Мұражайдағы сұлулық ұшқыны

09 October 2026 31

Көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин жайлы бұл бейнежазбада оның бұлтарысы көп өмір жолы, балалық шағы мен ағартушылық қызметі, ұлт үшін жасаған ерлікке пара-пар бастамалары айтылады. Алғашқы ұстаздық жолы, ағартушы-ақын жайлы шәкірттерінің естеліктері мен орыс тілін тегін үйреткен сабақтары турасында да баян етіледі. Сәкен Сейфуллин небәрі 28 жасында Халық Комиссарлар кеңесінің Төрағасы ретінде, «қырғыз-қайсақ» атанған елге «Қазақ» атауын қалай қайтарды? Сондай-ақ, қазақ әуе флотының негізін қалап, Мәскеуден ұшақ алдыру арқылы Орынбор-Семей бағытында тұңғыш әуе рейсін ұйымдастыруы жайында сөз қозғалады. Сәкеннің сырбаздығы мен азаматтық бейнесі, жары Гүлбаһрамның ерекше естеліктері де ескеріледі.