Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Қазақ Ауылы - өзінше бір ӘЛЕМ

БЛОГТАР

14 қараша 2017
4596
0

Қазақ Ауылы - өзінше бір ӘЛЕМ

    Қазақ тарихының басым бөлігі көшпенді өмір салты талап еткен мал шаруашылығы ел үшін орасан зор рөл атқарып келді. Жалпы халық ауыз мәдениетінің үлкен бөлігі, әндері мен мақал-мәтелдері, әдеби шығармалары – ауыл өмірінің тыныс-тіршілігі мен адам өмірінде алатын үлкен рөлі жайлы баян етеді. Мәселен, тіпті XIX-шы ғасырдың соңы мен XX-шы ғасырдың басындағы өмірді суреттеген Мұхтар Әуезовтың «Қилы кезең» немесе «Абай жолы» еңбектерінен қазақ халқының күнделікті тыныс-тіршілігі үшін аграрлық сектордың, әсіресе қой және жылқы шаруашылығының қаншалықты маңызды екендігін айқын аңғаруымызға болады. Аграрлық өмір салтының үстемдігі тек жиырмасыншы ғасырдың ортасына қарай өндірістік техникалық жаңғыру мен ұлттық қалалық мәдениеттің қалыптасуымен азайған болып көрінді. Алайда әлі де болса тың игеру, мақта бидай өндіру және колхоз шаруашылығы мемлекет экономикасының ең негізгі салалары болып қала берді.

     Бүгін де ауылдың әлауқатының дамуына тәуелсіз мемлекеттің саясаты жағымды ықпал етуде, себебі біздің XXI-ші ғасырға тән жаңа индустриалды қалалық өркениетінің келуі ауылдардың қарқынды дамуына кері әсер етпеуі керек. Керісінше, жас буынды аграрлық секторға тартуға бағытталған «дипломмен ауылға» бағдарламасын кеңінен жүзеге асырып, ұсақ және орташа фермерлік кәсіпорындарды дамыту үрдісіне үкіметтің қатысуы өте орынды. Соның арқасында жыл сайын жаңа мектеп пен ауруханаларды салу, электр жүйесі және ауыз суымен қамтамасыз ету ісі өз жемістерін беруде. Оның үстіне, әлі де болса қазақ ұлтының мәдениетінде ауыл ұғымы орасан зор орын алатындығын да ескеріп өткеніміз жөн болар. Тек мемлекеттің қатысуымен ғана емес, сонымен қатар бизнестің көмекімен жекеменшік шаруашылықтар мен фермерлік қожалықтар жылдан жылға көбейіп келе жатыр.

    Ауыл — қазақ халқының рухани мәдениетінің, төл ұлттық сана сезімінің алтын бесігі екендігі рас. Сондықтан, жастарды ауыл аясына тарту мақсатында тек ауылдың әлеуметтік және экономикалық жағдайын дамытып ғана қоймай, мәдениетке де көңіл бөлу маңызды. Ол үшін тарихи тәжірибеге сүйену керек. Мәселен, осыдан қырық жыл бұрын колхозда (сол кездегі ауылдың құрылу формасы) отарлық коммунисттік сарында болса да әйтеуір үнемі өте белсенді қызмет ететін мәдени клубтар, кішігірім мұражайлар, тіпті оқта текте болса да келіп кететін киномеханиктар қоғамдық «институциясы» да бар болатын. Алайда КСРО ыдыраған сәтте 90-жылдардың дағдарысы басталғандықтан ауыл жағдайы күрт нашарлағаны рас. Оны біз, мәселен, «Ақсуат» (реж.Серік Апрымов) және тағы басқа іспеттес фильмерден көруімізге болады. Ол қиын заман, Аллаға шүкір, артта қалды, нарықтық экономикаға сәйкес жекеменшік фермерлік шаруашылықтардың көмегінің арқасында ауылдың жағдайы жақсарғанымен, мәдени ахуалға да көңіл бөлгеніміз дұрыс болар. Ол үшін нашар ауылдарды сақтау мақсатында жолдары бар, электр жүйесі мен интернет, су құбыры және жылуы қамтамасыз етілген кентті орындарға айналдырып ғана қоймай, қайталанбас төл ауыл мәдениетін сақтау үшін этномәдени орталықтар, халықтың дәстүрлі өнерін көрсететін мұражайлар және жастардың шығармашылық клубтарын ашу керек деп есептеймін.


Теги: ауыл
Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha