Міржақып неге кешірек ақталды?
«Әдеби дискурс» подкастының кезекті шығарылымы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналды. Бұл шығарылымда міржақыптанушы ғалымдардың құнды пікірлері ортаға салынып, Алаш арысының ақталу тарихы мен қабірінің табылуы, «Қазақтың тарихы» еңбегінің ерекшеліктері кеңінен сөз болды. Міржақыптың публицистикалық мұрасы, ағартушылық миссиясы, көркем әдебиеттегі бейнесі жан-жақты талданды. Сондай-ақ «Оян, Қазақ!» фильмі төңірегіндегі ойлар қозғалды.
