Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Майқы би

Рейтинг: 4.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Аты аңызға айналған Майқы би туралы халқымызда: «Түгел сөздің түбі — бір, түп атасы — Майқы би» деген қанатты сөз бар. Майқы баба түйінді де даналы сөзімен би біткеннің көш басшысы болған делінеді. Тарихи деректерге жүгінсек, Майқы би түбі түркі халықтардың біразына төрелік айтқан бас бидің бірі болғанға ұқсайды. Халқымызға тән аңыздардың бірінде: Орманбет би өліп, ноғай елі бүлінгенде, Майқы би қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер бейнесінде сипатталады. Аңызға сәйкес, Майқы би қазақ руларын үш жүзге топтап, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Қабан ұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғам ұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атаған дейді. 

Көп оқылғандар