One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Special project
Үмітбек Бағдатұлы

Үмітбек Бағдатұлы


Үмітбек Бағдатұлы 1993 жылы 15 ші наурызда Бәйтік тауында дүниеге келген. Халықаралық қазақ- түрік университетінің 4-курс студенті. 

Жырақта қалған тағдырлар

(Таңжарық Жолдыұлы рухына )

                         Толғау

Қайғылы Алтай төсіңде аңырайтын едім мен ,
Сүйетін ем Алтайды сонау бала кезімнен .
Қасаң тарихың боздаған еске салып ескіні ,
Бір сағыныш есетін жәудіреген көзімнен .

Қоңыр елдің бар мұңын сезінем бе ,көрем бе ,
Алтай үшін бас тіккен баһадүрлер өлерде .
Тасқа айналған мүрдесі , өшіп кеткен елесі ,
Ал бұл күнде далаңнан бір жетімдік көремде .

О , жетімек боз дала ,
Сенде жетім , мен жетім ,
Сенен ауған сорлы көш кезіп кеткен жер бетін .
Бөке батыр аңсаған ең алғашқы бостандық ,
Кесілген бас Тиветте , маған асқақ көрінетін .

Сорлы жетім міскіндер басын қоссам деп едің ,
Қалағанды қолдан да , жолдан да алған ер едің .
Сарсүмбеге ілінген ,Зуха батыр басыңды ,
Рухыңмен серттесіп түсімде ылғи көремін .

Ақдаланың жазығын ескен оққа кектенем ,
Хан басыңнан әз баба не қиындық өтпеген .
Есімхан мен Ырысхан бас иемін даңқыңа ,
Биік қоям жүректі күресе алған отпенен .

Қанды жылдар есіне қасам ішкен ерлерің ,
Зар жылаған жүректі ,
Қасыретімді көр менің ,
Бүркітбайдың әнінде зұлмат ашщы тарих ,
Сұлубайдың әнінде қам көңілім шер менің .

Боз арманым ақырғы неден бездім қорықтым ,
Үрімжіні қан ішер еске алатын болыппын .
Андыз-андыз ақ шаңдақ қайғылы Алтай төсіңде ,
Дырау-дырау ізі бар Оспан салған жорықтың

Алшы түспей асығы , тәйкі түскен тағдыры ,
Жеткен маған ұлтымның күрең-күрең зар мұңы .
Ақыры Оспан мерт болған қара қытай қолынан ,
Желге ұшып арманы , құша сүйіп қайғыны .

Таңжарықтың жырымын тар қапаста бүр жарған ,
Ақыт қажы арманы ем кілтең сәтте қыл қауған .
Халифаның көзі едім атажұртты көз көрген ,
Қажығұмардың ҚЫЛМЫСЫ ем жеткен ескі жылдардан .

Сайда саны ,құмда ізі ,
Қалған елдің көз жасы ,
Анадольға жеткен көш ол қайғымның жалғасы .
Күрсінейін ерлердің рухына дұға оқып ,
Тілерсегі кесілген қасыретім боздашы …

Әттең менің қарт Ілем ,
Алдаспаным , аймағым ,
Әкбар , Сейіт ел үшін өлімге бел байладың .
Аса туған Әлихан мұңыңды мен түсінем ,
Бостандыққа қол созып сертіңнен сен таймадың .

Тарбағатай , па шіркін ,
Менің ғазиз ұлы өлкем ,
Ауған құлан секілді қан талапай күн елтем .
Қалибектің аңсаған арман әні ақырғы ,
Саған бақыт күн туса , деген шығар күні ертең .
      
Бұлдыр-бұлдыр боз сағым , бозаң тартқан күйіне ,
Сора-сора көзімнен аққан жасқа кім ие .
Қоңыр таудың көз жасы ,
Қоңыр елдің көз жасы ,
Мендегі үлкен сағыныш бір кем тартқан дүние ...

Қайғылы Алтай төсіңде аңырайтын едім мен ,
Сүйетін ем Алтайды сонау бала кезімнен .
Арқар едім тауыңнан Алатауға жол алған ,
Бір сағыныш қалдырып жаутаңдаған көзімнен .

Қайғылы Алтай мен сені аңсай бердім неге тым ,
Ақ нөсерің болдым ба андыз-андыз төгетін .
Боз жусаның болдым ба ,
Жатқан иісі бұрқырап ,
Жыл құсындай күз кетіп көктем шыға келетін .

Ерлер өткен еңселі садақтайын кезелген ,
Төбе-төбе молалар , ауыр-ауыр сөз өлген .
Ол аңсаған еркіндік жөргегінде тұншыққан ,
Қайырлы бол ҮШ ӨЛКЕ , Құйрық-жалы күзелген !!!

                    

Көңіл толқыуы

 

Талыққан даусым көк мұнар ішіне сіңген,
Адасқан мезгілдің өрілген бұрымы.
Кілең торғын бел-қял прағына мінген,
Іздейді тәңір құлындай сағыныш тұлымы.

Алып ойлардың көгін кезеді іңір толғамы,
Мүсіндеп жүрекке қашалған ай құсы ең.
Сана сүгіреті реңдес адасқақ жолдарым,
Жалғыздық үніне тұншығып қайғы ішем.

Қара түн кісіней береді жер тарпып,
Шұрқырап жұлдыздар жан ақым қазады...
Шығыстан торғын жел иісі аңқып,
Бақытсыз бақ болып дүркіреп барады.

Мені іздеп шығыс желіндей батпан бақ,
Алатау сен жақтан еседі.
Перизат, мен жазған ғашықтық хаттарды ап,
Сағыныш бұлттарым сен жаққа көшеді.

Талыққан даусым көк мұнар ішіне сіңген,
Сені іздеп кермиық үні асқақ бұрымды,
Кілең қоңыр сезім-қял прағына мінген,
Жұлдыз біткен сезеді сағыныш мұңымды.
Мен үшін...

                              
                           

Шығыс көше

 

Жалаң аяқ тағдырым ,
Сенің анау бара жатыр көшеңде .
Мен сезінген тым бейбастақ жарлы ұғым ,
Айналмасын кеселге .
Мияулайды қылымсыған мысықтар ,
Қалып қойған жаңбырлы түн нөсерде .
Қала бүгін тым суық ...
Жанарынан жас ағады тайғанап .
Ал ,қара түн үнсіз жылайды күрсініп ,
Аспан жақтан тұнжырайды ай қарап .
Бір қыз кетіп бара жатыр ,
            Шығыс көше жолымен ,
Қарақат көз ай қабақ .
Жүрісі оның тым суыт ...

Шығыс көше айырылған көріктен ,
Емес әсте хан сарай .
Мендей бейбақ ,шерлі ұлтты көріппең 
Қос бұрымды қызымыз жүр қаршадай ,
Тәнін сатып жезөкше боп желіккен .
Рухы өлген ерлерің жүр ел ертеңін аңсамай ,
Құймырлықтың құлы болып еріккен .
Намысы өлген һам ұяты жоғалған ,
Аяқ алып жүре алмайсың ,жаны тірі өліктен .

Сорлы қала ...
Мені өлімдер жетелейді көшеңде ,
Бара жатыр жалаң аяқ тағдырым .
Менің қаным құюлы тұр кесеңде ,
Ар-намыстың құрбаны еттім барлығын .

Көтер, қане !
Қаным толы кесеңді ,
Тазаласын тағдырым сенің сайтан көшеңді ..

Leave a comment:
Captcha