Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Алмахан Ғабдуллина

Алмахан Ғабдуллина

Рейтинг: 1.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Алмахан Мұхаметқалиқызы Ғабдуллина 1962 жылы 4 желтоқсанда (бұрыны) Семей облысы Мақаншы ауданы Жарбұлақ ауылында дүниеге келген. Семейдегі педагогикалық институтының тіл-әдебиеті факультетінің түлегі. Еңбек жолын Жаңасемей ауданы “Ақиқат” газетінде тілшілік қызыметтен бастаған.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Республикалық, облыстық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпазы.

Семейдегі Республикалық Абай қорық-мұражайында 1992 жылдан бастап, 18 жыл ғылыми қызмет  істеген Алмахан Мұхаметқалиқызы  2010 жылы Елордасы – Астанаға бет түзеді. Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай шығармашылығы мен мұрасын тануда айрықша мәні бар көшбасшы бастама көтеріп, Қазақстан-Ресей университетінен тұңғыш рет ашқан «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы бұл күнде Астана қаласы оқу ордалары мен қала жұртшылығының мақтанышына, ел руханиятына айналды.   

Тәуелсіз еліміз үшін руханиятқа аса қажет болып отырған  «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы  «Абайтану курсы», «Ұлылар мекеніне саяхат», «Абай биігі - ұлт биігі», «Әнді сүйсең менше сүй» бағдарламалары, «Астана ақшамы» газетінен ашқан «Абай нұры» айдары т.б. игі істер Астана үшін де ел руханияты үшін де аса қажет бастамаға айналып отыр. Осының нәтижесінде университетте екі бөлмелі экспозицилық зал, 2 мыңның үстінде тарихи жәдігерлер мен деректі фильмдер  жиналып, екі мыңның үстінде қала жұртшылығы мен студенттер қатысты.

Абай шығармашылығы, өлеңдері жөнінде көптеген түрлі тақырыптық баяндамалар мен зерттеу мақалаларын жазды. ¤нер қайраткерлерінің шығармашылығы,  еңбектері жайлы жиі қалам тербейтін Алмахан Мұхаметқалиқызы мерзімдік бұхаралық ақпарат құралдары  арқылы да оқырмандарымен  жақсы таныс.

Өзіндік соқпағы бар лирик ақынның 1999 жылы “Жансая”, 2002 жылы “Тылсым сыры”, 2003 жылы “Жыр-ғұмыр”, 2007 жылы «Шабыт шағымы», 2009 жылы «Мұң - менің мәңгі ұстазым» атты жыр жинақтары жарық көрген. “Шәкәрім”, “Құрсақсыз ана”, “Донор және тек”, «Алтынның буы», «Кіндік тамыр», «Еркін елдің ер қызы»  атты әдеби концепциялық тың ой толғайтын ғылыми – философиялық поэмалары бар. «Кіндік тамыр» дастаны ақынның Астанаға келгенде жарық көрген алғашқы туындысы.

2006 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған республикалық  мүшәйрада жүлделі орынға ие болған «Донор және  тек» поэмасы «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» атты  үздік әдеби жинаққа енгізілді.

Қыз – ғұмырдың қысқа екенін  мойындап,  жыр ғұмырдың көшін ұзартып келе жатқан ақын Алмахан Мұхаметқалиқызының Семей  жерінде «Бір бөтен ой айтқым келеді», «Жыр-ғұмыр» атты әдеби-музыкалық кездесу кеші  өтті.  Жыр кешінде автордың сөзіне жазылған «Ақ отау», «Көршіме» «Қыз – ғұмыр», «Ардағым» әндері орындалып, ақын өлеңдерінен поэтикалық қойылым көрсетілді. Полигонға арналған «Құрсақсыз ана»  поэмасынан қойылған үзінді көптің  көңілінен шықты. Белгілі әнші – Алма Аманжолованың орындауындағы Алмаханның «Ардағым» әні бүгінде республика деңгейінде орындалып жүр.

Қазақстан Мәдениет миистрлігінің қолдауымен 2010 жылы 25 қазанда Астана қаласы, ұлттық академиялық кітапханада ақынның «Бір бөтен ой айтқым келеді» атты шығармашылық кездесу кеші өтті.

Көп оқылғандар