Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Нұрлан Оразалин

Нұрлан Оразалин

Рейтинг: 3.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
  • Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Диқан ауылында дүниеге келген.
  • 1965 жылы ол мектепті күміс медальмен бітірді.
  • 1965 - 1970 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің филология факультетін бітірген.
  • 1970 жылы ол еңбек жолын Қазақстан пионері (қазіргі Ұлан) газетінде әдеби қызметкер болып істеді.
  • 1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды.
  • 1984-1986 жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды.
  • 1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының I съезінде Одақ Басқармасының бірінші секретары болып сайланды.
  • 1986 жылы өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының I съезінде Басқарма құрамына енді.
  • 1990 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылуының депутаты болды (Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды).
  • 1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары.
  • 1993-1996 жылдар аралығында Егемен Қазақстан газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.
  • 1996 жылы Қазақстан Жазушыларының XI съезінде Одақ Басқармасының Бірінші секретары болып сайланып, 2018 жылға дейін басқарды.

Көп оқылғандар