыққан зәм-зәмім менің,

Берекенің қара қазанында қайнап.

 

Нарызға келіп нәрлі асты жеген,

Аңқылдап жүрген қандасты көрем.

Рухы болып елдің қаныма сыңшы,

Ата жұрттан ішкен алғашқы көжем.

 

Бірліксіз жерде тыныстамақ кім?,

Ұлыстың күні рыс тарасын.

Алладан жалғыз тілегім осы,

Басы аман болсын құрыш Қазақтың.

 

Көктемгі күннің шуағына еріп,

Көже ішшем бойда туады желік.

Қазақпен бірге жасай бер наурыз,

Маңгілік елдің ұраны болып.

 

Қазақ елі

 

Ғаламшарға шашылсада жоғалтпаған бірлігін,

Қасиетті туған елім ұжымақтай бұл күнің.

Көк байрағын желбіретіп, гүл жайнатқан тірлігін,

Өр намсты, ұжданды елді басынады кім бүгін.

 

Құс қанатын талдыратын кең даланың төресі,

Жат тұяққа тапталмаған шалғынымен көдесі.

Көздеп атса қас жауына жерге түспес жебесі,

Бәрі сиған бауырына жомарыт Қазақ елі осы.

 

Ұлы болсын ұл-қызым деп ақбесікке бөлеген,

Отбасы бар, ордасы бар, отаны бар егемен.

Бар байлығым Қазақ елі, есігі ашық, төрі өлең,

Шайқалмасын шаңырағың сөгілмесін керегең.

 

Leave a comment:
Captcha