Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Қонаров Жасур Сұлтанұлы


Қонаров Жасур Сұлтанұлы Шымкент қаласы, Созақ ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келдім. Бүгінгі таңда Түркістан жоғары аграрлыұ колледжінің Ветеринария мамандығы бойынша білім алушымын.

Туған елім – Созақта жатқан ауыл...

Ақыным десе, сырыңды ақтара біл,

Туған елім - Созақта жатқан ауыл.

Егістікте өсіріп қауын - қарбыз,

Боз далада малдарын баққан ауыл.

 

Жаз келсе, жаумай жауын су құриды,

Соны ойлап бастары қатқан ауыл.

Жел тұрса, жарық өшіп әбігер боп,

Жарты жыл маймен шамын жаққан ауыл.

 

Тас жолды салынар деп күте- күте,

Балшыққа белшесінен батқан ауыл.

Ауданнан аралайды аурухана,

Білікті дәрігерсіз жатқан ауыл.

 

Ауа- райы құбылып сағат сайын,

Табиғаттың зардабын тартқан ауыл.

Қасқырдай ұрылар кеп түн ішінде,

Қорасынан малдарын қаққан ауыл.

 

Осының бәрін бастан кешірсе де,

Үн бермей, ауыздарын жапқан ауыл.

Қасиетті өлкеде жайғасса да,

Қасіретті өткізіп жатқан ауыл.

Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар