Рухты Елдің – рухани жаңғыруы
Қаракөз Сейітжанқызы Садықова – 1971 жылы 31 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 2006 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің тарих- филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын аудан орталығындағы М.Құрманов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2007 жылдан бастап Көксу ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман боп қызмет атқарып келеді.
Қос кәсіптің тізгінін қатар ұстап келе жатқан ақын қыз әдебиетті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған. Сонау бала кезінен тіл өнері мен сөз құдіретіне ерекше ден қойып, поэзия мен проза саласына қалам тербеп, аудандық газеттен бастап, халықаралық басылымда 100 ге жуық өлеңдері мен 80 шақты мақала, очерк, эссе, әңгіме, новеллалары жарияланған. Оның ішінде ана тіл тақырыбына арнаған туындылары өз алдына бір төбе.
Атап айтсақ, аудандық газеттен бастап республикалық басылымдарда жарық көрген «Тілім менің – тірегім», «Ана тілім– өмірімнің басты қағидасы» «Мемлекеттік тілді өз орнымен пайдалансақ екен», «Ана тілінің тәтті уызы», «Ұлттық мектеп – ауадай қажет», «Мәдени мұра»– ұлттық құндылығымыздың түп-тамыры», «Ауылым азып кетіпті», «Ел ертеңі –ұлттық рухқа тәуелді», «Баба есімі- ұрпағына үлгі өнеге», «Жолбарыс би тағылымы»,«Қанағат қағидалары», «Ақынын ардақтаған ел – азбайды», «Сәлем – сөздің анасы», «Кітап оқудың сыры көп», «Рухани қазынамызға қамқор болайық», «Салт пен сана», «Бәріміздің ортақ игілігіміз», «Бала тәрбиесі – баршаның ісі»,«Тіл мәртебесін өсіре түсейік» сияқты тағы да басқа көптеген мақала, ойтолғау, очерктері жас жеткіншектерді, келешек ұрпақты елжандылық рухқа баулып, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуде, салт- санамыз бен әдет-ғұрпымызды, ата дәстүрімізді ұлықтап, дініміз бен діліміздің өзге ешбір ұлтта жоқ баға жетпес ерекшелігін, ана тіліміздің тіл жеткізсіз құнарын дәріптеп, паш етуде айтарлықтай маңызды орын алатынын айтпай кетуге болмас.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Жазба ақындардың 2007-2009 жылдары өткен облыстық «Тіл- Тағдыр» жыр мүшайраларының және бірнеше тіл, өнер байқауларының лауреаты.
2011 жылы сол кездегі облыс әкімі С.Үмбетовтің қолдауымен «Сезім моншақтары» атты поэзия және прозалық жинағы, 2015 жылы «Көксуым – жұмақ мекенім» тақырыбында поэзиялық жинағы, 2016 жылы «Үмітімді үкілеген – қаламым» атты проза- публицистикалық жинағы жарық көрген.
Өмірбаяны мен шығармашылық жолы 2015 жылы Көксу ауданының 70 жылдық мерейтойына орай жарыққа шыққан «Кешегісі – кенен, бүгіні – кемел, ертеңі – Нұрлы Көксу» атты тарихи- энциклопедиялық жинаққа енген.
2017 жылы 26 маусымда, Журналистер күні мерекесіне орай, Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі республикалық Кеңестің ұсынуымен «Қазақ журналистикасының қайраткері» медаліне ие болған.
«РУХ» халықаралық әдеби конкурсына
***Рухты Елдің – рухани жаңғыруы***
( Поэма )
Кіріспе бөлім:
Тыныс алып, туған жерде – кере, дем!
Еркін рухпен – шаттық күйге бөленем!
Бейбіт таңым – Елбасының арқасы!
Нұрсұлтандай – парасатты, көреген!!!
Тыныштықпен – ұлт ұпайын арттырған,
Жер-жаһанға үлгі тұтар бар – Тұлғам!
«Бейбіт күнді» баянды еткен – Ерлігі,
Кем түспейтін, ел қорғаған – батырдан!!!
«550 жылын» – тарих- қойнаудың,
Дүбірлеткен – Баба жолын ойға алдым...
Түгендеген түп- төркінін – халқымның,
Арда туған – Елбасынан айналдым!!!
Тәлім алған – Қонаевтай «Дарадан»,
Кісілігі – ел ішіне тараған,
Адалдығын – жалау еткен жанына,
Назарбаев Нұрсұлтаным – Нар Аға!
Өзін көрген, көзін көрген «көненің»,
Бір адамдай кешкен өмір – өзенін,
«Туған жерге – туын тіккен»: Елбасы,
Бүкіл әлем мойындаған – «Кемелім!»
Уақыт – керуен, тарих тезі – ұлы көш,
Рух- тамыры жоқ халықтың – діңі бос!
Ұлт бірлігін ұлықтаған – Перзентке,
Әрбір қазақ – бірі бауыр, бірі дос!!!
Таразылап парқын білер, әр күннің,
Нұрсұлтандай –Ұлы барда халқымның!
«Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тіл»– «Үздігі!»,
Жер әлемге үлгі етер – салтымның!!!
Өткен тарих – сырға толы, «дастан» зор!
Оған куә – орман, тауым, аспан, көл!
«Нұрсұлтанның нұрлы жолы»–халқыма,
Бағыт беріп, «Болашаққа бастар жол!»
Сертке – адал, «көршісіне» – мейірлі,
Өз ұлтына – жайған құшақ, пейілді!
«Металлург» боп еңбек етіп жасынан,
Мойындатты бар қазақты «зейінді!»
...Кішіпейіл болмысымен танылған,
Жақсы істің жанынан көп – табылған!
Жастайынан қырын білген шаруаның,
Президентім – атына сай : «Ғазиз» жан!!!
Ізгі амалдар – әсте, жерде жатпайды!
Әділ Басшы – ел бірлігін сақтайды!
«Шаранада – уызына жарыған»,
Тегі: Бекзат – хас «Құлагер» баптайды!
Іске бекем, әр сөзіне – «маңызды»,
Өн - бойына – «Нұр» жинаған тәрізді,
Мейір тұнған – нұр жүзіне шуақты,
Елбасы бар Нұрсұлтандай – «жаны ізгі!»
...Әр қадамы – пейіліндей Өзінің!
Нүктесіндей – айтар түйін сөзінің!
Дауыс беріп, халқы қайта сайлады,
Сеніміндей – кемелденген кезінің!
Қазақпыз ғой, тым ырымшыл.. ежелден,
550 жылым – тарих, кезең, бел!........
Бақ-дәулеті – ортаймаған Ел едік...
Сіздің қадам – құт боларын сезем, Мен!!!
Әркім айтар, өз даусына сай – әнді...
«Бәйтеректей» – Еліңе жай, саяңды!
«Иман» болса – басшысының бойында,
Халқының да болашағы – «Баянды!»
Қазақ жері! Жер- жаһанның «кенені!»,
Сені мәңгі жырлап өткім келеді!
Ынтымақ пен ауызбірлік бар жерде,
Қыдыр қонып, «төбедегі келеді!!!
Жерім гүлдеп, ел іргесі – кеңісін!
Көре берсін, еңбегінің – жемісін!
Назарбаев Нұрсұлтандай – Елбасы!
Татулықпен сүйсіндірген – ел- ішін!
...Құлаш ұрдық неше кезең, белеске,
Зұлмат жылдар айналғандай елеске...
Халқым барда – шықпақ емес ешқашан,
«Туған жер!» деп еңіреген Ер – естен!
Қиындықпен, келген – адал еңбекпен,
«Жеңіс» сөзі!!! салмақты ең, сен неткен!
Әкелер- ай! Толарсақтан су кешкен,
Көздің жасын бұлап, мұң мен кермекке!
...Туған жерім! Құт дарыған мекенім,
Табынарым – өзіңсің – Тәу етерім!
Көз арбайтын келбетіңе сүйсінем,
Шалғай кетсем, өзіңді аңсап жетермін!
Елігіңдей еркелеймін – Өзіңе,
Сен арқылы – сұлулықты сезінгем!
Асқақ рухым – көшірмесі тауыңның,
Дархандығым – кең далаңдай көсілген!
Төрі –жайлау, жасыл-желек– белдері,
Үні ерек – сыр боп аққан көлдері.
Бау-бақшасын мекен еткен – бақ құсы,
Туған жердей – «Мысыр шаһар» көрмедім!!!
Тауың асқақ, шөбің шүйгін, суың –бал,
Қызың – ерке, жігіттерің –сері, сал!
Бақ – нәсіптің жазиралы мекені,
Өзің жайлы талмай шертер сырым бар!...
Туған жерім! Көгарай -бел, жұмағым,
Шежірелі, киелі, төл- тұрағым.
Қасиетіңді сезген әрбір, сәт сайын,
Ықыласымды сел қылады жыр – ағын...
«Алатауың » зәулім көкпен ұштасқан!
«Ұлытау мен Қаратауың»– бір дастан!
«Көкшетау мен өр Алтайдай» тауларың,
Айшықталған әсем мүсін, жартастан...
Астанам бар! Арудайын таранған!
Арай-көркі – жырлау үшін жаралған...
«Хан Шатыры», «Бәйтерегім» – әлемнің,
«Озық үлгі» жобасымен қаланған!
Шыққан тегім «Сыпатайдай» өр тұлға!
Әр бір сөзі – «тең келер – бір алтынға».
Әділдігім – «Шұбар ата» – нағашым,
Тартып кеткен «Жолбарыс би», Батырға!
Ескелді мен Балпық ата – ізімін!
Қабылисадай «шынның өткір жүзімін!»
Әз-бабалар «сарқытындай» саналы,
Тағылымды Елдің – «Ерке Қызымын!»
Ел сенімі еш, шықпаған қаперден,
Соғыс бітіп, оралғанда «жат» елден,
Сейітжан әкем :«Орда бұзар – отызда»
Бата алған –«Жыр дүлдүлі – Жәкемнен!»
Дүбірлеткен – ұлттық өнер додасын,
Айтыскерлік қасиеті бар – «асыл!»
«Бақтыбай мен Тезек Төре» толғауы,
Жан әкемнің баға жетпес мұрасы!
Жау оғынан жараланып оқыста,
Қыршын жаста оралған соң соғыстан,
Ұйытқысы боп «Еңбек» атты майданның,
Туған жерді көркейтуге болысқан!
Адалдығым : «Ақын – Әке» қанынан!
Үміт шешем – төл тіліме баулыған!
Туған жерім – кәусарымен қандырып,
Таусылмайтын шалқар шабыт сыйлаған!
Туған жерім! Сауат ашқан «Әліппем!»
Әр таңымды – нұрландырған жарықпен!
«Алты Алашқа» – паш етемін, атыңды!
Тарихыма жазып, алтын әріппен!!!
Сенде тудым, қанат жайдым түледім,
Текті жерден тамырланған жүрегім!
Адалдықтың уызынан арда емген,
Қыдыр қонған топырақтың «төлі» едім!...
Сенде туып, аштым өмір есігін,
Сен сыйладың шабыттың жыр – бесігін!
Қайда жүрсем, қызымын деп:«Қазақтың!»
Мақтан етем, «Өр ұлтымның» есімін!!!...
Негізгі бөлім:
...Тал бойында текті баба қаны бар,
Жүрегінде – иманы мен ары бар,
Тегі – асыл, «жақсылар мен жайсаңдар»,
Ұлытаудай – құт- мекеннен табылар!!!...
Халық сөзі: «Елу жылда – ел жаңа!»
Аңыз елдің – абызы да: «Ер –Дана!»
«550 жылдық» ғұмыр – тарихың,
Мәңгі өлмес дастан болсын, мың жылда!!!
Ұлытауым! Келбетіңде бар ма мін?!
Бай көркіңмен қиялымды баурадың...
Сәби шақтан бал сезімді тербеткен,
Тек, Өзіңе арнадым, Жыр – құндағын!!!
Жазып сенің «бай шежірең» жайында,
Паш етемін, додалы жыр тойыңда!
Құт-мекенді – «Жұмақ-баққа» теңеймін!
Ырысы мен байлығы – өн бойында!
Ұлытауды «кіндік» санап ежелден,
«Жерұйық» деп, іздеген жан – көп елден!
Афрасиаб пен Бейбарыс та – атақты,
Өмір көшін – осы маңда шөгерген...
«Дешті-Қыпшақ», «Жошы ұлысы», «Домбауыл»,
Төскейі бар жібек майса, «көк лағыл!»
Малға жайлы, «Ата қоныс» – мекеннің,
Тұрғындары – мейірімді дос, бауыр!
«Алаша хан кесенесі» – Қағаным!
«Орда-Базар» қала болған – Ғазалым!
«Таңбалы тас» шежіресі – теңдессіз,
«Алашымның картасындай» – бағалы!
Етегінде –Ұлытаудың көк тірер,
Қазағым бар, жері – нәсіп бөктірер!
Жарастырып, басын қосқан «Үш Жүздің»,
Абылай хан, Бұхар жырау «Тектілер!»
«Қалмаққырған» шатқалы мен «Талдысай»,
Аңға мекен: «түлкі», «қарсақ», «құндыздай»...
«Кішітау мен Тілеуқабыл» беткейі,
«Қайың, терек», «арша, көкнәр», гүлге бай!
«Алтыншоқы»,«Арғанаты», «Зыңғыртас»,
Көрген жанның құштарлығы басылмас!
Етегінде – «Қорғантастай» шатқалдың,
Қаулап өскен, «бидайық пен қарабас».
«Жуантөбе» – «алтын, күміс» кен қоры,
Сенде тұнған, иен байлықтың ең зоры!
Туған жерді жарылқапты барынша,
Тәңірімнің мырза пейіл, кең қолы!
Баурайында «қарақат пен бүлдірген»...
«Тобылғысы, жидесі» бар «інжуден!»
«Итмұрын мен доланасы» көз тартар,
Бұлақ маңы... тау етегі... белдерден...
«Қаракеңгір» – Ер мінезді өзенім!
Бастау еткен: «Ұлытаудың» өзегін.
«Сарыкеңгір, Сарысудай» суларың,
Ағып өткен, талай тарих кезеңін...
Күлкісінің сыңғырындай – «Еркенің...»
«Жетіқыздың» – сылдырына елітемін!
Елестетер – ақжал, асау толқының:
Өр мінезді Бабаларын – Өлкенің!
Жошы хан мен Алаша хан – «Тектілер!»
Жебелері – жауға атқан: «көк тілер!»
«Алты Алаштың» топырағында киелі,
Адалдықпен билік құрып, төкті тер!
Қойнауы – құт, шежіресі –жыр, дастан,
Жұмақ жерім! Тауы – көкпен ұштасқан...
Мұқали мен Қадырғали – Бабалар,
Елдігімнің қорғанындай – «Алдаспан!»
Тең тойтарған қалың Жоңғар, Қалмақты,
Ерлерімді – Тәңір өзі қолдапты!
Атой салып, ұрандаған «Елім!» деп,
Аманаты бабалардың – салмақты!!1
Керей хан мен Әз-Жәнібек, Қасым хан,
Хақ- Назар мен Тәуекел хан, Есім хан,
Жолбарыс хан, Әбілқайыр, Абылай –
Ғасырлардың безбеніндей: «Асылдан!»
«Қасқа жолды –Қасымхандай, «Бегімді»,
«Ескі жолды» –Есімхандай «Ерімді»,
Билік құрған: Керей хан мен Жәнібек,
Мақтан етем –Ұлытаудай жерімді!
Түспесін деп, арзан талқы, бұлтаққа,
«Жеті жарғы» жазып кеткен ұрпаққа,
Әз- Тәукедей – әділ Төре бабаны,
Тарих сыны лайық етер – шын даңққа!
«Қонтайшысын» тұтқындаған қалмақтың,
Әбілқайыр – батырым бар айбатты!
Алты Алаштың «хас мергені» атанып,
Жер қайысқан қалың қолды жайратты!
«Жас Ұланға» –туған жердің «қамын жер»,
Жолбарыс хан, Абылайлар – тәлімгер!
«Тура жолды» тұмар етіп –Ту тіккен,
Тәуекел хан – атамыз бар жауынгер!
Кенесары ханмен жүрген – қатар, тең,
Жалғыз өзі – мың асылға татыр – «кен!»
Сыпатайдай – Ерім болған: «қолбасшы»,
Үзеңгілес Бөлтіріктей – батырмен!
Бойларында жастық жігер табы бар,
Қазағымның «Мың баласы» тағы бар!
Жеткіншегі – «Жаужүрек» боп жаралған,
«Қазақ» деген – Ер ұлтымның бағы бар!
Парасаты – Азаматқа тең келер,
Тарихта бар, әйел – ана, жеңгелер!
«Сұлтан -Бек» деп үкілеген ел – жұрты,
Рәбия ана – ұрпақ үшін, аңыз – Ер!
«Ердің құны» – дауға түскен заманда,
Күйімен – шер тарқатқан, дос-жаранға,
Кетбұға мен Асанқайғы – Абыздар,
Төл өнердің – «үлгісі» боп жаралған!
Ұлытаудың әулиесі – Қойлыбай,
Даналығы – жанартаудай, жалындай!
Досбол шешен– «қара қылды қақ жарған!»
Бай- шонжарға тура сөйлеп, тайынбай!
Әр кезеңнің, өз кірпіші қаланған.
Қазыбек би сөзі – өлмес, әмәнда!
Мейрам, Мұқан, Тайжан, Нияз ақындар,
Серпін берген, өзі сүрген заманға!
Қожабай мен Болман ақын туған жер!
Бәшен сал мен Жаңқа – өнер қуған жер...
Аймырза мен Шоқай, Бидаш –шешендер,
Әділ сөйлеп, бірлікке бет бұрған жер!
Ақжол би мен Шеген биім – бір төбе!
Әділдіктің майын құйған «білтеге».
Жансүгірдің Баржақсыдай – ұрпағы,
Ақындықтың дәнін сепкен өлкеме!
«Үйтас -Айдос», «Қараоба мен Ақоба»,
Саналады ұлттың « асыл қорына!»
Кесенесі: «Беғазы мен Дәндібай»,
Мәдениеттің – шыққан дара шыңына!
«Қарсақбай» мен «Керегетас», «Сазтөбе»,
Кен Отаны: «тарихы бар ең көне!»
Әр қазбасы – элемент боп қаланған,
«Менделеев кестесінің» – өзіне!
«Қарқаралы», «Баянауыл» – шипажай,
«Жезқазғаным» қойнауы құт, кенге бай!
«Байқоңырым» ғарыш -айлақ мекені,
Серік болған, күндіз – күн, ал, түнде – ай...
Арасына Жезқазған мен Бейнеудің,
Түскен жолдар – куәсіндей «өрлеудің!»...
Арқалықтан бастау алған «Магистраль»,
Арқауындай – ұрпақ айтар ән -жырдың...
Еркін рухты Елдің, мәңгі – ертеңі,
Ұлытауым! Жерұйығым, Көркемім!
Қазағымның – «Хандық құрған» мерейін,
Асқақ рухпен, шаттық күймен шертемін!!!
Түгін тартсаң – майы шыққан туған жер!
Көк майсаңды аймалаған торғын жел...
Шашасына шаң жұқтырмас – «марқасқа»,
Сенде туған, хас тұлпарлар –«Маңмаңгер!»...
Жас ұрпаққа бар ғұмырын сарп еткен,
Білім беріп, күш - қуатын тәрк еткен,
Алтынсарин Ыбырайдай – атамыз,
Ұстаздықтың шам-шырағы, жарқ еткен!
Әр жырына – таңдай еріп, тапылдар,
Аудармасы – төркін сөзді тақымдар!
Қара сөзден маржан тізген, талантты,
Ұлы Абай мен Мағжан сынды ақындар...
Ерек болар!... көкте туған күндізгі Ай...
Тегі- тұлпар, шабар:«қамшы салғызбай!..
Ғалым Шоқан – аспанында өмірдің,
Жарқ етті де, ағып түсті «Жұлдыздай!»
Шынар ағаш секілді еді – шыңдағы!
Қатал тағдыр жастай жанын ұрлады...
Қауызына «өкініштен» шық тұнған,
Қызғалдақтай ерте солды... қырдағы!
Халқы үшін еңбек еткен еселі,
Әділдіктен еш, қайтпаған – меселі!
«Бес Арысы» – ақтаңгері ұлтының,
Әр сөзінен – шынайылық есетін!
Азаматтық тұлғасымен айбынды,
Иман жүзі елестетер – ай, күнді...
Төбесіне көтерер жұрт мақтанып,
Бөкейханов Әлихандай «Нар Ұлды!»
Ұлтжандылық мінезі бар салмақты,
Іскерлігі, қабілеті жан -жақты,
Мұстафаның Шоқайы бар– мәңгіге,
Ел –жұртына, ұрпағына ардақты!
Жастайынан жырын шерткен үміттің,
Өз елі мен туған жерін сүйіп, шын!
Жамбыл ата – «Жыр дүлдүлі атанған!»,
Әр жырынан – нұр құйылған, күліп күн!
Қия жолмен талай өткен «құздардан»,
«Үш Бәйтерек» «құрыш» еді, шыңдалған!
Ел-жұртына қалдырған мол мұрасы –
Таусылмайтын – тағылымды «ізгі арман!»
Қазағымның түлеп ұшқан қыраны,
Ресей оқып, шарықтатқан «қыр» әнін,
«Абай жолын» бар әлемге танытқан,
Парасатты – Әуезовтей ұланы!
Қоржынына жиған сырлы «ән-кәде»,
Тілендиев Нұрғисасы – бір төбе!
Есенберлин Ілиясы – тарихты,
Жазып келген, дәйегімен көмкере!
«Тәуелсіздік» – тарихыммен тамырлас!
«Тарихым – Ел мұрасы біртұтас!
Есенберлин – ғасырлардан үн қатқан...
Хандық дәуір «жаршысындай» боп алғаш!
Қаламымен ықыласқа бөленген,
Халқы сүйер шығармамен еленген,
«Ұлы Хандық шежіресін» жырлаған,
Қазағымның мақтанышы – ежелден!
Ұстаз болып, кейінгіге «Аға» боп,
Ұрпағына – шежірелі «Дана» боп,
«Жақсылардың аты – өлмейді!» дегенге,
Есенберлин – қалар, лайық «Дара» боп!
...Жеңіс құнын кейде, білмей жатамыз...
Ерлер аз ба, ұрпағына аты – аңыз?!
Ұлы Отан соғысында қан кешкен,
Момышұлы Бауыржандай – Атамыз!
Момыш сынды – текті жаннан жаралған,
Рәзия ана – құрсағында нәр алған,
Бауыржаным – «саф алтынның сынығы!»
Ұрпағыма – «аңыз» болып тараған!
Қыршын жаста қару алып қолына,
Кеуде тосқан, тайсалмай жау оғына!
Рахымжаным – Рейхстагқа ту тіккен,
Берлиндегі – Жеңістің ақ таңына!
Ел басына қатер туған заманда,
Ермен бірге тізе қосқан майданда,
Әлия мен Мәншүк – сынды арулар,
«Ерліктің қос қанатына» айналған!
Шабысы бар – ерекшелеу өзгеден,
«Жүйрікке» тән: өзге тыныс, өзге дем...
Қасым аға Қайсеновті – жеткізген,
Қайсар мінез – мақсатына көздеген!
Ұшқыш болған арда Ұлы – өңірдің,
Сарасындай – асқақ шығар өр үннің!
Бигелдинов Талғат аға – есімін,
Мақтан етем жастарына елімнің!
Сұм сұрапыл, ойсыратқан іргемді,
Жырақ қалып, мамыражай күйге ендім!
70 жылдық мерейтойын – Жеңістің,
Халқым болып, тойладық біз, бірге енді!
Оқымысты, текті рудың ұрпағы,
Секілденген: «мәуелі ағаш бұтағы...»
Сәтпаевтің Қанышындай – Тұлға бар,
«Ғылым» атты кеңістіктің «Сұлтаны!»
Тәңір берген көркем мінез салмақты,
Іскерлігі, қабілеті жан -жақты,
Сыздықова Рабиғадай – апамыз,
Ел -жұртына, шәкірттерге ардақты!
Қазағымның төл ағысын – селдеткен,
Қалдаяқов Шәмші – сазбен тербеткен!
Әндерімен – «Королі боп вальстің»,
Иісі қазақ жүрегіне нұр сепкен...
Көргені бар, түйгені бар өмірден,
Әсем сазды жүрегімен сезінген,
Шәмші аға әндерінің болмысы,
Жүрек тербер, тәтті мұңға өрілген!
Мұқағали Мақатаев: бір «Аңыз...»
Хан Тәңірі секілденген – «Дарамыз!»
Әр жырынан дауа тауып жанымыз,
Жазылғандай жүректегі жарамыз...
«Құтқарады тек, сұлулық – әлемді!»
Бұл қағида – қажет етпес дәлелді?!
Қазағымның – Әбілханы Қастеев,
Қыл қаламмен тамсандырған бар елді!
Шаруашылық – алға басқан, іргелі,
Нұрмолдадай – ұжым басы келгелі.
«Академик» атағын ап – даланың,
Екі мәрте – Еңбегімен Ерледі!
...Жігіттер бар...«Азаматы бір бөлек!»
Нағыз Ерге – өзіне тән үн керек!
Халқы мәңгі ұмытпайды «боздағын»,
Рысқұлбеков Қайрат сынды «ержүрек!»
Өмір күрес – жат қылықпен әдепсіз,
Намыс өлсе – білімің де қажетсіз!
Ұлтымыздың өр рухы бар бойында,
Асанова Ләззат – қайсар, өжет қыз!
Бап пен бағы сынға түскен арбасып,
«Спорт» жолы үлкен еңбек, арға сын!
Әбдісалан Нұрмаханов – Жампозым,
Тәлім алар – жақсылардың жалғасы!
Биіктерге құлаш ұрған, талпына,
Оза шауып, дараланған – «Жалқыға!»
«Қын түбінде жатпайтынын – алмастың!»
Мағауин бар – дәлелдеген халқына!
Әдебиеттің дарабозы, көрігі,
Желтоқсанның жастарының:«жел -ығы»,
Әділ сөйлеп, төрелігін айтатын,
Шаханов бар, тарқатқан ой -өрімін!
Кемел дарын – қызметпен ұштасқан,
Зор талант пен кәсіп қатар жұптасқан...
Сүлейменов Олжас сынды «шайырым»,
Білімімен – озық тұрар тұстастан!!!
«Идеология майданында» ерлермен,
Фариза мен Алтыншаш қыз тең жүрген!
Мұхаметжан Тынышпаев – қыраным,
Теміржолдың тылсым сырын меңгерген!
Қазағымның аспандатып жыр-әнін,
Әуелеткен елімнің – Әнұранын!
Жүрегінің түгі мықты – Бекзатым,
Саттарханов – жігіттердің Қыраны!
Неше мәрте күресіп боз кілемде,
Жайдақ мініп «спорт» атты «күреңге»,
Қажымұқан, Балуан шолақ ізіндей,
Қазақ жерін – әйгілі еткен әлемге!
Әубәкіров Тоқтар аға – «көш басы»,
Мұсабаев Талғат болып – «топсасы»,
Туған жерден түлеп ұшқан ғарышкер,
Жігерлері– «құрыштайын» қоспасыз!
Тәлімі мен тәрбиесі – телегей,
Ағалар бар, алға жүзген кемедей...
Зейнолла аға Қабдоловтай – Нар Ұстаз!
Әрбір сөзі: дөп тиетін – «жебедей!»
Жайдары жүз, тазалығы – көзінде,
«Елжандылық» салмақ бар, әр сөзінде!
Ұстазға тән салиқалы мінезбен
Ақыл айтқан, селкеу салмай сезімге!...
...Ұстаздар тұл – шәкірті жоқ артында!?..
Сөз қозғалса, тәлімді ұстаз хақында,
Еске түсер – Бауыржаны Жақыптың,
Амандосов Тауман аға – сапында!
Сапар шегіп ұлағаты мол жолға,
Құлаш сермеп «Ұстаз» атты арманға,
Атына сай – «темір тәртіп орнатқан»,
Қожакеев – Ұстаз болған сан жанға!
Қызығы мен шыжығы мол сапарға,
Ұстаз жанды – пәк арманы апарған!
«Мамандыққа- адалдықты» – үйрендік,
Әбілфайыз Ыдырыс – ақсақалдан!»
Сапар шегіп ұлағаты мол жолға,
Құлаш сермеп «Ұстаз» атты арманға,
«Телеарнаның» сырын білген Омашев,
Намазалы – Ұстаз болған сан жанға!
Имандылық –«адамдықтың» асқары,
Пенде ғұмыр – өте шығар, қас -қағым!
Мүфти болған Дербісәлі Әбсаттар,
Тағылымның сарқылмайтын бастауы!!!
Биік қойған денсаулықтың қадірін,
Дәлелдеген қабілет пен қарымын,
Салауатты өмір салтын паш еткен,
Төрегелді Шармановтай – «Абызым!»
Ұлт достығы – кеңге жайса кереге,
Татулықпен өрлер, Елім – егемен!
Қазақ тілін – өз тіліндей сүйетін,
Лушникова Надежда – бар: өнеге!
Тәлім айту – тәрбиенің жүйесі,
«Сабыр, төзім» – сезімдердің киесі!
Келіндерге үлгі : Зейнеп – апамыз,
Ахметова – көркем мінез иесі!
Ақындықтың жалыны мен ызғарын,
Қатар сезіп, күншуағын, мұздағын,
Сыршыл, тұма жырларымен тәнті еткен,
Ақұштап пен Күләш сынды қыздары!
...Халық сөзі: «Көптің көзі көреген!»,
Тұлғалар бар: жұрты қалап, елеген...
Беркімбайдың Шәмшә қызын– ел сүйіп,
Сарқылмайтын ықыласына бөлеген
Жігітке тән қажыр -қайрат бойында,
Білім көгін өркендету ойында,
Шамшидиннің Күләш – сынды қыздарын,
Елі – жұрты, шәкірттері мойындар!
Өмір көшін – шәкірттермен жалғаған,
Қарапайым болмысынан танбаған,
Миразова Аягүлдей – ұстаз бар,
Бар ғұмырын шәкірттерге арнаған!
«...Ұмытылмас, ештеңе де! Ешкім де!»,
Із қалдырып – «жалған-фәни, бес күнге..»
Сәулетшілер: мәңгілікке жол салған!
Бабалардың түр -тұлғасын кескіндеп!
Қазағымның шалқып ырыс, дәулеті,
Ажарына көрік берсе – «Сәулеті»
Қаби аға Баулықовтай – сәулетшім,
Көркем етер, туған жердің келбетін!
Тарих кенін қазып алып, тасадан,
Жан бітіріп, мәр-мәр тастан қашаған!
Туындысын – Елбасы кеп бағалап,
Тұсаукесер рәсімін де жасаған!
Қасиеттің – болар әркез салмағы!
Сан бояулы, сиқыр әлем, жан- жағы,
Қыл қаламмен – саф өнерді меңгерген,
Марат Аға Нисуповтай – саңлағы!
Білігімен, мінезімен – ардақты,
Кәсіпқойлық денгейімен салмақты,
Байтақ елдің – әлеуетін арттырған,
Кеңесбектің Бауыржаны –жан- жақты!
Қазағымның ырыс-құтын асырған,
Жағдайсызға көмек қолын ұсынған,
Оспановтай – еңбексүйгіш Ағаның,
Жүрегінен мейір- нұры шашылған!
Жақсы дәстүр – табар мәңгі жалғасын,
Адал басшы бола білу – арға сын!
Мәдениет пен Тілім мәңгі өлмейді,
Асанғазы Оразгүл қыз – болғасын!
Оң нәтиже берер – алға басқан іс,
Өнер жолы – қажыр, қайрат, арпалыс!
Туған жердің әншілері –«жезтаңдай»,
Роза мен Мақпал қызы – мақтаныш!
«Қам көңілді» – науқас жанды меңдейтін,
Ем -домымен, жылы сөзбен емдейтін,
Байқошқардың Салтанаты – лайық қыз,
«Ақ желеңді - абзал жанға» теңейтін!
Елдің «Ұлттық құрамасын» баптаған,
Жігітке тән мәрт мінезін сақтаған.
Ибраимов Ермахандай – сұңқарым,
Ел- жұртының ақ сенімін ақтаған!
Тұла бойы толған күш пен қуатқа,
Ізденген жас – жетер, әркез мұратқа!
Ыстыбаев Бейбіт – сынды ініміз,
«Барыс» деген ие болған зор атқа!
Ізгі дәстүр жасай берсін, жаңғырып,
Жас өркенім жалғастырар мәңгілік!
Светлана, Илья мен Серіктер,
Бар әлемді тамсандырған таң қылып!
Жақсылықтың жаршысы боп әр үйге,
«Ізгі амалдар» үшін келген фәниге,
«Айтуға оңай», тың мәселе қозғайтын,
Бейсен «құрдас»– үлгі : қарт пен сәбиге!
Лирикалық шегініс:
Түгін тартсаң – майы шыққан туған жер!
Көк майсаңды аймалаған торғын жел...
Шашасына шаң жұқтырмас – «марқасқа»,
Сенде туған, хас тұлпарлар –«Маңмаңгер!»...
Тау қозғалса, қозғалмайтын салмақты,
Саясына бөлеп тұрар жан- жақты,
Тамыры кең, бәйтеректей мәуелі,
Қасымжомарт – іскер басшы ардақты!
Үлгі болған ізгі іске – дәстүрлі,
Руханияттан бойға жиған бар сырды,
Жақсылардың жалғасындай – Басшы бар,
Құлмұхаммед Мұхтар – сынды сан қырлы!
Жас буынның көшбасшысы, асылы,
Жарқылдаған жастық -жігер жасыны!
Жарқын істі жалғастырған – Қуаныш,
Сұлтановпен – еңбек күйі тасыды!
Ілімі мол, зердесі кең, зиялы,
Кісілігі – жүрекке нұр құяды!
«Қаһарманы»,«Генералы»– халқының,
Бақытжан бар – Ертай ата тұяғы!
Кір жұқтырмай азаматтық қалпына!
Айнымаған «адамдықтың» салтынан,
Тасмағамбет Иманғали – Басшы бар,
Ініге үлгі – ізін басқан артынан!
Жастайынан шамын жаққан еңбектің,
Айыратын дәмін «бал» мен «кермектің»,
Ыдырысов Ерлан – сынды ағалар,
Іскерлікпен ел ырысын селдетті!
Ұлт мұрасы – табар мәңгі жалғасын,
Ел мұратын баянды ету: арға – сын!
«Мәдениетім, тарихым» – өлмейді!
Мұхамеди Арыстанбек – болғасын!
Руханияттан байланысын үзбеген,
«Әкім болып, ақындарын іздеген!»,
Серік аға – Үмбетовтей «Азамат»,
Ұлт болмысын – биік қойған өзгеден!
Халқы үшін еңбек еткен еселі,
Ізденістен еш, қайтпаған – меселі!
Жолдасбеков Мырзахметтей – «дананың»,
Әр сөзінен – «тарих желі» еседі!
Алаң болған, туған – «Ана тіл» үшін,
Тілеуханның Бекболаты – «кенішім!»
«Тәуелсіздік» – ұғымының өзі де,
Ана тілмен бірге келген «Жеңісім!»
Әрбір іске тиянақты, ұқыпты,
Қайрат Мәми – туралықпен ұтыпты!
Бар қазаққа ұғындырған – үлгі боп,
Адал еңбек ету жайлы «құқықты!»
Тәжірибесі – бір дастанға жетерлік,
Жақып аға Асанов – үлгі етерлік!
Шен- шекпені, атақ- даңқы бір төбе,
Тыныштықты қорғай білген заты– Ерлік!
Ат тізгінін тартып мінген, арынды,
Заманға сай «баһадүрдей» – тәлімді,
Елдігімнің көш басында – «оқ жонған»,
Мерзадинов Ерғалилар – бар: «Үлгі!»
Бала кезден – болашаққа талпынған,
Жүрегінде – әппақ адал, ар тұнған,
Қасымбаев Бақытберген – Ағаның,
Абыройы – салмақтырақ «алтыннан!»
Қазағымда үлгі болар – Ерлер көп!
Ақ сөйлеймін:«ар –ұятым тергер»,- деп,
Азаматтық тұлғасымен ерекше,
Әкім аға – Жақсыбеков Әділбек!
Өз басынан – «Ел мүддесін жақын» дер,
Еңбек дәмін маңдай термен татып, жер!
«Сен тұра тұр, мен атайын» – дейтұғын,
Ғаббасұлы Амандықтай – әкімдер!
Халық жайын алдыменен қамдаған,
Кішіпейіл мінезінен танбаған,
Жетісудай – «кенен өлке» басшысы:
Облысты – өркениетке жалғаған!
Сан саланы тізгіндеген жасында,
Ұйытқы болып жүрер, көштің басында,
Шежіре де, руханият та, спорт та,
Ғаббасұлы Амандықтың – қасында!
...Жалғастырған бабалардың кәсібін,
Маңдай термен тапқан адал нәсібін.
Ел -жұртымның татулығы – айналсын!
Ұранына – үлкені мен жасының!!!
Әр шаңырақ – гүлге оранып, көктесін!
Отбасынан – сәби үні кетпесін!
Қариялар – қазынасы елімнің,
Жалғыздықтан жәбірленіп, шөкпесін!!!
...Батырларым жеңіс таңын жалғады,
Туған жерді жанын салып қорғады!
Тәуелсіздік алып: Елім – Егемен,
Орындалды: Бабалардың арманы!!!
Қарышты еңбек күйі ойнасын жерімде!
Бағың тасып, нұр шалқысын көгімде!
Әнұраным – асқақ рухпен шырқалып!
Көк Ту – мәңгі желбіресін төрімде!!!
Қорытынды бөлім:
...Сенде туған тәлімді ұрпақ бірімін!
Майдаланған ұсақ емес, «Ірімін!»
Саф алтындай көзін көрген –«көненің»,
Тарқатылар шежіренің – жырымын!
Бір өзіңді жырлаудан еш, жалықпан!
Сенде туып, сұлулыққа қаныққам!
«Сөздің нұрын» сыйға тартты, Тәңірім,
Еншіледім... зор санап, бар байлықтан!!!
Бабалардың жүріп өткен әр ізін,
Еске салар, тау -тасыңа қарызбын!
Өзің жайлы «Жырдан» сарай салсам да,
Өтелер ме, «Перзенттік парызым?!..»
550 жылың – тарих, Жұмағым!
Әр бір жылың – сыршыл, тұма бұлағым!
Тоғытады, иманымды – жүрекке,
Сүресіндей – «Қасиетті Құранның!»
Тегін емес ... 550 саны да!
Қатар келген, Жеңістің ақ таңына!
Хақ -Тәңірім – қос мереке тойлауды,
Нәсіп етті, Ел- жұртымның бағына!!!
Бабаларды – ақ найзаны серпіген,
«Дараларды» – оза шапқан еркінен!
Дәріптедім! Ұрпағыма – паш етіп,
«Әдебиет – ол: ардың ісі!» сертімен!
Аналарды – еңбегімен еленген,
Әкелерді – ел сыйына бөленген,
Қыз– «Гөзелін», «Нарқасқасын»–жігіттің,
Жырмен зерлеп... өрнектедім өлеңмен!
Сынағанға: ырық бермес, екпінім!
Жылағанмен: жаным бірге...шекті мұң!
Байқағанға: «Сынығымын – алтынның!»
Барлағанға: «Тұяғымын –Тектінің!...»
Шабытымды шарықтатқан –«Жамалым!»
Қиялыма қанат берген – ажарың!
Қара сөзді «қайыс» етіп – Жыр өрдім!
Ұлытауым: «ғажап – Мысыр шаһарым!!!»
Ұлытауым!!! «Иран- бағым!» Көркемім!
Сені жырлап, ұрпаққа сыр шертемін!
Таусылмайды, Өзің жайлы – «Дастаным!»
Ұрпағыма аңыз болар – Ертегім!!!...
Туғаныма Сенде – шүкір етемін!
Білем! Бағаң – тым жоғары екенін!
Жер -жаһанда «Жерұйық» жоқ – өзіңдей!,
Қазақстан!!! Менің – «Жұмақ- мекенім!!!»
Түйін орнына:
«Қара сөзбен» – тау қопарып, тас тілген,
Перзенттік, пәк жүрегімді аштым мен!
«Рух беретін – Рухани жаңғыруыңа»,
Ақ пейілмен: жырдан –«Шашу» шаштым мен!!!..
Қаракөз Сейітжанқызы Садықова
Ақын- жазушы. Журналист. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақ Журналистикасының қайраткері.
2007-2009 жылдары өткен жазба ақындардың
Облыстық «Тіл-Тағдыр» мүшайраларының лауреаты.
Жарық көрген
еңбектері: 1.«Сезім моншақтары» поэзия және прозалық
жинағы.Сол кездегі облыс әкімі – С.Ә.Үмбетовтің
қолдауымен. 2010ж. «Офсет» баспаханасы.
Талдықорған қаласы.
2. «Көксуым – жұмақ мекенім» поэзиялық жинағы.
2015ж. «Аннұр сапа» баспасы.
Алматы қаласы.
3. «Үмітімді үкілеген – қаламым» проза- публицистикалық жинағы. 2017ж. «Тоғанай» баспасы. Алматы қаласы.
Қызметі: Алматы облысы, Көксу ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бас маманы.
Мекен-жайы: Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би
ауылы, Мырзабеков көшесі,38 үй.
Электр.пошта: karakoz.sadykova@mail.ru
Байл.тел: Ұялы тел: 8 701 463 82 19;
8 707 530 10 19;
Жұмыс тел: 8 728 38 2 00 72;
Үй тел: 8 728 38 4 11 24;
ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, журналист:
Қаракөз Сейітжанқызының
«Рух» халықаралық әдеби конкурсына арнап жазған
«Рухты Елдің – рухани жаңғыруы» атты шығармасына:
ел тарихындағы – еліміздің көркем де келісті табиғаты, ұрпаққа үлгі болар елеулі тұлғалар, еңбек адамдары, қоғам қайраткерлері, өнер иелері, танымал спортшылар, іскер азаматтар, өнеге болар өңір басшылары еніп отыр.
Ескертпе:
Шығармаға сондай-ақ, Ұлытаудың Хандық дәуірдегі
тарихи орындары, атақты кен көздерінің атаулары, әйгілі
«Беғазы- Дәндібай» мәдениетінің ескі қорымдар атаулары,
тарихи деректерге негізделе отырып суреттелді.
Ал, аталмыш өлкенің жергілікті табиғат ерекшелігі,
жер- су аттары, аң- құс атаулары, жеміс-жидек, гүл мен
шөп атаулары ғасырлар қойнауы мен бүгінгі күнді
сабақтастыра отырып, дәйекті көздерге сүйеніп енгізілді.
( Автор.)
«Рухты Елдің – рухани жаңғыруы» шығармасына енген
кейіпкерлер
ТІЗІМІ:
1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының
Президенті.
2. Мұқали Жалайыр руынан шыққан әйгілі қолбасшы,
Шыңғысханның оң қолы болған.
3. Қ.Жалаири Қазақ тарихшысы, философ. Даңқты қолбасшы.
4. Афрасиаб. Орта Азияның көшпенді халқы – Сақтар
мекендеген Тұранның әйгілі билеушісі.
5. Бейбарыс .Қыпшақтан шыққан, ХІІ ғасырда Мысырда билік
құрған әйгілі Сұлтан.
6. Жошы. 1227 жылы әкесінен 40 күн бұрын қайтыс болған
Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Даңқты қолбасшы
батыр.
7. Алаша. Халық аңызы бойынша ХVғ. Би.Ұлыс билеушісі,
батыр. Тұңғыш Алаш хандығын құраған тайпалардың
түп атасы. Есімі қазақтардың шығу тегін
баяндайтын ең көне аңыздарда кездеседі.
8. Әмір Темір. Орталық Азия жаһангері. Моғолстан билеушілеріне
қарсы көтеріліс Барлас руынан шыққан ұлы
Әмірші. Алып империя «Темір» мемлекетінің
билеушісі.
9. Керей. Қазақ ханы. Батыр, шешен.1456-1473ж.билік құрған.
10.Әз-Жәнібек. Қазақ ханы. Батыр, шешен.1473-1480ж.билік құрған.
11. Қасым. Қазақ ханы. Батыр, шешен.1511-1517ж.билік құрған.
12.Хақ – Назар. Қазақ ханы. Батыр, шешен.1538-1580ж.билік құрған.
9. Тәуекел. Қазақ ханы. Батыр, шешен.1583-1598ж.билік құрған.
10. Есім. Қазақ ханы. Батыр, шешен.1598-1628ж.билік құрған.
11. Тәуке Қазақ ханы. Батыр, шешен.1680-1715ж.билік құрған.
11. Жолбарыс. Қазақ ханы. Батыр, шешен.1720-1740ж.билік құрған.
12. Әбілқайыр Қазақ ханы. Батыр, шешен.1718-1748ж.билік құрған.
13. Абылай .Қазақ ханы. Батыр, шешен.1771-1781ж.билік құрған.
14. Бұхар жырау. Абылай ханның кеңесшісі. Атақты жырау.
18. Кенесары батыр. Қазақтың ең соңғы ханы. Батыр, шешен.1841-1847ж.
билік құрған.
19. Сыпатай би. Дңқты батыр. Шешен. Кенесарының
атақты қолбасшы батыры.
20. Бөлтірік шешен. Әділ би, шешен. Кенесарының қолбасшысы.
«Жаужүрек мың бала» Жоңғарларға тойтарыс берген мың сарбаз. Өжет
мың жауынгер. Өрімдей жас жеткіншек.
21.Төле би. Үш жүздің «Төбе биі» атанған. Ұлы жүздің бас Биі.
Халық арасында «Қарлығаш әулие» атанған.
22.Қазыбек би. «Қаз дауысты – Қазыбек» атанған Орта жүздің
бас Биі.
23.Әйтеке би. «Айыр тілді Әйтеке» атанған Кіші жүздің бас Биі.
24.Балпық би Жалайырдан шыққан әділ би, шешен.
25.Қабылиса ақын. Жалайырдан шыққан арқалы ақын, өткір тілді
шешен.
26.Ескелді. Жалайырдан шыққан әділ би, шешен.
27.Рәбия ана. «Сұлтан бегім» атанған Әбілқайырдың қызы,
Абылайдың әйелі.
28.Кетбұға. Шыңғыс ханның баласының өлімін атақты «Ақсақ
құлан» күйімен жеткізген атақты күйші. Дана абыз.
29.Асанқайғы. Абыз баба. Қазақтың ұлы қобызшысы.
30. Қойлыбай әулие. Ұлытау өңірінің арқалы әулиесі.
31. Досбол шешен. Ұлытау өңірінің атақты ақыны.
32. Қазыбек би. Ұлытау өңірінің атақты би, әділ қазы, шешені.
33.Мейрам Жанайдарұлы. Ұлытау өңірінің атақты ақыны. Кенесары
әскерінің қолбасшысы болған Жанайдар
батырдың баласы.
34. Тайжан, Нияз, Мұқан. Ұлытау өңірінің сал-сері, атақты ақындары.
35. Қожабай, Болман. Ұлытау өңірінің атақты сал-сері,
ақындары.
36. Бәшен, Жаңқа. Ұлытау өңірінің атақты сал-сері, ақындары.
37. Аймырза, Шоқай. Ұлытау өңірінің атақты сал-сері, ақындары.
38. Бидаш. Ұлытау өңірінің атақты сал-сері, ақындары.
39. Ы.Алтынсарин. Қоғам қайраткері. Көрнекті ағартушы. Педагог.
Жазушы,фольклоршы, этнограф.
40. Абай Құнанбаев. Қазақтың ұлы ақыны. Аудармашы. Философ.
41. Мағжан Жұмабаев. Ақын, аудармашы, журналист.
42. Шоқан Уәлиханов. Қазақтың тұңғыш ғалымы. Философ, тарихшы,
этнограф.
43.«Бес Арыс». (Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек) Қоғам қайраткерлері. Ақын, жазушы, аудармашы, философ, түркітанушылары.
Алаш қозғалысының қайраткерлері. Алашорда үкіметінің бірегей жетекшілері болған алыптарымыз.
44. Ә.Бөкейханов. Қоғам қайраткері. Алашорда үкіметінің жетекшісі.
45. М.Шоқай. Қоғам қайраткері. Түркістан автономиясының
жетекшісі.
46. «Үш Бәйтерек». (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
Қоғам қайраткерлері. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ақын, жазушылар. Репрессия құрбандары.
47. Ж.Жабаев. Қазақтың жыр дүлдүлі. Суырыпсалма ақын.
48. М.Әуезов. Қазақтың көрнекті жазушысы.
49. Д.Қонаев. Қазақстан компартиясы Саяси бюросының
бірінші хатшысы болған. Үш мәрте Социалистік
Еңбек Ері. Қоғам қайраткері.
50.К.Аухадиев. Қоғам қайраткері. Алматы облысы Партия
комитетінің бірінші хатшысы болған.
51.Б.Әшімов. Қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері.
Министрлер Кеңесінің төрағасы болған. 52.Ө.Жәнібеков Қоғам қайраткері. Қазақстан ЛКСМ Орталық
комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болған.
Этнограф.Тарих ғылымдарының докторы.
53.С.Мұқашев. Қоғам қайраткері. Қазақстан Кәсіподақ
федерациясының төрағасы болған.
54. Н.Тілендиев. Қазақтың атақты композитор.
55. І.Есенберлин. Көрнекті жазушы. Романист. Ұлы Отан соғысына
қатысқан. 40 қа жуық ән мәтінінің авторы. 1968ж.
Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығын алған.
56. Б.Момышұлы. Кеңес одағының батыры. Даңқты қолбасшы.
57. Р.Қошқарбаев. Кеңес одағының батыры. Рейхстагқа Ту тіккен
қазақ батыры. Барлаушы.
58. Ә.Молдағұлова. Кеңес одағының батыры.
59. М.Мәметова. Кеңес одағының батыры.
60. Қ.Қайсенов. Кеңес одағының батыры. Барлаушы.
61. Т.Бигелдинов. Екі мәрте Кеңес одағының батыры.
62. Қ.Сәтпаев. Ғалым. Қоғам қайраткері.
М.Тынышпаев. Қазақстаннан шыққан тұңғыш теміржол
қатынасының инженері. Тарихшы, ғалым.
63. Р.Сыздықова. Ғалым, тарихшы, филолог. Қоғам қайраткері.
64. Ш.Қалдаяқов. Атақты композитор. Қазақ вальсінің «королі».
65. М.Мақатаев. Қазақтың ақиық ақыны.
66. Ә.Қастеев. Есімі әлемге әйгілі суретші.
67. Х.Наурызбаев. қазақстанның шебер сәулетшісі.
68. Н.Алдабергенов. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, дала
«академигі»
69. Б.Рамазанова. Қоғам қайраткері. Ғалым.Қаз. ССР. Мин. Кеңесі
мұрағат басқармасының басшысы болған.
70. З.Тамшыбаева. Социалистік Еңбек Ері, озат сауыншы.
71. К.Дөненбаева. Социалистік Еңбек Ері. Тың игеруші.
Механизатор. КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты
болған.
72. Ж.Таспамбетова. Социалистік Еңбек Ері. Комбайнер. Озат
механизатор.
73. І.Әбдірахманов. Социалистік Еңбек Ері. Комбайнер. Озат
механизатор.
74. Қ.Рысқұлбеков. Желтоқсан оқиғасының құрбаны. Халық
қаһарманы.
75. Л.Асанова. Желтоқсан оқиғасының құрбаны. Халық
қаһарманы.
76. Ә.Нұрмаханов. Бокстан КСРО ның еңбек сіңірген спорт шебері.
77. Ә.Нұрпейісов. Белгілі жазушы-тарихшы.
78. Ә.Нұршайықов. Қазақстанның халық жазушысы.Тарихшы.
79. А.Сейдімбеков. Қазақстанның халық жазушысы. Тарихшы.
Шежіреші.
80. Қ.Салғарин. Қазақстанның халық жазушысы.Тарихшы.
81. М.Тәтімов. Тарихшы. Демограф.
82. М.Мағауин. Қазақстанның халық жазушысы.Тарихшы.
Филология ғылымының докторы.
83. М.Шаханов. Белгілі ақын. Тіл жанашыры. Халықаралық
«Элита» клубының Президенті.
84. О.Сүлейменов. Орыстілді қазақ ақыны.Тілтанушы.Саясаткер.
85. Ф.Оңғарсынова. Белгілі ақын. Қоғам қайраткері.
86. А.Жағанова. Белгілі жазушы. Қоғам қайраткері.
87. К.Байсейітова. КСРО ның және Қазақстанның халық әртісі.
Белгілі опера әншісі.
88. Р.Бағланова. КСРО ның және Қазақстанның халық әртісі.
Халық каһарманы.
89. Б.Төлегенова. КСРО ның және Қазақстанның халық әртісі.
Қазақстанның халық әртісі.Социалистік Еңбек
Ері.
90. А.Әшімов. Белгілі актер. КСРО ның және Қазақстанның
халық әртісі.
91. Н.Ықтымбаев. Белгілі актер. КСРО ның және Қазақстанның
халық әртісі.
92. Ә.Сығай. Театр сыншысы. Қоғам қайраткері.
93. Ш.Серіков. Палуан. КСРО ның еңбек сіңірген спорт
шебері. Халықаралық спорт шебері. Грек-рим
күресінен әлем және олимпиада чемпионы.
94. Ж.Үшкемпіров. Алтын медаль иеленген қазақтың тұңғыш
олимпиада чемпионы. Әлем чемпионы.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
95.С.Қонақбаев. Боксшы. КСРО ның еңбек сіңірген спорт
шебері. Қазақстанның бокс федерациясының
вице-президенті.
96. Б.Саттарханов. Бокстан Қазақстанның тұңғыш олимпиада
жеңімпазы. Әлем чемпионы.
97. Балуан шолақ. Қазақтың атақты палуаны.
98. Қажымұқан. Қазақтың атақты палуаны.
99. Т.Әубәкіров .Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
100.Т.Мұсабаев. Қазақстанның ғарышкері.
101. З.Қабдолов. Ұлағатты ұстаз. Танымал жазушы-публицист.
Белгілі журналист.
102. Т.Амандосов. Ұлағатты ұстаз. Танымал жазушы-публицист.
Белгілі журналист.
103. Т.Қожакеев. Ұлағатты ұстаз. Танымал жазушы-публицист.
Белгілі журналист
104. Б.Жақып. Белгілі ақын.Ұлағатты ұстаз. Публицист.
Белгілі журналист.
105. Ә.Ыдырысов. Ұлағатты ұстаз. Танымал жазушы-публицист.
Белгілі журналист.
106. Н.Омашев. Ұлағатты ұстаз. Танымал жазушы-публицист.
Белгілі теле-журналист.
107. Ә.Дербісәлі. Қазақстанның бас мүфтиі болған.Қазақстанның
жоғарғы ғылыми мектебі Академиясының
академигі.Шығыстанушы-ғалым.
108. Т.Шарманов. Гигиенист. Нутрициолог. Медицина
ғылымының докторы. Профессор.
109. Н.Лушникова. Белгілі айтыскер. Халық ақыны.
110. З.Ахметова. Б.Момышұлының келіні. Ұстаз. Жазушы.
111. А.Бақтыгереева. Қазақстанның белгілі ақыны. Мемлекеттік
сыйлық иегері.
112. К.Ахметова. Қазақстанның белгілі ақыны. Мемлекеттік
сыйлық иегері.
113. Ш.Беркімбаева. Ғалым- ұстаз.
университетінің Ректоры.
114. К.Шамшидинова. «Н.Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ ның
басқарма төрайымы.
115. А.Миразова. Ұстаз.Қазақстанның Еңбек Ері. «Алтын
жұлдыз» орденінің иегері. Білім беру ісінің
озық қызметкері.
116. Қ.Баулықов. Сәулетші. Халықаралық архитектура
академиясының профессоры.
117. М.Нисупов. Қылқалам шебері. Мемлекет және қоғам
қайраткері.
118. О.Асанғазы. Тіл жанашыры. Парламент депутаты.
119. Ж.Қуанышбаев. Озат шопан. Социалистік Еңбек ері.
120. Ж.Молдасанов. Озат шопан. Социалистік Еңбек ері.
121. Е.Ыбырайымов. Қазақстанның ұлттық құрамасының бас
бапкері. Бокстан әлем чемпионы. Халықаралық
спорт шебері. Әуесқой бокс федерациясының
тұңғыш вице-президенті.
122. Б.Ыстыбаев. «Қазақстан барысы» турнирінің тұңғыш
жеңімпазы. Азия, әлем чемпионы. Қазақ
күресінің «түйе палуаны».
123. С.Подобедова. Зіл темір көтеруден екі дүркін әлем чемпионы.
Лондондағы жазғы олимпиада ойындарының
Чемпионы.
124. И.Ильин. Ауыр атлетші. Зіл темір көтеруден төрт дүркін
әлем чемпионы. Лондондағы жазғы олимпиада
ойындарының чемпионы.
125. С.Сәпиев. Бокстан олимпиада чемпионы. Халықаралық
спорт шебері. Лондондағы жазғы олимпиада
ойындарының чемпионы.
126. Роза Рымбаева. КССР ның және Қазақстанның халық
артисі. СССР дің Халықаралық ән
байқауларына Қазақстаннан ұсынылған тұңғыш
қатысушы әнші. Қырғызстан, Өзбекстанның
еңбек сіңірген артисі. Өнер академиясының
профессоры.
127. М.Жүнісова. КССР ның және Қазақстанның халық артисі.
Өнер академиясының
профессоры.
128.С.Байқошқарова. «Экомед» Адам ұрпағын өрбіту емханасының
ғылыми директоры. Биология ғылымының
докторы. Белгілі дәрігер.
129. Б.Құранбек. Белгілі журналист. Республикалық «Айтуға
оңай», «Қареект» бағдарламаларының жүргізушісі.
130. Қ.Тоқаев. Қоғам қайраткері. Парламент сенатының төрағасы.
131. Қ.Сұлтанов. Қоғам қайраткері. Қазақстанның төтенше және
өкілетті елшісі болған. Сенат депутаты.
132. М.Құлмұхаммед. Қоғам қайраткері. Президент кеңесшісі.
133. И.Тасмағамбетов. Қоғам қайраткері. Қорғаныс министрі.
134. Е.Ыдырысов. Қоғам қайраткері. Сыртқы істер министрі.
135. А.Мұхамеди. Қоғам қайраткері. Мәдениет және спорт
министрі.
136. Б.Ертаев. Халық қаһарманы. Парламент депутаты.
137. С.Үмбетов. Қоғам қайраткері. Парламент депутаты.
138. Б.Тілеухан.Қоғам қайраткері. Руханият жанашыры.
139. М.Жолдасбеков. Қоғам қайраткері. Тарихшы- этнограф.
140. Қ.Мәми. Қоғам қайраткері. Жоғарғы сот төрағасы.
141.А.Дауылбаев. Қоғам қайраткері. Республиканың Бас
прокуроры.
142. Е.Мерзадинов. Қоғам қайраткері. Республиканың Бас әскери
прокуроры. Генерал.
143. Б.Қасымбаев. Бас әскери прокурордың орынбасары.Әділет
полковнигі.
144. Ә.Жақсыбеков.Қоғам қайраткері. Астана қаласының әкімі.
145. А.Баталов. Алматы облысының әкімі.
Бөлісу: