Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Алдан Смайыл

Алдан Смайыл

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

 

(1946) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алдан Смайыл  дүниеге келді. Қарағандыда туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Журналистер одағының лауреаты. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. 1970-75 жылдары - Республикалық Қазақ радиосының редакторы. 1975-90 жылдары - Целиноград (қазіргі Ақмола) облыстық «Коммунизм нұры» газетінің бөлім меңгерушісі. 1990-95 жылдары - облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы, облыстық «Қараөткел» газетінің бас редакторы. 1995-97 жылдары - Ақмола облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары. 1997-2002 жылдары - Қазақстан телерадиокорпорациясы Астана студиясының бас директоры. 2002-2007 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры. 2007-2011 жылдары - ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылдан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. «Астананың 10 жылдығы» (2007 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.) медальдарымен марапатталған.

 

Көп оқылғандар