One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Special project
Хамит Әлешұлы

Хамит Әлешұлы


Хамит Әлешұлы – 1982 жылы ҚХР, Күнес ауданы, Батпақты ауылында дүниеге келген. Қазір М.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университетінің тыңдаушысы.

Таң нұрынан жаралған ақын

Алқара көк ай бетінен нұр кілкіп,

Сұрша бұлт аулағырақ жүрді үркіп,

Жалбыз исі бұрқыраған мезгілдің,

Іңкәрлігі қуаныш пен мұң бүркіп.

 

Ертек таулар ен даланы тербеткен,

Қарашатқал қарашығын меңдеткен,

Қобыз үні бебеулеткен құс тілі,

Жоқтау айтып көз жастарын көлдеткен.

 

Алуан гүлдер сыр байқатып жүзінен,

Үкі ұшатын бей жай тартып күз рең,

Көкті тілген болат топшы қыранның,

Нұр таматын құз басында ізінен,

 

Сайрағанда таң бұлбұлы тәтті әнін,

Күн көзінен мөлдірейтін жас тұман,

Құс жолына жалғасатын тіршілік,

Қара қостан көкке самғап ақшулан.

 

Тәңір таудың түп қайнары нәр арман,

Кейде пәни тәпсірінен тоналған.

Алла сиға тартқан кемер өлкеде,

Халық ұлы таң нұрынан жаралған.

 

Жыл кемірген тарихтың қатпарын,

Шөке түскен мұздай түнге сақтағын,

Таңғажайып таланытпен қарт Іле,

Алты алашқа біріктірген асқақ үн.

 

Тажал уақыт сақал-шашы қаулаған,

Жалмауыз мұң өрмекші шер торлаған.

Тамырында тулағанда нұрлы ағын,

Беу дүние!

Жұлдыз құрттай аунаған.

 

Өмір өзі сынақ етер мүмкіндік,

Тұтас басқан шілде мөрі тілісім құт.

Жербетінің тентіретіп таласын,

Ошақтағы от, ой өрбіткен, тың тірлік.

 

Шаң қаптырып қарсақ түлкі сағымды,

Шөктіре алмас ібіліс жыр нарыңды.

Көк тулы елдің қай-қашанда ұрпағы,

Көркешеден күллі әлемге танылды.

 

Мен келдім

 

Аспан көзі ағып түссе түнекке,

Сілкіне сен ала көл.

Шерге бөксең ұқсап тірі жүрекке,

Күрсінбе сен қара жер.

 

Күдіктенбе көкті тескен зымыран,

Оралуға ізіңмен.

Қапаланба каусардайын тұнық ән,

Жапырақтан үзілген.

 

Өкінбегін қапырық атып құмды шөл,

Жоғалған деп көктемім,

Тәкәппар бұлт төкпей өтіп бір нөсер,

Күн шашты деп от демін.

 

Иығынан сырғыса тау тұлпар күн,

Бұйықпа сен адырлар,

Қанатынан қақса тамып сұңқардың,

Көз алдама сағымдар.

 

Жараңды туды емдер күн,

Себебі міне мен келдім.

 

Көңіл тізбегі



Садағаң болып кетейін , 
Түбінде жатар топырағым. 
Жарама жамау етейін, 
Алқызыл арша жапырағын. 

Қартайса қайың қабығы, 
Күрсінді бұта жабығып. 
Естілсе сәби зар үні, 
Қарадай тұрам қамығып, 
Ақбурыл тартқан күн анам, 
Жылулық толған жиегі, 
Тап-таза ғана күнәден,
Аналар мәңгі киелі. 

Жалғыздық кімнің сырласы, 
Өксігі улар қолқаны. 
Тұңғиық жанар тұнбасы, 
Алкүрең күздің моншағы . 

Ойласаң жүрек езілер, 
Кей іске көңіл толмаған. 
Қанжығада ғана кезігер, 
Қояндай құны болмаған.


Сағыныш керуен нар күздің, 
Тоғанақ толған ән-жыры.
Сұңқылынан ауыр байғұздың, 
Тірі жетімдер тағдыры...

 

 

Leave a comment:
Captcha