Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Алмас Ахметбекұлы

Алмас Ахметбекұлы

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Алмас Ахметбекұлы – 1961 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1982  Іле педагогикалық институтының Филология факультетін тәмамдаған. 1982-1992 жылдар аралығында Шәуешек қаласында шығарылатын «Тарбағатай» әдеби журналының редакторы болып қызмет атқарып, 1993 жылы тарихи Отанына оралды. 1993-1995 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші, 1996-2006 жылдары әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетінде аға-оқытушы болып қызмет атқарған. 1997 жылы ҚР Парламент Мәжілісінде баспасөз қызметкері болып жұмыс істеген. Алмас Ахметбекұлы өткен ғасырдың 80-жылдарында поэзияға әлеміне араласқан, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар дара әрі талантты ақын. Ойлы образға, шынайы сезімге толы сыршыл өлеңдерінің арқасында оның есімі сол 80-жылдардың өзінде-ақ Шыңжаң қазақтарына кеңінен танымал болды. Алмас өлеңдерінің мен білетін бір ерекшелігі – қарапайым халық тілі арқылы әсері мол көркем оймен қиысатыны. Демек оның жасампаздығында тіл, образ, бояу, идея – осы төртеуі шебер үйлесім тауып отырады. Бұл ретте оның ертеректе жазған «Туған жерім – балалығым», «Сәуірдің бұлты», «Аптап» т.б. өлеңдерін атауға болады. Оның «Бозінген» атты өлеңі тұнып тұрған дала сазы деуге лайық.
 

Көп оқылғандар